Талдықорған: +32°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛСЕ

29.06.2024
КҮЛТӨБЕ
ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛСЕ

Еліне адал  еңбек  еткен азаматын халқы ешқашанда  ұмытпайды. Ағайынның  алғысына  бөленген абзал  жанның ел  көңіліндегі  еңсесі  қашанда  биік, есімі  ардақты. Өмірден  озса  да  ондай  тұлғаларын ауылдастары  ардақтап , еске  алып  отырады. Өткен  ғасырдың  отызыншы  жылы жазиралы  Жаркент  өңірінің  Әулиеағаш  ауылында  дүниеге  келіп, Талдықорған, Алматы  облыстарында, республика  деңгейінде медицина  саласында мақтаулы  істер  атқарып  кеткен хирург-дәрігер, медицина  ғылымдарының  кандидаты, профессор, Ғылым  академиясының  құрметті  мүшесі  Әлімбатыр  Исабеков жайлы  айтқанда толғанысты  талғаусыз  сөз  бастау мүмкін  емес.


Ауылдағы  қарапайым  малшының  баласы бүлдіршін  кезінен  білімге  құштар  болып  өсіпті. Ол 1947 жылы сол  кездегі  Октябрь  ауданының  орталығы  болған Көктал  кентіндегі, қазіргі Абай  атындағы  орта  мектепті үздік  оқушылар  қатарында  тамамдаған. Әлімбатыр Исабекұлы 1948-1954 жылдар аралығында  Алматыдағы  медицина институтында  білім  алып, оны үздік студенттер  қатарында тамамдағаннан  кейін сол  кездегі  Алматы  облысының Қапал  ауданына жолдамамен жұмысқа  жіберіледі. Бір  жылдан  кейін өңірдің бас  дәрігері  болып  тағайындалды. Қапалда  бес  жыл  абыройлы  еңбек  еткен  бас  дәрігер-хирург өңірдегі  денсаулық  сақтау  қызметін аймақтағы  алдыңғы  қатарлы мекеме  дәрежесіне  жеткізді. Білікті  дәрігерге  Талдықорған  облысы  құрылған  сәттен жаңадан  ұйымдастырылған облыстық онкология диспансерін  басқару  жүктелді.  

Қолға  алған  ісін  тиянақты  атқарып, ізденімпаздықпен  қарекет  жасайтын Әлімбатыр  Исабекұлы аймақтық  онкология диспансерінің  ауқымын жылма-жыл  кеңітіп, бір  мезетте  200 сырқаттың  стационарлық  ем  қабылдауына  мүмкіндік  туғызды. Емдеу  орнына  білікті  мамандарды  тартып, хирургия, гинекология, терапия, урология, радиохирургия бөлімдерін  ұйымдастырды. Өзі  де  қызметін  тәжірибемен  ұштастырып, 2500-ге  жуық сырқатқа  ота  жасап, нәтижелі ісімен  ауру  адамдардың  алғысын  арқалады.

Талдықорғанда  еңбек  ете  жүріп 1959 жылы Мәскеудегі КСРО Денсаулық  сақтау  министрлігі  жанындағы медицина  қызметін  ұйымдастырушылар курсында  оқып, медицина  ғылымдарының кандидаты  ғылыми  атағын  қорғайды. 1963 жылы  Денсаулық  сақтау  министрлігінде емдеу  басқармасын  басқарып, алқа  мүшесі  болды. Одан  кейін он  жылға  жуық  уақыт Алматы  облыстық денсаулық  сақтау  бөлімін  басқарды. Ол  қандай  қызметке  барса  да  өзінің шебер  ұйымдастырушы, білікті  маман  екенін танытты.

Бойындағы еңбекқорлық, қарауындағы  мамандарға, дос-жаран  мен  ауылдас  ағайынға  деген  қамқорлығы оның жеке  тұлғасын  биіктетті. Жарты  ғасырға  жуық халықтың  денсаулығын  сақтау  саласындағы еселі  еңбегі, ізденімпаздығы  абыройға  бөледі. Медицина  ғылымдарының  кандидаты, профессор Әлімбатыр  Исабеков  Алматы  облысының  Құрметті  азаматы, 1994 жылдан Қазақстанның  Құрметті  азаматы  атақтарына  ие  болды. Ғылым  академиясының  құрметті  мүшесі  еді. КСРО  Қорғаныс  министрлігі  мен Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек  үздігі»  төсбелгісімен  екі  мәрте  марапатталды. Басқа  да  көптеген  медальдарын санамағанда, заманының  аса  жоғары  наградалары  саналған мерейтойлық медальдарды, екі  мәрте Еңбек Қызыл Ту және Октябрь  революциясы  ордендерін  кеудесіне  тақты.

Ол  берекесі  мен  бірлігі ұйыған бақытты отбасының отағасы еді. Өмірлік  жары Сағадат Қожағұлқызы Алматыдағы  малдәрігерлік  институтында физика-математика  пәндерінен  ұзақ  жылдар  студенттерге  сабақ  берген  ғалым-ұстаз болды. Олар  отбасында  үш  қыз, бір  ұл  өсіріп, бәрін  де  жоғары  білімді, адамгершілік  қасиеттері  үстем  азаматтар  етіп  тәрбиелеп,  қатарға  қосты. Әлімбатыр  Исабекұлы 2017 жылы 87 жасқа  қараған  шағында  өмірден  озды. Ауылдастары  ардақты  азаматты  жиі  еске  алып, оның  есімін  туған  жерінде көше  атымен  мәңгілеуді  көптен  бері  құзырлы  орындарға  айтып, жазып  келеді. Жақында  Көктал, Үшарал  ауылдық  округтерінен  бір  топ  еңбек  ардагері бізге  жолығып, білікті  дәрігер  болған  білімді  ғалым, аймақтың  медицина  саласының  ардагері Әлімбатыр Исабекұлының  есімін Жаркент  өңіріндегі  Әулиеағаш  ауылындағы бір  көшеге  беру  жөніндегі  бастамаларын қалың  қауым, аймақ  жұртына  жеткізуімізді  өтінді. Орынды  тілекті  ел-жұртқа жария  ету парыз. Ауылдастар  тілегін ел  басқарған  азаматтар  ескерер  деген  үміттеміз.

 Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов  ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.