Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Емхананы өзіңіз таңдаңыз

1 қазан 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникация қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыс бойынша филиалы басшылығымен брифинг өткізілді. Мұнда емханаға тіркелу жайы сөз болды.  Медициналық мекемелерге тіркелу қыркүйектің 15-де басталған еді.  Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі науқан 15 қарашада аяқталады.

– Науқанның мақсаты –  ем-дом алып  жүрген емханаға көңілі толмайтындардың  басқа мекемеге  ауысуына мүмкіндік туғызу.  Сондай-ақ,   жаңадан  ашылған  медициналық  ұйымдардың алдағы жылы халыққа қызмет көрсетуіне  жағдай жасау, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» облыс бойынша филиал директоры Сәбит Құралбек. Былтырғы тіркеу науқанында  300 мыңнан астам қазақстандық  басқа емхананы таңдаған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Әрі тіркеу компаниясына деген қызығушылықтың артқанын байқатады.  Азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығының  барын  біле бастағанын білдіреді. Отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмекті іске асыру үшін емхананың үйге жақын маңда болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жедел жәрдем жүйесінде жасалған соңғы реформаларды ескерсек,  мұның маңызы арта түседі. Себебі, бұдан былай  4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді.  Дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шектеледі.    Жалпы  бір тәжірибе дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бізде бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсететін. «Бұл – жаңа учаскелердің ашылуына түрткі болады деп үміттенеміз.  Медицина бизнесімен шұғылданушылар да жұмыс істеуге құлшыныс танытуы тиіс. Былтырдың  өзінде әлеуметтік қормен келісімшарт жасасқан тасы-      малдаушылар  саны едәуір артты, – деді  Сәбит Райымбекұлы. 
Қазіргі таңда республикалық қордың  1365 тасымалдаушысы  бар. Оның 623-і жекеменшік.  Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал, 2019 жылы тасымалдаушылар саны  10 пайызға артады деген болжам бар.  Биыл   «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  облыстық филиалы 78 медициналық мекемемен келісімшарт жасасты. Оның  49-ы мемлекеттік, 29-ы жекеменшік. Бұл көрсеткіш жекеменшік тасымалдаушылардың 2017 жылмен салыстырғанда 4 пайызға өскендігін көрсетеді.  
Азаматтар өзі таңдаған медицина ұйымына  үш түрлі әдіспен  тіркеле алады.  Біріншісі, өзі барып, екіншісі, «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн режимінде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы. Яғни тіркелуші өзіне тиімді тәсілді таңдайды».
Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал egov.kz порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтыру керек. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін «Connection Points» бөлімінің қызметін пайдалануға болады.
Халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөліміне орналастырылған. Биылғы тіркеу науқанына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысты. Бүгінде облысымызда әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 33 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 8-і жекеменшік. Тағы үш мекеменің осы әдіс бойынша жұмысты бастауға мүмкіншілігі бар.   Жыл басынан бері 1974535 адам тіркелді.  Оның 1893057-і  мемлекеттік, 81478-і  жекеменшік мекемелерге тіркелген.
Жанат Қасымбекова,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының маманы
 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.