Талдықорған: +30°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Киелі өңірдегі жүйелі жұмыстар

Арнайы жұмыс сапарымен әулиелер мекені саналатын Қаратал ауданына барған өблыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен кездесті. Жиын барысында аймақ басшысы аудан халқының тұрмыс жағдайын жақсартуға, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде газбен қамту, ауызсу, жол жөндеу жұмыстарына баса назар аударып, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары жайлы айтты.

22.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Киелі өңірдегі жүйелі жұмыстар

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

«ГАЗ ТАРТЫЛМАСА МАҒАН СЫН, АУЛА ТАЗА БОЛМАСА СІЗДЕРГЕ СЫН»

Дәстүрлі кездесудің алдында облыс әкімі Үштөбе қаласындағы соңғы 3 жылда 125 үй салынып, ел игілігіне берілген «Көкдала» шағынауданына барып, халықтың тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты. Шағынауданды аралау барысында қарасаң көз тоятын бірнеше жұмыстың куәсі болдық. Дәулетіне сәулеті сай шағынаудан ауызсу, электр жарығы және кәріз жүйесімен толықтай қамтылыпты. Көшелерге тротуарлар салынып, жарық шамдары орнатылған. Баскетбол, футбол мен балаларға арналған ойын алаңдары салыныпты. Байланыс және интернет желісі де қолжетімді. Бүгінде ұзындығы 3,7 шақырым болатын көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда көшесі таза болғанмен, арамшөп пен қурай басқан аулаларды көргенде иесіз қаңырап тұрған үйлер ме деп шошыдық. Күтімсіз, бау-бақша егілмеген аулаларды көрген облыс әкімі де тұрғындарға реніш білдірді.

– Әкімнің реніші орынды. Біз 10 сотыққа жуық жерімен үй алдық. Қыста үйіміз жылы. Тек сортаң жер болғандықтан көктемде бақша салып үлгермедік. Расымен Үкімет үй берді. Енді оны күтіп ұстау біздің міндетіміз. Келер жылы жерді құнарландырып, бау-бақша егеміз. Тұрғындардың ендігі тілегі газ жүргізілсе, – дейді шағынаудан тұрғыны Рақымғали Өтегенов.

Бұл мәселе бойынша аймақ басшысы: «Газ тартылмаса маған сын, келер жылы аула таза, бау-бақша егілмесе сіздерге сын», – деді.

Жер сортаң, ештеңе шықпайды дегенге иланайын десең, ауласын жайқалтып қойған отбасылар да бар. Солардың бірі – Қорлан Кеншілбаева.

– Баспана алғанымызға 2 жыл болды. Жер сортаңдау болса да үйдің маңайына азын-аулақ жеміс, ағаш егіп көгалдандырып қойдық. Көршім, өзімнің шәкіртім Александра Румянцева қызым да гүл егіп, ауласын тазалап қойды, – деді ол.

Тазалық – табалдырықтан басталады. Әр адам өз тұрған жерін, ауласы мен көшесін таза ұстаса қала айнадай болмақ.

Келесі кезекте Бейбіт Өксікбайұлы Үштөбе қаласының орталық саябағына барды. Аудан әкімі орталық саябақ жөндеу жұмыстарын қажет ететінін айтты. Нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттар жасалып, екі жылда орталық саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

Осыдан кейін облыс әкімі аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысына баспана мәселесімен жүгінген көпбалалы ана Меруерт Шукирова тұрғын үй кезегіне өткен жылы тұрған. Оған тұрғын үй заңнамасына сәйкес баспана кезек ретімен берілетіндігі түсіндірілді. Сол сияқты Ләззат Шалабаева үйінің алдына жазғы ас үй және жуынатын бөлме салу үшін тегін жұмысшы бөліп беруді сұрады. Әңгімелесу барысында жолдасы, 6 баласы бар екенін айтқан тұрғын олардың құрылыс сала алмайтынын алға тартты.

Дегенмен, бұған дейін 2019 жылы тұрғын үй берілген М. Шалабаеваға өтініші бойынша әлеуметтік мәселелеріне бірнеше мәрте демеушілер арқылы көмек көрсетілген. Сондықтан облыс әкімі отағасының өз балаларының, отбасының алдындағы жауапкершілігін мойнына алуы қажеттігін, әкімдік тек заңдық тұрғыдағы мүмкіндіктерді ғана қарастыруға құқылы екенін жеткізді.

Халықпен кездесуде баяндама жасаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу жерінің әлеуметтік- экономикалық салаларындағы, ауыл шаруашылығы мен туризм бағыттарындағы жоба-жоспарларды айшықтап, атқарылар іс пен нәтижелі жетістіктерді тілге тиек етті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі мәселелерін қысқаша баяндаған облыс басшысы Қаратал ауданының тыныс-тіршілігіне, әлеуетіне де тоқталды.

