Талдықорған: +30°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданында 3 жылда 20 әлеуметтік нысан салынып, 45 көше жөнделді

15.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Ескелді ауданында 3 жылда 20 әлеуметтік нысан салынып, 45 көше жөнделді

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Ескелді ауданында соңғы 3 жылда ауылдардағы 45 көшеге, 42 шақырым облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 17 ауылда көше шамдары орнатылды. Оған қоса 20 әлеуметтік нысан салынып, 7 нысан жөндеуден өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ескелді ауданының халқымен кездесуі барысында аудан инфрақұрылымын дамытудың жай-күйіне тоқталған өңір басшысы Бейбіт Исабаев халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тұрғындардың өмір сүру сапасын айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті. Бүгінгі күні ауданда 33 елді мекеннің 32-сі орталықтандырылған сумен қамтылған, тек 20 адам тұратын Алмалы ауылы ғана орталық су жүйесіне қосылмаған. Ауыз су сапасын жақсарту мақсатында өткен жылы Алдабергенов және Ақешкі ауылдарында сумен жабдықтау желілері жаңғыртылды. Аудан әкіміне Сырымбет пен Ақтұма ауылдарында ұзаққа созылған су жүйесі құрылысын осы айдың соңына дейін аяқтау тапсырылды. Сонымен қатар осындай жұмыстар келесі жылы Жалғызағаш, Жаңалық ауылдарында аяқталады. Ал Ақтасты ауылының ауыз су жүйесін жөндеудің құжаттары дайын.

Тағы бір маңызды мәселе – газбен қамту. Аудандағы 33 елді мекеннің 21-і өңірлік газдандыру схемасына сәйкес газдандыруға жатады. Бүгінгі күні 16 ауыл табиғи газға қосылған, олар — Қарабұлақ, Алдабергенов, Өрқұсақ, Екпінді, Сырымбет, М.Байысов, Бақтыбай, Елтай, Жаңалық, Өтенай, Жетісу, Ешкіөлмес, Шымыр, Абай, Жастар, Қаратал ауылдары. Бүгінде Көкжазық, Теректі, Ақтасты ауылдарына газ тарату желілерінің құрылысы және Бақтыбай ауылында газбен қамтылмай қалған 166 үйге құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін газға қосылады. Сонымен қатар Қайнарлы және Жалғызағаш ауылдарында да газ тарту жұмыстары басталды, құрылысы келесі жылы аяқталады.

– Аудан тұрғындарының өтініші бойынша газдандыру схемасына енбеген Теңлік, Биғаш, Жеңдік ауылдарын газдандырудың жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Соның нәтижесінде келесі жылдың соңына дейін 24 елді мекен толықтай көгілдір отынға қол жеткізеді, яғни 47,3 мың адамға немесе тұрғындардың 93%-ына газға қосылуға мүмкіндік жасалады. Сонымен бірге жарты жыл бұрын маған Бақтыбай ауылының тұрғындары жеке серіктестік газға қосу үшін ауылдың 44 тұрғынынан 16 млн. теңгеге жуық қаражат жинап, алдап кеткені туралы шағымданған болатын. Менің тікелей араласуымнан кейін ғана сотқа арыз берілді. Қазіргі уақытта сот шешімі шығып, серіктестік қарызды қайтаруға міндеттелді, – деді Б. Исабаев.

Жол мәселесіне келсек, тұрғындардың өтініші бойынша Көкжазық ауылына апаратын жолдың бойындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін жұмыстар аяқталады. Бұдан бөлек «Көксу-Қайнарлы» автожолының 21 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 8 елді мекеннің — Қарабұлақ, Сырымбет, Бақтыбай, Алдабергенов, Төлеңгіт, Қайнарлы, Қоңыр, Ақын Сара ауылдарында жалпы ұзындығы 13,7 шақырым болатын 14 көшеге орташа жөндеу жасалуда. Қараша айына дейін 9 көшенің жұмыстары аяқталады, қалған 5-еуі келесі жылға өтпелі.

Сонымен бірге соңғы 3 жылда Ескелді ауданында 20 әлеуметтік нысан салынды, оның 12-сі денсаулық сақтау, 4-еуі мәдениет және 4-еуі спорт саласына тиесілі. Сондай-ақ 7 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.