Талдықорған: -3°C
$ 526.79
€ 606.34
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Кәсіпкер – цифрлық экономиканың жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше назар аударды.

11.10.2025
КҮЛТӨБЕ
Кәсіпкер – цифрлық экономиканың жүрегі
WhatsAppTelegramFacebook

Президенттің айтуынша, кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қоз- ғаушы күші болуға тиіс. Өйткені, олар инновация мен жаңа идеяларды тудырып, жаңа технологияларды енгізе алады. Стартаптар арқылы экономиканың жаңа салаларын дамытып, цифрлық трансформацияны жеделдетеді. Сондай-ақ, бизнес үдерістерін автоматтандырып, онлайн қызметтер мен цифрлық өнімдерді ұсыну арқылы бүкіл қоғамның цифрлық мәдениетін көтереді. Бұған қоса, мемлекет пен бизнестің әріптестігін нығайтып, цифрландыру саласындағы мемлекеттік бастамаларға қолдау көрсетеді және оларды нақты өмірде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Сөйтіп, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, заманның өктем талабын орындауға үлесін қосады. Цифрлық экономикасы дамыған елдер қашанда әлемдік нарықта басымдыққа ие.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік – экономиканың жүрегі, цифрландыру сол жүрекке күш беретін қан тамыры іспетті. Табысты бизнес жүргізу үшін жаңа технологияларды меңгеру, цифрлық шешімдерді енгізу және ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану аса маңызды.Электронды коммерция, онлайн қызметтер, мобильді қосымшалар, автоматтандырылған басқару жүйелері – мұның бәрі заманауи кәсіпкерліктің ажырамас бөлігіне айналды.

Бүгінде цифрлық технологияларды тиімді қолдана білген кәсіпкерлер өз бизнесін дамтып қана қоймай, ел экономикасына да жаңа серпін береді. Мәселен, отандық IT-стартаптар, қар-жылық жобалар мен агротехникалық бастамалар арқылы еліміз жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыруда. Қазір әлемдік экономиканың даму бағыты түбегейлі өзгерді. Ақпараттық технологиялар мен инновациялар экономикалық өсудің негізгі күші ретінде алдыңғы қатарға шықты. Осы тұрғыда цифрландыру – кез келген мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткішіне айналды. Қарқынды цифрландыру дәуіріне аяқ басқан әлеммен бірге біздің еліміз де цифр- ландыру саясатын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру, электрондық үкіметті дамыту және бизнеске арналған цифрлық экожүйе қалыптастыру бағытында көп жұмыс атқарылуда.

Ал цифрлық кәсіпкерлік тек бизнес үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін тиімді. Біріншіден, цифрлық шешімдер арқылы өндіріс пен қызмет көрсету сапасы артады. Екіншіден, кәсіпкерлердің технологиялық бас- тамалары мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Үшіншіден, жаңа технологиялар арқылы кәсіпкерлік мәдениет жаңарып, халықтың цифрлық сауаттылығы күшейеді. Цифрлық кәсіпкерлік, сондай-ақ, жастар үшін де тың өріс. Заманауи технологияны жетік меңгерген жас буын жаңа идеялар мен өнімдерді ұсыну арқылы елдің инновациялық әлеуетін арттырады.

Жетісулық кәсіпкерлер де аймақтың цифрлық дамуының алдыңғы легінде. Осы тұрғыда цифрлық технологияларды енгізу, инновациялық шешімдерді пайдалану және кәсіпкерлікті жаңа бағытта дамыту – аймақ экономикасын ілгерілетудің басты тетігіне айналып отыр. Өңірдің цифрлық дамуындағы маңызды қадамдарының бірі – «Jetisu Digital IT-Hub» орталығының ашылуы. Бұл хаб жастарға бағдарламалау негіздерін, жобалық менеджментті және стартап құру дағдыларын үйрететін платформаға айналды. Мұнда Pythonірлеу және робототехника бойынша тегін курстар ұйымдастырылып, студенттер мен оқушылар өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруда.

Сондай-ақ, Талдықорғанда жыл сайын өтетін «Jetisu Digital» форумы аймақтың цифрландыру стратегиясын дамытуға тың серпін беріп келеді. Форум аясында отандық және шетелдік IT-компаниялар, кәсіпкерлер мен жастар инновациялық жобаларын ұсынады. Онда жасанды интеллект, үлкен деректерді өңдеу және цифрлық басқару тақырыптары кеңінен талқыланады. Облыстық әкімдік пен жергілікті бизнес қауымдастығы арасындағы әріптестік нәтижесінде бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері толық цифрлық форматқа көшірілді. Бұл бизнес жүргізуді жеңілдетіп, азаматтар үшін ашық әрі жылдам қызмет көрсетуге жол ашты.

Сонымен бірге облыстық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнесті цифрлық бағытқа бейімдеу мақсатында түрлі семинар мен тренингтер өткізіп келеді. Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар, «Бизнес бастау», «Zhas Project» сияқты бағдарламалар арқылы жастардың стартап-жобалары қаржыландырылуда.

P.S. Қорыта айтқанда, жетісулық кәсіпкерлер де цифрлық экономиканың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, аймақтың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олардың бастамалары тек экономикалық өсімге емес, сонымен бірге әлеуметтік және білім беру салаларындағы өзгерістерге де әсер етуде. Цифрландыру – елдің болашағы, ал кәсіпкерлер – сол болашаққа бастайтын көшбасшылар. 

 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

07.11.2025
300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

07.11.2025
Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

07.11.2025
Жетісу университетінде полиция мен кинологтар студенттерге шеберлік көрсетті

Жетісу университетінде полиция мен кинологтар студенттерге шеберлік көрсетті

07.11.2025
Жұлдыз Сүлейменова «Мақсатты мектеп» жобасының тоқтатылғанын хабарлады

Жұлдыз Сүлейменова «Мақсатты мектеп» жобасының тоқтатылғанын хабарлады

07.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.