Жеңіс Ысқабай

– Ауыл шаруашылығы саласында былтыр жалпы өнімнің көлемі 39,6 млрд. теңгені құрап, облыстағы үлесі 9,1% болды. Биылғы жылдың 6 айында 7,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімі 6,5 млрд. теңгені құрап, 2,8%-ға артты. Аудандағы барлық егіс алқаптары 21,4 мың гектарды құрады. Бүгінгі күнге егін жинау науқаны басталды. 3,2 мың гектар масақты дәнді дақылдар орылып, бидай мен арпа толық жиналды. Барлығы 5,8 мың тонна астық бастырылды. Орташа гектар өнімділігі 19 центнерді құрады. Биылғы құрғақшылыққа қарамастан аудан диқандары жақсы өнім алуда, – деп ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен жоба-жоспарды таныстырды.

ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН АУДАН

Күндіз күміс, түнде алтын болып ағатын қасиетті Қаратал өзенін жағалай жатқан аудан – ауыл шаруашылығы саласы өркендеген өңір. Мұнда өткен жылдан бастап суару жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жобаның бірінші кезеңі іске асырылып жатыр. Жоба аясында ұзындығы 193,4 шақырым суару арналарына жөндеу жұмыстары қарастырылған. Бүгінде 112 шақырым арна толықтай тазартылып, 35 шақырым суару желілері ауыстырылыпты. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталып, 3 мың гектар жерге су беру жақсартылатын болады. Былтыр бірнеше жылдар бойы қайырланып қалған суару каналдарын тазалау жұмыстары басталып, 178 шақырымды құрайтын 63 канал тазаланыпты. Биыл да бұл жұмыстар жалғасуда. Нәтижесінде 6000 гектарға су жеткізіліп, алқаптарда жерасты суларының көтерілуі тоқтайтын болады. Ауданда 650 гектарға су үнемдеу бойынша 3 жоба іске асырылуда. Дегенмен, биылғы су тапшылығына қарамастан су үнемдеу технологияларын енгізу баяу жүргізілуде. Осыған байланысты облыс әкімі аудан әкіміне, ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін қолдану жұмыстарын жандандыруды және нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ауданда мал басының саны 12%-ға өсіп, 6 айда 5,2 мың тонна ет, 8,1 мың тонна сүт өндірілген. Ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында өткен жылы Жаңаталап және Кәлпе ауылдарында модульді ветеринариялық пункттер салынды. Алдағы қыркүйек айында Үштөбе қаласы, Көпбірлік және Алмалы ауылдарында осындай нысандар пайдалануға берілмек.

Өткен жылы пайдаланылмай жатқан 18,6 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жоспарланған 15 мың гектардың 124%-ын құрап отыр.

Биылғы жылы да жалғасқан жұмыстың арқасында 17,4 мың гектар жер мемлекет қорына қайтарылып, бүгінгі күнге жоспар – 115,7%-ға орындалыпты.

ӨНЕРКӘСІП КӨЛЕМІ АРТАДЫ

– Жыл соңына өнеркәсіп өнімінің көлемін 4,7 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделуде. Бұған ауданның әлеуеті жеткілікті. 6 айдың қорытындысы бойынша 6,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсім бар. Келген инвестицияның 41,5%-ы немесе 2,7 млрд. теңгесі жеке инвестициялар есебінен. 2025-2027 жылдары жалпы құны 3,4 млрд. теңгеге 55 жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Аймақ басшысы өз сөзінде халықты тұрғын үймен, жол, ауыз су, газ сияқты инженерлік инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне тоқталды. Атап өтсек, бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде 1393 адам тұр. Бұл ретте 2023 жылы 60 үй, былтыр 70 үй берілсе, биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 110 жалға берілетін баспана құрылысы жүргізілуде, жылдың аяғына дейін беріледі.

Жеңіс Ысқабай

– Аудандағы 35 елді мекеннің 33-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қазан айында Ұмтыл ауылының тұрғындары да таза ауызсуға қол жеткізеді, Қанабек ауылында ауызсу жүйесі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Көп жылдан бері шешімін таппай келген Көпбірлік ауылының ауызсу мәселесін жақсарту үшін тұщыландыру құрылғысы орнатылды. Ал жол мәселесінде, мен уәде бергендей, ұзақ жылдар жөндеу көрмеген облыстық маңызы бар 176 шақырым Үштөбе–Көпбірлік автомобиль жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді. Ендігі кезекте елді мекендердің жергілікті маңызы бар жолдары кезең-кезеңімен жөнделетін болады, – деп атап өтті Б. Исабаев.

Сондай-ақ, ол шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екенін жеткізді.

Ауданда 3 мыңға жуық жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі бар екен. Онда 5 мың адам жұмыспен қамтылған. Олардан мемлекеттік бюджетке барлығы 720,6 млн. теңге салық түсіпті. Бұл тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында 136,3 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылмақ.

Осыған орай Бейбіт Өксікбайұлы аудан әкімі, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, көлеңкелі экономиканың алдын алу және салық базасын кеңейту мақсатында жұмыс істейтін қызметкерлерге жалақы төлеу тәртібіне ерекше назар аударып, нақты жұмыс істейтін адамдардың санын азайтып көрсету фактілеріне жол бермеуді тапсырды.

Облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Ал аудандағы 35 елді мекеннің 19-ы өңірлік газдандыру схемасына сәйкес газдандыруға жатады. Бүгінгі күні 11-не газ тартылған. Тағы 8 ауылға магистральдық құбырлар жеткізіліп, келесі жылы газ тарату желілері салынбақ. Бұдан бөлек, өңірлік газдандыру схемасына кірмеген 8 ауыл тұрғындарының өтініші қарастырылып жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде, ауданның 27 елді мекені, яғни 40 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

– Тағы бір маңызды мәселе – Үштөбе қаласының тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз ету. Бұл көп жылдан бері өзекті болған. Менің шешіміммен тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы блокты-модульдік газ қазандығы орнатылып, биыл магистральдық жылу трассасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар осы айдың соңына дейін бітеді. Жол инфрақұрылымы халықтың тұрмысына, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал ететін маңызды бағыт, – деген аймақ басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жөндеу жұмыстарын сапалы және уақытылы аяқтауды тапсырды.

Білім беру саласы бойынша ауданда 39 ұйым жұмыс істейді. Тастөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп пен Бастөбе сервистік-техникалық колледжі де күрделі жөндеуден өтіпті. Осы оқу жылынан бастап балалар жаңа ғимараттарда оқитын болады. Оқушыларды тасымалдау үшін Көкпекті ауылындағы Ж. Молдағалиев атындағы орта мектепке қосымша автобус сатып алынған.

Денсаулық сақтау саласына да көп көңіл бөлінуде. Орталық аудандық аурухананың «В» блогына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта кір жуу бөлімін жөндеу мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Жаңаталап ауылындағы дәрігерлік амбулатория да күрделі жөндеуден өтуде. Ол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 6 ауылда медициналық нысандардың құрылысы жоспарланыпты. Ал Қызылжардағы фельдшерлік-акушерлік пункт осы айдың соңында ашылады деп күтілуде. Қаражиде, Қанабек, Ортатөбе және Оян ауылдарындағы осындай пункттердің құрылысы қараша айында аяқталады. Жасталап ауылындағы осындай нысан және Үштөбеде «Жедел жәрдем» қосалқы стансысына арналған блокты-модульдік кешен осы айдың соңында аяқталмақ. Дәрігер тапшылығын шешу мақсатында биыл 2 дәрігерге 20 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз көтерме жәрдемақы төленіпті.

Мәдениет саласында былтыр Ескелді би және Жаңаталап ауылдарында блокты-модульдік Мәдениет үйлері орнатылып қолданысқа берілсе, биыл Көкпекті ауылдық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Тастөбе, Алмалы және Көпбірлік ауылдарында блокты-модульдік Мәдениет үйлерін орнату жұмыстары басталды, қараша айына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Спорт саласында былтыр Көпбірлік, Тастөбе, Ескелді би және Жаңаталап ауылдарында блокты-модульдік спорт кешендері орнатылған.

Соңғы екі жылда Қаратал ауданында 20 әлеуметтік нысан салынып алтауы күрделі жөндеуден өтіпті. 2024-2025 жылдары ауданның инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандарды салу, жаңарту және жобалау мақсатында бюджеттен 32,6 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталыпты.

Қорытындылай келе Бейбіт Исабаев облыс әкімінің орынбасарларына аудан әкімі және тиісті басқармалармен бірлесіп, бөлінген бюджет қаражатын уақытылы, сапалы игеруді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орын алған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды жүктеді.
Облыс басшысының толғақты да толымды баяндамасынан кейін шаһар тұрғындары сөз алып, сауалдарын жаудырды.

Бастөбе ауылының тұрғыны Ләззат Ғалымбекова: «Үштөбе қаласының кәріз жүйесіне тазарту жұмыстары әзір қолға алынбағандықтан көптеген үйлер кәріз жүйесіне қосыла алмай отыр. Осы мәселені назарға алсаңыздар», – деді. Белгілі болғандай, аталған жобаның жобалық-сметалық құжаттары дайын, келесі жылға бюджеттік өтінім берілетін болады. Өз кезегінде облыс әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс жұмыстарын екі жылға жоспарлап, мәселені түбегейлі шешу керектігін тапсырды. Ал Үштөбе қаласының тұрғыны Гүлнар Қожабекқызы қаладағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылса деген тілегін жеткізді. Бұл мәселені зерделеп, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарастыру аудан әкіміне міндеттелді.

Жалпы Қаратал ауданы жұртшылығымен кездесу аясында елдің әлеуметтік жағдайына баса назар аударылды. Алдағы уақытта тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер ретімен шешімін табады. Ең маңыздысы, ауызсу, сапалы жол, жылу жүйелерімен толықтай қамтылады.

Қордаланған мәселе шешімін тапты

Былтырғы кездесуде көтерілген 2 мәселенің біреуі толық шешімін тауып, 1 мәселе бойынша қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, «Шаңырақ» шағын ауданының тұрғыны Тё Натальидің №16 көпқабатты үйге көгілдір отын қосылса деген өтініші қанағаттандырылды. Ал Күрішдаласы ауылының тұрғыны Сәкен Барысовтың өтініші бойынша «Алматы-Өскемен-Молалы-Үштөбе» автожолының 56-70 шақырым учаскесін (47-разъезд) жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініпті. Жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.