Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨКІЛЕТТІ БИЛІККЕ — 30 ЖЫЛ!

30 қараша 2024
КҮЛТӨБЕ
ӨКІЛЕТТІ БИЛІККЕ - 30 ЖЫЛ!
WhatsAppTelegramFacebook

Елмен етене байланыс орнатып, жергілікті өзін-өзі басқару саласының маңызды рөлін атқаратын, қоғамның сөзін айтып, азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғайтын ел мәслихаттарына 30 жыл толды. Тауанды тарихы 1994 жылдан бастау алатын әрі депутаттардан құралған жергілікті мәслихаттар атқарушы билікпен бірлесіп өзекті мәселелерді шешуге, күрмеуі көп күрделі дүнилерді тарқатып, бастамаларды көтеруге, оның орындалуына ықпал етіп келеді.


Салтанатты шара алдында ел азаматтары мәслихаттың 30 жылдығына орай 30 түп ағаш отырғызды. Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында өткен конференция Жетісу облысы мәслихатының тарихы туралы бейнефильммен бастау алды. Онда Тәуелсіздік жылында қалыптасқан мәслихаттың тарихи орны мен маңызы, мазмұнды жұмыстары мен әр жылдары мәслихат хатшысы, төрағасы болған тұлғалардың пікірі, өздері атқарған іс пен ел үшін жасаған еңбектері баяндалды.

Жиынның алғашқы сөзін алған облыс әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев көпшілікті мерейлі сәтпен құттықтап, облыстағы атқарылған істерге, аймақ экономикасы мен әл-ауқаты жайлы баяндады. Сонымен қатар, Әлібек Әскербекұлы, Жомартқали Баясылұлы, Ермек Әбілмәжінұлы мен облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының  құрылғанына 30 жыл» толуына арналған кітаптың тұсаукесу рәсімін атқарды.

Тарих пен таным сабақтасқан шара барысында ардагер депутаттар мен мәслихат депутаттары марапатталды. Атап айтқанда, Ермек Келемсейіт ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, Римма Салықова ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, Руслан Валишанов «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін өңіріне тақты. Ал, Секенбай Шенгелбаев пен Қамбарбек Сайранбеков «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Арыстанғали Арын, Ермек Егінбаев, Қанат Сатанов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Бекет Бласов облыс әкімінің Алғыс хатымен мерейленді.

Өз кезегінде Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов, «Мемлекеттік және жергілікті басқару институты» коммерциялық емес білім беретін мекеме ректоры Әбікен Тоқтыбеков, ардагер депутат Ермек Келемсейіт сөз алып, мәслихаттың 30 жылдығымен көпшілікті құттықтады. 

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін белсенді депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен ҚР Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Мырзабекұлы марапаттады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.