Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘКЕ АРМАНЫН АҚТАҒАН ҰЛ

24.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ӘКЕ АРМАНЫН АҚТАҒАН ҰЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұрпағының жетістікке жетіп, абыройлы болып, елдің ықыласына кенеліп, халықтың алақанында жүруі – кез келген әкенің асқақ арманы. Бұл межені асырып орындағандар да бар, сол жолда еңбектеніп жатқандар да көп. Өмір жолында ғана емес, спорттық мансабында да әке үмітін ақтау жолында аянбай тер төгіп жүргендердің бірі – Исхар Құрбаев. 


Әкесі әрі бапкері Мұхамет Нұғыманов бала жастан күрес әліппесімен таныстырып, бүгінде айла-тәсілге мықты, тәжірибесі әр сын сайын толысып келе жатқан бозбаланы қатарға қосты. Алып бәсекеде күш сынасқан құлыны қатарластарынан әлдеқайда епті, білекті көрінді. Жақында ғана Иордания астанасы Амманда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 55 келіде күрескен қазақ балуаны қарсылас шақ келтірместен  тұғыр төрінде тұрды. Финалда әзірбайжан Фарид Садихилиді 5:1 есебімен жеңгеннен кейін  қуаныштан кілем үстіне жүгіріп шығып, еліміздің Көк байрағын ұлының үстіне жауып, шаттықтан көзіне жас келген әке бейнесі көрген жанға ерекше сезім сыйлайды. Грек-рим күресінен жастар арасында қазақ балуандары әлем чемпионатында жеңіссіз келе жатқан, 7 жылдан кейін чемпион болған жанның да қуанышында шек жоқ. Осыған дейін Әсет Мәмбетов (2000, 2001), Нұрбақыт Теңізбаев (2003), Артур Үмбетқалиев (2006) және Тамерлан Шадукаев (2016) сынды жастар арасында топжарған санаулы азаматтың қатарына өз есімін жазды. 

Исхар осыған дейін ел аузына жиі ілігіп, әлемдік сында жүлде алып жүрді. Мәселен, кадеттер арасында 2018 жылы әлем чемпионатында қола, Азия біріншілігінде күміс алса, 2019 жылы Азия чемпионатында қола медальға ие болды. Әр белесті ретімен бағындырып келе жатқан балуанның жоспары да көп. Жастар арасында әлем чемпионатының алтынын алып елге оралған сәтте әуежайдан қаумалап күтіп алғандар көп болды. Сол сәтте ел тілегі де, балуанның айтқаны да Олимпиада жөнінде болды. Төртжылдықтың басты додасында топ жару – кез келген спортшының арманы. 

– Жаттығуларымды үзбеймін, әлі де шыңдалу керек, орын алған қателіктермен жұмыс істеу қажет. Алдағы Олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын абыроймен қорғағым келеді. Барша қолдаған жанкүйерлерге, туған-туыс, достарыма алғыс білдіремін. Жаһан жарыстарында ел Туы биік тұрсын, Әнұран әуелей берсін, – дейді чемпион Исхар Құрбаев. Олимпиада уақыты да күн санап жақындап келеді. Парижде өтетін сайысқа бір жылдай уақыт бар. Сол аралықта кейіпкеріміз барын салып  кілемде өзін көрсетпек. Бұл істі әкесі де қолдайды, әр қадамын қуаттай түседі. Грек-рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаевтан кейін Олимпиадада жүлде алған қазақ балуаны жоқ. Жетісулық балуанның даңқты жолын келесі жетісулық қайталасын деп тілейміз. 

Исхар Құрбаевты Алматы әуежайынан да, Талдықорғанның кіреберіс қақпасынан да ерекше ықыласпен күтіп алды. Құттықтаушылар саны көп. Тілек білдірген әр азаматтың ниеті, өзі қолдап келген балуанның Олимпида тұғырында тұруы. Бір меже бағынса, келесі бір биіктің менмұндалап тұратын әдеті. Жастар арасында жарқырап жүрген балуан кілемде кідірместен жеңіске жете берсін.     

Серік ҚАНТАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.