Талдықорған: +36°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ГАЗ БАЛОНЫНЫҢ ҚАУІПІ ҚАНДАЙ?

15.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ГАЗ БАЛОНЫНЫҢ ҚАУІПІ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Аймағымызды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін бірнеше жылдан бері тыңғылықты жұмыс атқарылып келеді. Қазірдің өзінде облыс,   аудан орталығы мен қалалар, бірқатар елді мекен тұрғындары табиғи газға қосылып, игілігін көре бастады. Бірақ, тасымалды газ баллонын  пайдаланатын халық әлі жетіп артылады. Ал оның қаупі қандай?


Кез келген елсіз жерлерде алып жүріп пайдалану ыңғайлы болғандықтан ба, газ баллондар елімізде орасан зор сұранысқа ие. Тіпті, көгілдір отынға қосылғандардың өзі тасымалды газ баллон алады. Бүгінде автокөліктер газға ауысып, сұйытылған газ құю бекеттері ашылғалы жұртшылық бұрынғыдай қабылдау-тарату пунктіне жүгірмей-ақ  кез келген жерден қажетінше газ құйып алады. Сөйтіп, бір баллонды қаншама жылдар бойы пайдаланып жүре береді. Ал негізінде, баллонды уақытымен тиісті орындарға тапсырып отыру керек. Олар орнына тексерілген, қауіпсіз, тегін баллон береді. Бірақ қазір оны қадағалап жатқан ешкім жоқ. Ал оның соңы әйтеуір бір күні жазатайым оқиғаға алып келмесіне кім кепіл?!

Баллонның жарамды-жарамсызын, пайдалану тәртібін газ құю стансылары тексереді. Тозғаны болса, жарамдысына ауыстырып береді. Жаңа газ баллондарының қызмет мерзімі   5 жыл. Әйтсе де оны әрі кеткенде 3 жыл сайын тексертіп тұру керек. Десе де оған автогаз құю бекетіндегілер де, баллон иелері де мән бермейді. 

Кейбір аудандарда әлі күнге көлікке газ баллонды толтырып алып, үй-үйді аралап тасиды. Бұл да өте қауіпті.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында 4 газ баллонның жарылуы тіркеліпті. Атап айтсақ, Ақсу және Панфилов аудандарында 1, Қаратал ауданында 2 төтенше жағдай орын алған. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 8 адам жарақаттанды. 

Тұрғын үй секторындағы топтық өлім мен жарақат фактілері ерекше алаңдаушылық тудыруда. Биыл 20 қаңтарда сағат 13.36-да Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, жеке тұрғын үйде көлемі 5 л. газ баллонының жарылысы орын алды. Кейіннен 100 шаршы метр аумағында үйдің шатыры жанған. Төтенше жағдайдан 1 адам көз жұмды. Медициналық мекемеге 3 адам, оның ішінде 1  бала жатқызылды. Жарылыстың болжамды себе-      бі – қатты отынмен жылытылатын пештің жанында 5 литрлік газ баллонының тұруы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және жылыту пештерінің жанына газ баллондары мен басқа да жылдам қыздыру құралдарын қоймауға шақырады.  

– Жыл басынан бері облыс аумағындағы өртті сөндіру кезінде 31 баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Газ баллоны пайдалану ережелерін сақтамаса адам өміріне өте қауіпті. Сондықтан, жұртшылық баллонды уақытылы ауыстырып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Улы газбен улануды болдырмау үшін баллонды жиі тексеріп, ауыстыру, 3 айда бір рет түтіндіктерді тазалау, пештердегі ақауларды уақытымен жөндеп, жарылған тұстарын майлау қажеттігін ескертеміз, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік  өрт бақылау басқармасының аға инженері азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Еламан Аубакиров. 

Айдар ҚАЛИЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

07.08.2026
Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

07.08.2026
Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

07.08.2026
Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

07.08.2026
Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.