Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЭКОНОМИКА ДАМУЫ ҚАЛЫПТЫ

12.03.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің орындалу барысы тыңдалды. Білім беру жүйесін жетілдіру мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыру мәселесі де осы жиында қаралды.


ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономика мен банк саласының жай-күйін, республикалық бюджеттің орындалуын, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту жайын баяндады. Өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлама жасады. ҚР Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешендегі жағдайды мәлім етті. 

Белгілі болғандай, қаңтар-ақпан айларындағы экономиканың өсуі оң нәтиже көрсеткен. Өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс, соның ішінде тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстарының қарқыны көңіл қуантады. Ауылшаруашылығы саласында да алға жылжу бар. Қызмет көрсету секторы да біртіндеп қалпына келуде. Ақпарат және байланыс саласының дамуы да жоғары. Азық-түлік түрлерін өндіру, оның ішінде киім және тері өндірісі, химия өнеркәсібі, түсті металдар өндірісін қоса алғанда металлургия өндірісі, машина, соның ішінде автокөлік жасау, сондай-ақ, фармацевтикада тұрақты өсім байқалады. Көмір өндіру жұмыстары да жақсы көрсеткішке ие. Тау-кен өндірісін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 13,3 пайызды құрайды. 

Жақында ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысы өтті. Онда Қазақстан үшін мұнайдың тәуліктік көлемін өндіруді 20 мың баррельге ұлғайтуды көздейтін жекелеген шарттар келісілді. Бұл тау-кен өндірісі секторындағы өсу қарқынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Негізгі көрсеткіштер бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын Алматы және Ақмола облыстары қамтамасыз етті. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында бес, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төрт көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. 

Асқар Ұзақбайұлы: «Инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі жағдайында сапалы инвестициялар тарту бойынша жоғары бәсекелестік байқалады. Отандық және шетелдік инвесторларды белсенді тарта отырып, жекешелендіру жоспарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қажет», – деді. 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін сөз етті. 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы мен білімгерлердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғаяды. 800 жаңа мектеп салынып, 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады. Колледждерде 9-сынып негізінде оқу толық тегін болады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру тәжірибесі жалғасады.Университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде 100 пайыз жаңартылады. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырмақ. Талантты жастардың елден кетуін қысқарту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда. Жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейінгі гранттар саны 50 пайызға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1 мың грант бөлінеді, ал 500 қазақстандық ғалым әлемнің танымал ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады. 

Үкімет басшысы аталған министрлікке жыл соңына дейін мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ваучерлік тетігін апробациялауды аяқтауды және келесі жылдан бастап оның жаппай енгізілуін қамтамасыз етуді, 1 сәуірге дейін әлемдік тәжірибеде қабылданған балабақшалардың жұмыс сапасының көрсеткіштерін («Starting well» рейтингінде) бекітіп, енгізуді тапсырды. Аймақтар әкімдіктеріне жеке балабақшалар желісін дамыту есебінен биыл 32 мың орынға дейін мектепке дейінгі білім беру орындарын ашуды қамтамасыз ету, 200 жаңа мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ, қалалық және ауылдық мектептердегі оқыту жағдайларын теңестіру, оның ішінде ауылдық жерлерде жоғары білікті педагогтарды бекіту бойынша нақты шаралар қабылдау жүктелді. 
ҚР Білім және ғылым министрлігіне, облыс әкімдіктеріне 25 наурызға дейін  5 мың ауыл мектебін жарақтандыру, жөндеу, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен мектеп асханаларын жаңғырту бойынша нақты индикаторлары бар жаңғырту жөніндегі жол картасын енгізу тапсырылды. 

Асқар Ұзақбайұлы биыл колледждерде кадр даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты 20 мың орынға ұлғайтуды, сондай-ақ, 9 және 11- сынып түлектерімен алдын ала кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізуді тапсырды. ҚР Білім және ғылым министрлігіне 20 аса мықты ЖОО-ны іріктеп, 25 наурызға дейін ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңестің қарауы үшін олардың тізбесін Үкіметке енгізу тапсырылды. 

Жиында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Баға мониторингі және әрекет ету шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Сауда және интеграция минис-трі Бақыт Сұлтанов баяндады. Айтуынша, жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,6 пайызға өскен.     

«Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ, маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті. Олар жұмыртқа өндірісінің 8,4 пайызға қысқаруы, жем мен пестицидтердің 25 пайызға қымбаттауы, сондай-ақ, құс тұмауының таралуы салдарынан қымбаттады. Ал күнбағыс майы мен қант бағаларының өсіміне әлемдегі бағалардың өсуі, көрші елдердегі егіс алқаптарының қысқаруы және экспорттық өнімнің қымбаттауы себеп болды», – деді Бақыт Тұрлыханұлы. 

Бағаларды тұрақтандыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп бағаларды тұрақтандыру бойынша жол картасын әзірледі. Құжат 44 нақты шарадан тұрады. Әр шара бойынша нақты орындау мерзімі мен жауапты тұлғалар бекітіледі. Олар наурыз айынан бастап жүзеге асырылады. 

Шаралар 4 бағытқа бөлінеді. Ендігі кезекте жауапты мемлекеттік органдар мен аймақтардың әкімдіктері аталған шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етулері қажет. Асқар Ұзақбайұлы осыған байланысты жұмысқа кірісуді тапсырды.
Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында қаралған мәселелерге қатысты ой қорытып, салаға жауапты лауазымды тұлғаларға тапсырма берді және олардың сапалы орындалуын міндеттеді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

21.07.2026
Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

21.07.2026
Отандық автобус бренді пайда болады

Отандық автобус бренді пайда болады

21.07.2026
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21.07.2026
Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

21.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.