Талдықорған: +21°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«JETISY» ЖАБЫЛЫП ҚАЛМАСЫН…

30.11.2024
КҮЛТӨБЕ
"JETISY" ЖАБЫЛЫП ҚАЛМАСЫН...
WhatsAppTelegramFacebook

Міне, журналистердің жыл аралап келетін қауырт науқаны – баспасөзге жазылу жұмысы қорытындылануға таяды. Нақтырақ айтатын болсақ, енді бір жиырма шақты күннен соң осынау жауапты жұмыстың да нәтижесі шығады. 


Бұл жерде баспасөзге жазылу, соның ішінде облыстық «Jetіsý» газетіне жазылу бойынша қазіргі көрсеткіш мынадай ғана деп ауызды қу шөппен сүртпей-ақ қоялық, жыл соңында қаншаға жетпек деп болжам жасауға да асықпайық. Бір сөзбен тұжырымдайтын болсақ, көп емес. 

Мәселе газет мазмұнының жұтаңдығына немесе онда өткір сынның аз жазылатындығына келіп тірелмейді. Көзі қарақты оқырман ғасырдан астам бай тарихы бар облыстық газетте Жетісу жеріндегі жарқын жаңалықтармен қатар орын алып жатқан кемшіліктердің де өткір сыналып жүргенін жақсы біледі. Өз кезегінде танымдық бағыттағы қызғылықты жарияланымдар да жиі жарық көріп тұрады. Бұл жағынан алғанда байырғы басылым жылдар бойы қалыптасқан жұмыс ырғағынан жаңылып, басым бағытынан айныған жоқ. Мәселе замананың өзіндік бір ерекшеліктерінде, уақытша өтпелі қиындықтарында болып тұр. Нақтырақ айтатын болсақ, бүгінгі қоғам ғаламторға, ондағы өтірік-шыны аралас дүдәмал ақпараттарға көбірек бой ұрып кетті. Жалған ақпарат таратқандар жазаланып жатпаған соң түймедейді түйедей қылып көрсетіп, арзан атақ жинауға әуестердің, басқа сөзбен айтатын болсақ популистердің қатары да күн санап көбейе түсуде. 

Әрине, қалтасы жұқа замандастарымызды қаңтардағы аяздай қысып бара жатқан қымбатшылықты да есептен шығарып тастауға болмайды. Мұның бәрі көпшілігі ауылдық жерде тұратын, көп ретте асып бара жатқан байлығымен де ерекшелене қоймайтын газет жанашырларының, оған жазылушылардың біртіндеп азаюына әкеліп соқты. 

Сондай жағдай орын алып отырғанда «Қала, аудан, ауыл әкімдері, департаменттер мен басқармалар, ұйымдар басшылары газетке жазылуға көмектеспеді» деп шырылдаған журналистердің жанайқайын түсінуге де болатын шығар деп ойлаймыз. Газет жазылымына оншалықты құлық таныта қоймайтын ондай басшылардың мекемелерінің атына сын айтылған мақала шығып бара жатса шырылдап кететіндерін қайтерсің? Иә, таралым азайған сайын журналистер қауымы қаламының да өткірлене түсетіні өмірдің өз заңдылығы тәрізді ғой…

Редакцияға «Басшымыздың мақаласын беріп едік, жарық көрді ме екен, айтып жібермейсіз бе?», – деп телефон шалатындар көп. Тағы бір замандастарымыз «Маман ретіндегі мақалам сенбіге шығыпты деп естідім, бір нөмірін сатпас па екенсіздер?» дегендей өтініш айтады. Сондай кездері «Jetіsýga» ведомстволық жазылым жасап, тігіндісін әр мекемеге қойып қойсаңыздар «мақаламыз шықты ма, шықпады ма?» деп өздеріңіз де алаңдамас едіңіздер, қайта-қайта телефон шалып бізді де мазаламас едіңіздер ғой» деп еріксіз реніш айтуға тура келеді. 

Ведомстволық жазылым дегеннен шығады, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары аудандар мен қалалардағы өздеріне бағынышты мекемелердің бәріне ведомстволық жазылым жаздырса 13 мың теңгеге жуық қаражатты (қымбат деген ведомстволық басылымға жазылу бағасы осы мөлшерде – Н. Ә.) мақсатсыз жұмсадың деп кім айта қояр еді? Мыңдаған шаруа қожалықтары да бір-бірден жаздырып алса екі жаққа да пайдалы игілікті іс болмас па?

