Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КЕДЕНДЕ КЕПТЕЛІС АЗАЯДЫ

30.03.2023
КҮЛТӨБЕ
КЕДЕНДЕ КЕПТЕЛІС АЗАЯДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір еліміздің сыртқы экономикалықбайланыстарын кеңейтіп, кедендік шегарадан тауарды кедергісіз алып өту мүмкіндіктерін жақсартудың жолдары жан-жақты қарастырылуда. Шегаралық кедендегі ең өзекті мәселелердің бірі де осы жағдайға қатысты.

Әсіресе, Қазақстан мен ҚХР арасындағы автокөлік өткелдеріндегі қалыптасып отырған көлік кептелісі әзірге күрделі күйде. 2020 жылдың қаңтарынан басталған әлемдік пандемия проблемалары екі ел арасындағы тауар тасымалы мен көлік қатынасы мәселелерін күрделендіріп жіберді. Кедендік шегарада әлеуметтік шиеленістердің  орын алуына себеп болды. Ондаған шақырымға созылған көлік кептелісі нәтижесінде адами фактор алға шығып, тамыр-таныстық пен жемқорлық жиіледі.

Осындай жағдайларға қарамастан екі ел арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді. Атап айтсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 24 миллиард доллардан асты. Біздің елімізден Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелту 133,7, шикізаттық энергетикалық өнімдер 58, химиялық өнімдер 25,2 пайызға өсті. Бұл цифрлар елімізде өндіріс орындары мен тауар шығару саласы дамып, экспорттық мүмкіндіктің  өркендеп келе жатқанын көрсетеді. 

2030 жылға дейін екі ел арасындағы тауар тасымалы мен тауар алмасу көрсеткішін 35 миллиард долларға дейін өсіріп, транзиттік әлеуетті де бірнеше есеге арттыру  көзделіп отыр. Осы орайда «Болашақта бұл көрсеткішті одан сайын ұлғайту үшін қандай кедергілерді жойып, нақты шараларды қолға алу керек?» деген заңды сұрақтар туындайды. Оның негізгі кілтипаны кедендік шегарадағы көлік кептелісіне байланысты екені жайлы жиі айтылды және мемлекеттік дәрежеде қозғалды да. Жақында осы мәселелер бойынша Қытай Халық Респубикасының  «Қорғас» кеденінде екі ел делегацияларының  мемлекеттік дәрежедегі кездесуі болды.

Аталмыш жүздесуге Қазақстан Республикасы жағынан Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д. Жаналинов, департамент директоры Е. Саудабаев, халықаралық қатынастар басқармасының басшысы  Е. Қожабергенов, Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Қозбеков пен оның орынбасары Н. Баймулдинов, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ. Исақов, Қазақстан теміржолы Алматы филиалы жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Н. Жаниязов, «Алтынкөл» стансысының бастығы Қ. Жақсыбеков, «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің басшысы А. Қожасбаев, ШМХЫО «Қорғас» кеден бекетінің басшысы М. Шайгалиев, «Нұр жолы» кеден бекеті басшысының міндетін атқарушы Қ. Шымырбаев, «Қалжат» кеден бекетінің басшысы Е. Қонаев және шегара қызметінің өкілдері қатысты. 

Қытайлық делегацияның жүздесуге жоғары дайындықпен келгенін атап өткен жөн. Көрші елден негізінен мемлекеттік дәрежедегі лауазымды тұлғалар қатысты. Атап айтсақ, ҚХР бас кеден басқармасы басшысының орынбасары, өткізу пункттерін басқару бойынша ұлттық канцелярия басшысы Чжао Цзенлянь, Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік шегара және теңіз мәселелері бойынша департамент директорының орынбасары Чжао Лицзянь, өткізу пункттері мемлекеттік басқармасының басқарма басшысы Хуа Чженхун, СУАР төрағасының орынбасары Ван Ган, Үрімші кеден басқармасының басшысы Шень Ян, «Қорғас» теміржол стансысының бастығы Ван Юн, «Қорғас» кеденінің бастығы Мао Жунган және тағы басқа да кеден саласының басшылары мен министрлік өкілдері және шегара қызметкерлері қатысты. 

