Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ГАГАРИН МЕКТЕБІНІҢ АТЫН ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖҰМАДІЛ БАТЫРҒА БЕРСЕ…

24.11.2022
КҮЛТӨБЕ
ГАГАРИН МЕКТЕБІНІҢ АТЫН ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖҰМАДІЛ БАТЫРҒА БЕРСЕ...
WhatsAppTelegramFacebook

Ұрпағымыз рухты болсын десек, өз батырларымызды үлгі етуге тиіспіз. Қазақтың озық ойлы, мақсатшыл, жүректі азаматтарының  ғибратты ғұмырын жастарға әрқашан үлгі етіліп отыруымыз керек.

Бұл жөнінде ақсулық ақын Ілияс Жансүгіров  «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп жырлаған. Сол жыр Құлагері Ілияс жарық дүние есігін ашқан  құнарлы топырақтан қазақтың талай саңлағы шыққан.  Соның бірі – Жұмаділ  Әубәкіров.  Ол Ақсу ауданынына қарасты  Арасан ауылының тумасы. Отан қорғаудағы ерлігі үшін кеудесіне «Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз»  ордендерін  жарқырата таққан.  Өз заманында, әскери оқу оқып, № 100 атқыштар бригадасының әскери комиссары атанып, капитан шенін иеленген. Ол кезде мұндай дәрежеге жеткендер саусақпен санарлық еді.  Жұмаділ  Әубәкіров 32 жасында Великие Луки түбінде ерлікпен қаза тапқан.  Әттеген-ай дейсің. Одан да ұзақ өмір сүргенде  қазақтың қандай болатынын әлі де дәлелдер еді.  Бірақ, өмір жолы оның нағыз көрсетеді. 
Қазақстан жауынгерлерінің басын қосқан 100-атқыштар бригадасы Алматы қаласында құрылған. Сол жерде Мәншүк Мәметова, Әзілхан Нұршайықов сынды  батырларымыз Жұмаділ Әубәкіровтің тәлім-тәрбиесін алған. Мергендік пен отансүйгіштік қасиетті бойына сіңірген.  Әскери тәртіпті сол кісіден үйренген.   1940 жылы 16 қарашада: «…В том что ему поручается  и оказать помощь в работе местным комитетом ГПК  г. Туркестан, Кызыл-Орда, Аральское море» деген куәлік берілген. Яғни, жерлесіміз мемлекет ісіне араласқан. Маңызды шараларды шешуге құқылы лауазымды тұлға болған.  Жұмаділ Әубәкіров Алматы  қаласының бюджетін бекіту жайындағы 1940-1941 жылғы комиссияның құрамына кірген. Яғни, халық қалаулысы мандатын иеленген.
1942 жылы 7 шілдеде  әскери комиссариаттың  оқытушылары мен түлектері соғысқа алынады. Сол кезде әрқайсысын әр батальонға бөлінеді. Мәншүк Мәметованы 3-атқыштар батальонына,  саяси жетекші  Жұмаділ Әубәкіровті 100-дербес атқыштар бригадасының 4-атқыштар батальонына жібереді.  Жүректі жігіт жеті эшалонды басқарып, соғысқа аттанған.  Сол жылдары Молодой Туд шайқасында ерекше ерлік көрсеткені үшін капитан Жұмаділ Әубәкіров жауынгерлік «Қызыл Ту» орденімен марапатталады. Әзілхан Нұршайықов  командирінің болмыс-бітімі, алғырлығы, әскер  ойынын  жақсы үйреткені жайлы естелік кітаптарда жазды. Айтып қана  қоймай,  Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетовке Ақсу ауданына қарасты Суықсай ауылындағы  орта мектепті Жұмаділ Әубәкіровтің есімімен атау  жайлы: «Дүние жүзіндегі көптеген мектеп пен қала, алаңдар Гагарин есімімен аталатынын ескерсек, бұл  білім шаңырағының атын осы жердің тумасы, соғыс ардагері,  батальон командирі, атқыштар бригадасының әскери комиссары болған, жастайынан ер мінезімен танылып, «Қызыл Жұлдыз» орденінің  иегері атанған азаматқа берілсе», – деген мәтінде хат та жазған.  Бірақ хат жауапсыз қалып, аталмыш орта мектеп әлі күнге дейін «Юрий Гагарин» деп аталады.  
Білім шаңырағын қазақтың біртуар азаматы,  Әзілхан Нұршайықов пен  Мәншүк Мәметованы  әскер өміріне үйреткен Жұмаділ Әубәкіровтің атымен атаса, жерлестеріміз бөркін аспанға атып қуанатыны сөзсіз.  Бұл кісі жайлы Әзілхан Нұршайықов өзінің «Боздақтар» деген кітабында жан-жақты жазады. Жас ұрпақ та сол кісінің ерлік ісін оқып-біліп,  бойға сіңірер еді. Айтар ойымның тобықтай түйіні, ауыл азаматтарының атынан Суықсайдағы орта мектептің атын өзіміздің жерлесіміз, ерлігі көпке үлгі  Жұмаділ Әубәкіровтің атымен атаса деген ұсынысым бар.  Ілияс ақын айтқандай өз ерлерімізді ардақтап, есімін асқақтатайық, ағайын!

Нұршайым  РАХАТАЕВА,  
Жұмаділ Әубәкіровтің  келіні

 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.