Министрлік заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі затын тәркілеген. Оның ішінде:
-
259 кг синтетикалық есірткі,
-
екі тоннаға жуық марихуана,
-
303 кг гашиш бар.
Сонымен қатар:
-
83 есірткі зертханасы жойылды;
-
6 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді;
-
20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді;
-
11 мыңнан астам заңсыз сайт бұғатталды;
-
1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шоты тоқтатылды.
1783 күдікті ұсталып, оның 669-ы қамауға алынды, – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Сәтті операциялар:
-
Қосшы қаласында 6,5 кг синтетикалық есірткімен Ақмола облысының тұрғыны ұсталды.
-
Тергеу барысында Солтүстік Қазақстан облысынан бірнеше күдікті ұсталып, тағы 1 кг есірткі тәркіленді.
-
Астана қаласында Ақтөбе облысының тұрғыны 2,5 кг синтетикамен қолға түсті.
Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Министрлік бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.
? Ақпарат көзі: Polisia.kz