«Жұрттың блогерлерге бет бұрып кеткені өткінші құбылыс, газеттің шынайы сөзіне қызығушылық кезеңі қайта оралады. Мұны дамыған елдердің мысалынан да көріп жүрген жоқпыз ба? Осындай бір қиын кездері газетке жазылуға көмектесіп жібермейсіз бе?» деген өтінішімізге «Ойбай, зорлап жаздырып жатыр деп басымыз бәлеге қалады. Ертең әлеужеліге шығып кетеміз» деп көлеңкесінен қорқып, зәре-құты қалмайтындарға да таңғаламыз. 

Бұл жерде біз шынында да «жұмысшыларыңызды, қызметкерлеріңізді газетімізге мәжбүрлеп жаздырыңыздар, таралым санын сөйтіп көбейтейік» деп отырмағанымызды айта кетейік. Бүгінде ешкімді өйтіп мәжбүрлеуге болмайды. Оның қажеті де жоқ. Әйтсе де әр ұжым басшысының «Ешкімді мәжбүрлемейміз. Дегенмен мүмкіндігіне қарай өзіміздің облыстық (қалалық, аудандық) газетке жазылайық. Өзім бастап жазыламын. Облыс басшылығының, аудан, қала әкімдігінің жұмысын жарқырата көрсетіп отырған осы басылымдар емес пе?» деп бір сөз айтуларына болады ғой. Сондай бір ауыз сөз айтудың өзінен жасқанатын жетекшілер жайында не айтуға болады?

Жалпы баспасөзді мемлекеттік, тәуелсіз басылымдар деп екіге, тағы бірнешеге бөліп жатады емес пе? Әйтсе де мүлдем ешкімге, ештеңеге тәуелсіз басылымдардың өмірде болмайтынын да ескерген жөн. Тәуелсіз деген қандай басылымның да соңында белгілі бір тұлғалар, қаржылық құрылымдар тұрады. Олар да өз басылымдарының кеңінен таралуына, көптеп сатылуына қолдарынан келгенінше жағдай жасайды. Олай болса, Жетісу облысы әкімдігінің аппараты құрылтайшы болып саналатын «Jetіsý» газетінің таралымын арттырудан, оны бір-екі ауыз сөзбен болса да насихаттаудан неге тартынамыз?
«Көрмес түйені де көрмес» дегендей, арамызда жүзеге асып жатқан жақсы істердің ешқайсын елемей, не нәрсені болсын жоққа шығаруға тырысатын адамдар бар. Олардың да таңдап алып оқып шығатын өз баспасөзі, өз әлеужелісі, өз телеарналары барлығы белгілі. Жаңағыдай көзқарастарын қалыптастырған да сондай бағыттағы БАҚ басылымдары екені жасырын емес. Ендеше солай екен деп бұл үрдісті еркіне қоя беруге де болмайды. Өз кезегінде тәуелсіз елімізде жүзеге асып жатқан жақсы істерді де саралап, сараптап, баға беріп отыратын, кемшілігінің де объективті себептерін ашып көрсетіп, батыл сынайтын басылымдардың жұмысын жандандыру қажет. Идеология, соның ішінде ұлттық идеология дегеніміз де осылардан құралады. Көлеңкесінен қорқып, «сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» деп қалтырап отыратындар ондай ортақ іске үлес қоса алмайды.

Баспасөзге жазылу мәселесінен өздерінің іскерлік қырларымен танылып жүрген кәсіпкерлер де қашықтап кеткен тәрізді. Ондай қайырымды азаматтар қымбатшылықтан қиындық көріп жүрген зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жандарды газетке жаздырып жатса негізгі оқырманымыз саналатын қазына кеуде қарттарымыз бен басқа да қаншама жұртшылықтың  алғысына бөленбес пе еді? 

Сонау бір жылдары Күрті ауданы жабылып, Бақанас ауылына көшіп барғанымызда өзінше бөлек ауыл сияқты болып шеткерірек орналасқан 11 үйдің тұрғындары «Jetіsýdyn» тілшісімен көрші болып жатырмыз, газетке жазылмасақ, оған қандай мақала шығып жатқанын біліп отырмасақ ұят болады» деп облыстық газетке түгелдей жазылып еді. Ондай саналы оқырман көп болса, нұр үстіне нұр болмас па?

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстанның Құрметті журналисі
 

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.