Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨҢІЛ ТОЛҚЫТҚАН КИНО

28 желтоқсан 2024
КҮЛТӨБЕ
КӨҢІЛ ТОЛҚЫТҚАН КИНО
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыт желдей ескен, көзді ашып-жұмғанша жыл айналып кетер бүгінгі таңда жақсыға алғыс айтып үлгермей жатырмыз. Шығармашылық иелерінің ел үшін тудырған туындыларын көріп, оқып жүрсек те, тебіреніске, терең ойға түссек те, оны өзгелерге үлгі ету үшін жарты ауыз сөз арнауды да ұмыт қалдырамыз. Бұл орайда мен «Ұстаз» фильмі туралы толғануды жөн санадым.


Бүгінгі таңда сан алуан кинотуынды көрерменге жол тартты. Көргеннің көбін ұмытып қаласың. Өйткені негізгі айтар ойы шамалы, өмірден алған мысалы шындықтан алшақ жатқан фильмдер жарнамалық дүниелермен жарыса экранға шығып жатыр. Қателесіп не ағат айтып тұрмыз ба? Даусыз келісеріңіз ақиқат.
Екіншіден, уақыт сұранысына сай туындылар таспаланып жатқаны шамалы. Кино-индустрияның  негізгі тегершігіне айналған «Қазақфильм» секілді үлкен ұжым болмаса, дәл қазіргі уақытта әрбір адам өзі қалаған сценарийді икемдеп алып таспалап жатқаны анық. Оның ішінде салмақтысы, ой салар мазмұндысы жоқ емес. Дегенмен, бүгінде кинотеатрларда беріліп жатқан фильмнің басым көпшілігі комедия жанрында екенін ескерсек, жеңіл әзіл, арзан күлкі сыйлайтын қазақ кинотуындыларының көбі жыл айналғанда қайталап көруге тартпайды. Әйгілі «Қыз Жібек» секілді туындыларды жыл айналған сайын қайталап көре бергің келеді.     

Неге? Өйткені онда тарихтың шымыр шындығы, бабалардың ізгілік пен іңкәрлігі, ұлттың рухани коды таспаланған, айшықталған. Ал бұл орайда бүгінгі фильмдердің ішінде оқ бойы озық тұрған Бейсен Құранбектің сценарийі арқылы таспаланған режиссер Ерлан Ұшақбаевтің «Ұстаз» фильмін үлкен мақтанышпен айта аламыз. Мұнда өмір шындығы, бүгінгі қоғамдағы ұлағат иесінің бет-бейнесі, тартысы, тұлғалық көзқарасы, ұлт пен ұрпақ үшін атқарар өмірлік ісі айқын көрініс тапқан. Сондықтан да шағын толғамымда осындай «Ұстаз» фильмі көңіл тебіренткенін айтып, Жетісу жерінің төл туындысындай бұл киноны түсірген әрбір жанға, актерлерге алғысымды жеткізгім келеді.

Нұрсерік МҮЛКІБАЕВ,
М. Тынышбаев атындағы
мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ-нің математика мәнінің мұғалімі
Сарқан ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.