Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛ АҒАСЫН ЕСКЕ АЛДЫ

23 тамыз 2024
КҮЛТӨБЕ
ЕЛ АҒАСЫН ЕСКЕ АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Дінмұхамед Қонаевтың рухани және адамгершілік қасиетіне бас имейтін қазақ жоқ шығар.  Өйткені Димекең ең алдымен еңбеккер, бірлікшіл қазақ халқының перзенті.  Сондықтан төл перзентін төбесіне көтере құрметтейтін жерлестеріміз жыл сайын ұлы тұлғаның қайтыс болған күнін ерекше құрметпен атап өтеді. Осыған орай, «Қонаев» қорының өкілдері мен Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының ақсақалдары Талдықорған қаласындағы Д. Қонаев ескерткішіне жиналып, гүл шоғын қойып, тағзым етті.


Жиындағы әңгіме өзегі Димекеңнің өмірі мен кісілік болмысына бағытталды. Көпшілік заманымыздың кемеңгер ойшылы, ұлты үшін ұлтарақ, халқына қалқан болған, шын мәнінде елім деп еміренген Дінмұхамед Қонаевтың Отанына қаншалықты берілгендігін, азаматтық өресінің биіктігін тілге тиек етті.

Өмір бір орында тұрмайды, уақыттың да өз үні, ағысы,  пәлсапасы, оны жүзеге асырар толқыны бар. Кешегі Қонаевтың тұсында жас болса, бүгінде өмірдің сан толқынынан өткен, өздері өмір сүріп отырған уақыттың қиын мәселелерін шешу жолында еңбектеніп жүрген зиялы қауым өкілдері де ойларымен бөлісіп, отаншыл тұлғаның жаңа қырларын сөз етті.

«Ел ағасы» атанған Дінмұхамед Ахметұлының қазақ еліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның ішінде Талдықорған қаласының көркеюіне де тікелей қолдау танытқаны барша жұртқа мәлім. Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына өркениеттің өрлігін ұғындырып тұратын сол ғимараттардың қызығын көруде. Жиынға қатысқан қала тұрғындары осы жайлы естеліктер айтып, болашақ ұрпаққа өнеге болар лебізін жеткізді. Бүгінде нар тұлғаның есімі аймақтағы мектеп, көше, тағы да басқа нысандарға берілген.

Мұның өзі жетісулықтардың Димекеңе деген құрметінің қаншалықты деңгейде екенін аңғартады. Өйткені Жетісу жері – нар тұлғаның туған жері, өскен елі. Өмірінің дені өрлеу мен өсу, билік пен білгірлік кезеңі осы өлкеде өркен жайды. Қашанда халқына қалтқысыз қызмет еткен адамдар тіршілігінде жасаған ісімен де, айтқан сөзімен де мәңгілік жасай береді. Бүгінгі кездесуден осыны білдік.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.