Кездесуде негізінен екі ел арасындағы автокөлік кептелісін реттеу мен тауарларды кедендік тексеру және ресімдеуді жеделдету, сондай-ақ, ҚХР тарапынан біздің елдің азаматтары үшін виза ашуды жеңілдету мәселелері қозғалды. Мысалы, бүгінгі күні «Нұр жолы» – «Қорғас» кеден бекетінде күнделікті көлік қозғалысы 300-400, «Қалжат» – «Дулаты» кеден бекетінде 90-100, «Алакөл» – «Алашанькоу» кеден бекетінде 120-150, «Майқапшағай» – «Зимунай» кеден бекетінде 25-35, «Бақты» – «Пакиту» кеден бекетінде 55-60 автокөлікті құрайды.

Бұл цифрлар пандемия шектеулері алынғалы бері екі ел арасындағы көлік қозғалысының әлдеқайда көбейгенін көрсетеді. Аталмыш көрсеткішті болашақта бұдан да бірнеше есе арттыруға  мүмкіндік бар. Атап айтсақ, 17 наурыз күні «Нұр жолы» кеден бекетінде жеңіл автокөліктер мен  жаңа жүк көліктерін өткізуде жасалған оңтайландыру шаралары негізінде бір күнде 500 автокөлікті өткізді. Бұрын бұл көрсеткіш 150-200 автокөлікті ғана құрайтын. Сонымен қатар аталмыш кеден бекетінде жүк тиелген көліктерді шығару уақыты кешкі сағат 20.30-ға дейін ұзартылып, Наурыз мейрамында еш демалыссыз жұмыс істеді.

Сонымен қатар кездесу барысында электронды кезек мәселесін жүйелендіру жөнінде ұсыныстар айтылды. Мысалы, Қытай жағы электрондық кезектен ауыл шаруашылығы өнімдерін таситын рефрижераторларды алып тастап, «жасыл дәлізбен» өткізу және торланған жеңіл көліктерді таситын жүк көліктерін кедендік тексеру мен ресімдеуді оңтайландыруды ұсынды. Ал енді Қазақстан жағы электрондық кезекті еш кедергісіз жылжыту үшін көлік жүргізушілеріне виза ашу мәселесін тездету жағын қозғады. Себебі, виза мәселесі салдарынан Қытайға көлікті айдап кіретін жүргізушілер табу қиындаған. Соның кесірінен визасы бар көлік жүргізушілері өздерінің қызмет ақысын бірнеше есеге көтеріп жіберген. Айналып келгенде осындай кедергілердің бәрі тауардың өзіндік құнына әсер ететіні сөзсіз.

Мысалы, 14 наурыз күні «Нұр жолы» кеден бекеті арқылы Қытайға 500 жүк көлігін кіргізу көзделді. Өкінішке қарай, 188 жүк көлігі ғана кірді. Себебі, қалған жүргізушілердің визасы болмады. Міне, басты кілтипан осында. Бұған қоса электрондық кезектен халық- аралық тасымал жасауға рұқсаты жоқ және  құжаттары тиісті талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді электрондық кезектен алып тастау мәселесі де өз шешімін тапты. 

Қазіргі уақытта кедендік шегарадағы көлік кептелісін азайту үшін ведомствоаралық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Оның құрамында кеденшілер мен шегарашылар ғана  емес, көлік прокуратурасы қызметкерлері мен «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері де бар. Бұған қоса ҚХР-ға кіру үшін шетелдік рұқсат бланкілерін беруді автоматтандыру мен халықаралық тасымалға рұқсат қағаздарын жүйелендіру және технологиялық схемаларды қайта қарау мәселелері де қолға алынды.

Сонымен бірге тиісті рұқсат қағаздарынсыз жүк көліктерін электронды кезекке тіркемеу мәселелері де қарастырылып, оң шешімін тапты. Бұған дейін электрондық кезекке заңсыз тұрған автокөлік иелерінің өз кезектері жақындаған кезде оны басқаға сатуы жиілеп кеткен болатын. Енді үстіміздегі жылдың 16 сәуірінен бастап тиісті құжаттары дұрыс емес жүк көліктері электрондық  кезектен алынып тасталады. Осылайша, екі жақты кездесу барысында көптеген түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылғандай болды. Алдағы уақытта  екі ел арасындағы осындай келісімдер мен қолға алынатын нақты шаралар  нәтижесінде кедендік шегарадағы көлік кептелісі мен басқа да проблемалар көп ұзамай  өз шешімін табады деп үміттенеміз. 

Бекен НҰРАХМЕТОВ,
«Жетісу» облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті   
«Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

02.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ел болашағын айқындайтын маңызды науқан

02.08.2026
«Балаусаға» шыққан балдырғандар

«Балаусаға» шыққан балдырғандар

02.08.2026
Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

02.08.2026
Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.