Талдықорған: +2°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ерліктері ел есінде

11 желтоқсан 2017
КҮЛТӨБЕ
Ерліктері ел есінде
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық, баба мұрасы, ата аманаты. Оған қол жеткізу оңай емес, сақтап қалу одан да қиын. Берекесі берік, ынтымағы мығым халық қана еркіндік туын жықпайды. Оған қол жеткізу үшін қазақ топырағында талай көтеріліс пен дүмпулер өтті. Соңғы әрі шешушісі – Желтоқсан оқиғасы. Сол мезетте алаңнан табылып, ұлт үшін басын бәйгеге тіккен перзенттерді Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қабылдап, марапаттады.

Отыз бір жыл бұрын жүздері жалын атқан қайратты да қайсар ұл-қыздар Желтоқсанның ызғырық желіне қарсы тұрды. Жалаңаяқпен қар кешіп, мұз басып қаһармандық танытты. Олардың әрқайсысының тәуелсіздікке қосқан үлесі өлшеусіз. Сондықтан да оларға қандай марапат, қандай құрмет болмасын лайықты. Ерліктерін ұрпақ санасына сіңіріп, Отан атты ұғымның қаншалықты құнды екендігін ұғындыру бізге борыш. Бүгінде Талдықорған қалсында Желтоқсан оқиғасында алаңнан табылған 27 жан тұрады. Талдықорған қаласының әкімдігінде өткен жиынға 25-і қатысып, мереке қарсаңында марапатталды. Жүрекжарды лебізін білдірген Бағдат Қарасаев:
– Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздегі ең үлкен мерекелердің бірі. Бейбіт күнде өмір кешіп жүргеніміз соның арқасы. Ал сол тәуелсіздікке қол жеткізу жолында тер төккен сіздерге алғыс айтамыз. Сіздер сияқты азаматтар ел боламыз, тілімізді, ділімізді сақтаймыз деп алаңнан табылды. Қаншамасы қайтыс болды, түрмеге қамалды, оқудан шығып қалды, болашағына нұқсан келді. Сол ерлікті ұрпаққа үлгі қылып айтамыз. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, отбасыларыңыздан береке кетпесін, – деді. 
Бағдат Әбілмәжінұлы облыс орталығы ретінде қарыштап дамып келе жатқан Талдықорған қаласының  әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына тоқталды. Жаңадан ашылып жатқан нысандарды тілге тиек етіп, жастарға жасалып жатқан жағдайды жеткізді. Және де болашақта атқарылар жұмыстармен таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Әрмен қарай сөз алған «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісхан: 
– Біз тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеміз. Еліміздің мәңгі болуы үшін аянбай еңбек етеміз. «Мемлекет бізге не береді емес, біз мемлекетке не береміз?» деп күн кешудеміз. Қазіргі кезде көптеген белестерді бағындырдық. Әлем танитын елге айналдық. Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен халықтың жағдайы жақсарып келеді, – деп кездесуге шақырып, құрмет көрсетіп жатқан басшыларға алғыс айтты. 
Жиын барысында «Мүгедек балалар» ҚБ-нің төрайымы Ғания Чукаева және республикалық «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ-нің мүшесі Ләззат Жапашева ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға Алғыс хат табысталып, ақшалай сый-сияпат жасалды. Кездесу соңында барлығы естелік суретке түсіп, тебіреністі көңіл-күймен тарқасты.

Мәулен Әнербай.

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.