Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 25 қыркүйектен бастап 80-нен астам сауда желісінде «Bereke Fest» акциясы іске қосылатынын хабарлады. Дүкендерде фермерлерден тікелей жеткізілген тауарлар үшін арнайы сөрелер қойылады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Министрдің айтуынша, акция аясында тауар бағасы нарықтағыдан төмен болады, ал үстеме баға 15%-дан аспайды. Бұл тікелей келісімшарттар мен ауқымды жеткізілім тиімділігінің арқасында мүмкін болады.
«Бұл бизнеске жүктеме емес. Сауда желілері әлеуметтік жауапкершілікті көрсетіп отыр, ал арзандатуға көлем мен логистика арқылы қол жеткізіледі», – деді Шаққалиев үкіметтегі брифингте.





