Талдықорған: +28°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ел мүддесін ту еткендер

23.06.2026
КҮЛТӨБЕ
Ел мүддесін ту еткендер
WhatsAppTelegramFacebook

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық  әкімдікте салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталды.

– Облыс құрылғаннан бері өздеріңізбен бірге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеміз, – деген өңір басшысы соңғы төрт жылда қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

Расында, Жетісу облысы құрылған уақыттан бері өңір экономикасында оң серпін қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 триллион теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Экономикаға 611 миллиард теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемі 10 пайызға артты. Өткен жылы 413 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыстағы инфрақұрылымдық жобалардың да ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 99,9 пайызға жетсе, газдандыру көрсеткіші 67 пайызды құрайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 95 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілген. Әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі 55,8 пайызды құрап, 276 нысан жаңғыртылған.

– Мұндай жетістіктерде сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар, – деді облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерге алғысын білдіріп.

Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың нәтижелері де айтылды. Соңғы жылдары мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және жастарды мемлекеттік қызметке қатыстыруға басымдық беріліп келеді. Соның нәтижесінде 2023 жылдан бері жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған 58 түлек жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған. Өңірлік кадр резервіне алынған 20 жас қызметшінің 11-і бүгінде түрлі деңгейдегі лауазымдарды атқарып жүр.

Облыс басшысы өз сөзінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңға да тоқталды.

– Мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру бағытындағы бұл заң кадрлық саясаттың жаңа стандартын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалу мәселелеріне ерекше назар аударылған, – деді Бейбіт Исабаев.

Шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған жас мамандар ант қабылдап, халыққа адал қызмет етуге серт берді. Сондай-ақ көпжылдық мінсіз еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге ведомстволық марапаттар, «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілері, бірқатар азаматқа облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары табысталды.

Марапатталғандардың қатарында Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жандос Сақаев та бар. Ол биыл маусым айында Алакөл көлінде орын алған төтенше жағдайда суға кетіп бара жатқан Ресей Федерациясының төрт азаматын құтқарып, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен болатын. Осы ерлігі үшін оған облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын облыстық жер қатынастары басқармасынан бастаған Жандос Нұрғазыұлы бүгінде туған жеріндегі ауылдық округ әкімдігінде еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет – халық сенімін ақтауға негізделген жауапты сала.

– Мемлекеттік қызметші ең алдымен өз ісіне адал, төзімді және шыншыл болуы керек. Өйткені әрбір қабылданған шешім мен атқарылған жұмыс тұрғындардың өміріне тікелей әсер етеді. Халықтың сенімін сақтау – біздің басты міндетіміз, – дейді ол.

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс», «Таза Қазақстан» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметшілер өңірдің өркендеуіне қызмет етуді жалғастыруда. Ал мерекелік жиын олардың еңбегіне көрсетілген құрметтің және мемлекеттік қызметтің қоғам үшін маңызын айқындайтын тағылымды басқосудың біріне айналды.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Ел мүддесін ту еткендер

Ел мүддесін ту еткендер

23.06.2026
Чолпон-Атада Мұрат Әуезовтің бюсті ашылды

Чолпон-Атада Мұрат Әуезовтің бюсті ашылды

23.06.2026
ҰКО жеке кабинетіне кіру тәртібі өзгерді

ҰКО жеке кабинетіне кіру тәртібі өзгерді

23.06.2026
Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

23.06.2026
«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары тағайындалды

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары тағайындалды

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.