Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ел сенімін ақтаған

5 қазан 2018
КҮЛТӨБЕ
Ел сенімін ақтаған
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегімен танылған парасатты тұлғалардың бірі – Зағипа Яхянқызы Балиева бүгінде мерейлі 60 жасқа толып отыр.

Елім деген ерен тұлғаның осы жылдар ішінде атқарған жемісті істері жайлы көптеп айтуға болады. Соның біреуіне ғана тоқталар болсақ, 2005-2009 жылдары Әділет министрі лауазымында қызмет істеген кезінде бүгінде көпшілік арасында кеңінен танылған, жең ұшынан жалғасу секілді сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуда үлкен рөл атқарып отырған “Халыққа қызмет көрсету орталықтары” іске қосылды. 
Зағипа Яхянқызы 2016 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Бала құқықтары жөніндегі уәкіл» қызметіне тағайындалды. Өзінің мейірімді болмысына әбден лайықты осынау қызметті  атқарған екі жылдың ішінде ол балалар құқығына қатысты бірқатар проблемалардың оң шешімін табуына ықпал етті.
Бала десе ет жүрегі елжіреп тұратын ол жас жеткіншектерге қатысты қай жұмысқа да барын салып, бел шеше кірісетін. Айталық, осы қызметіне келе сала Астанадағы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға ем жасайтын «Асыл бала» орталығының жұмысын жолға қойып, жедел дамуына ықпал етті. Нақты айтатын болсақ, 2016 жылдың шілде айында ашылған пансионаттан екі жылдың ішінде 300-ге жуық бала мен 653 ата-ана көмек алды.
Балалар омбудсмені Даун синдромына шалдыққан балаларға арналған «Солнечный мир» орталығының ашылуына да белсене атсалысты.
Зағипа Яхянқызының тағы бір жарқын жетістігі – қиын жағдайға тап болған балалар мен олардың жақындарының қоңырау соғуына арналған «111» сенім телефонының ашылуы болды. Осы «жедел желінің» арқасында 100-ден астам балалар суициды оқиғасының алды алынып, өмірде қиын жағдайға тап болған жеткіншектерге қажетті көмек көрсетілгенін атап айтуға болады. Аталмыш жедел нөмірге қоңырау соққан адамдарға қазір де заңдық және психологиялық тұрғыдан көмек шұғыл көрсетіледі. 
Бұл телефонның қоғамға тигізер пайдасы туралы Балиева ханым: «Қазірге дейін 7 мыңнан астам балаға қолдау көрсете алдық. Ең бастысы, «111» «жедел желісі» қаншама баланың өмірін сақтап, олар біздің тарапымыздан моральдық-психологиялық қолдауға ие болды. Біз барлық құқық қорғау органдарының, министрліктердің басын қоса отырып, ортақ меморандумға қол қойдық. Соның арқасында еліміздің болашағы саналатын балалар қауымына үлкен көмек көрсетіліп жатыр», – деген еді.
Болашақта «111» сенім телефоны АҚШ-тағы әйгілі «911» шұғыл қызмет телефоны секілді қызмет ету дәрежесіне жетеді, сондай деңгейде танымал болады деген болжам бар. Себебі, бұл сенім телефоны балаларға арналғанымен қиын жағдайға түскен ересектер телефон шалған жағдайда оларға да тиісті көмек көрсетіледі. 
«Сенім телефонының» тағы бір ерекшелігі – ол халықаралық «Child help» сенім телефоны желісіне қосылған, нәтижесінде әлемнің кез келген нүктесінде жүрген қазақстандық балалар қиын жағдайға түскен уақытында хабарласып, көмек ала алады.
Зағипа Яхянқызы қоғамды ізгілендіру ісінде асқан мәдениеттілік қажет деп санайды және мұны өз үлгісімен көрсетіп те жүр. Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып, алға басуы үшін жанын сала еңбек етті. Сол еңбегі ескеріліп, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталды. Алты баланың анасы ретінде «Күміс алқаны» иеленді. 
– Міне, бүгін мен де алпыстың асқар шыңына шығып отырмын. Соңыма бұрылып, өмірімнің белестеріне бір сәт көз тастар болсам, қызығы мен қиындығы бір басқа жеткілікті болыпты: мемлекеттік қызметтегі ел мүддесі көзделген биік мұраттар жолындағы жауапкершілік сезімі мен өзіңе жүктелер сенімнің салмағын да, адалдық пен әділетсіздік таразыға түсер сын сәттерді де бастан өткізіп, отбасы, бала тәрбиесін дәйім назарда ұстадым, туған-туыс пен дос-жаран алдындағы биік парызды да әйелге тән нәзік болмысыммен өз дәрежесінде өтей алған сияқтымын. Мұның бәрі тағы да сол еңселі елімнің, қажырлы халқымның, ата-анам мен өмірлік жұбайымның, аналық мейірімімді тасытқан алты бірдей құлынымның сенімі мен сүйіспеншілігінің, қолдауы мен сүйемелдеуінің арқасы деп білемін, – деп тебіренеді ол бүгінде.
Адамдарға қашанда көмекке келуге әзір тұратын, көпшілікті толғандыратын қай мәселені де байыппен шешуге күш салатын, бүгінде алпыстың асқарына шығып отырған Зағипа ханымды мерейтойымен біз де шын жүректен құттықтаймыз!

Адамдарға қашанда көмекке келуге әзір тұратын, көпшілікті толғандыратын қай мәселені де байыппен шешуге күш салатын, бүгінде алпыстың асқарына шығып отырған Зағипа ханымды мерейтойымен біз де шын жүректен құттықтаймыз!

Б. Әлғожа

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.