Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘКІМДЕР БИЗНЕСІ. НӘЛІБАЕВ ПЕН АХМЕТОВТЫ НЕ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ?

11.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ӘКІМДЕР БИЗНЕСІ. НӘЛІБАЕВ ПЕН АХМЕТОВТЫ НЕ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ?

Қазақстандық әкімдердің дені ауқатты адамдар екені құпия емес. Бизнесі көбіне туыстарының және сенімді тұлғаларының атында екені де мәлім. Тіпті, облыс әкімдеріне қатысы бар компаниялар ірі ұлттық жобалар,  маңызды мемлекет бағдарламалар арқылы да қыруар қаржы тауып жатқандары да бар.


Мәселен, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның Индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында салынған «Тұрғысын-1» су электр стансасы бұған жақсы мысал. Айталық, Қазақстанның даму банкінің дерегінше, құны 13,55 млрд теңге (Бәйтерек холдинг мәліметінше, 17,1 млрд теңге) жобаға Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниял Ахметовтың тікелей, ал Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жанама қатысы бар екені аңғарылады.

Қазақстан даму банкі, Бәйтерек холдингі миллиардтаған қаржы құйған «Тұрғысынның» түпкі иелері – Талғат Ахметов Даниялұлы, Нұрымжан Сопбеков Жарқынбекұлы, Арсен Джамалудинов Гаджиевич, Ғаббас Бектұров Хамзаұлы, Әбішев Қанат Оразұлы.

Жобаға басты қарызгер – «Қазақстанның даму банкі» АҚ 10,322 млрд теңге бөлсе, Бәйтерек Холдингі 14,6 млрд теңге бөлгенін көрсеткен. Қарыз 2036 жылға дейін төленуі тиіс. Қаржыландыру мәртебесі «игерілді» деп көрсетілген. ГЭС қуаты – 24,9 МВт.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында тіркелген «Тұрғысын-1» ЖШС – құрылтайшысы «Түркістан сауда-2005» және Есо Еnergi ЖШС.

Есо Еnergi ЖШС – құрылтайшысы Ахметов Талғат Даниялұлы. Шығыс Қазақстан облысын 2009-2014 жылдары Бердібек Сапарбаев басқарды. Одан кейін 2014-2023 жылдары Даниял Ахметов облыс тізгінін ұстады.

Тұрғысынның түпкі иесі Талғат Ахметовтың Даниал Ахметовтің ұлы екені мәлім. Бірақ оның Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа қатысы қандай? Әрине, тікелей қатысы бары көмескі. Бірақ ашық дерек көздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, осылай деп жорамал жасауға негіз аз емес.

Мәселен, Нұрлыбек Нәлібаев – отбасылы адам. Үйленген. Жұбайы – Мәлика Сыздықова Мұстафақызы. Нұрлыбек Нәлібаев секілді жұбайы да қызылордалық. Жаңақорған ауданының қызы. Оны «бизнес-леди» деп атасақ, қатты қателеспейміз. Өйткені, Сыздықованың атында бірнеше компания бар. Атап айтқанда, «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС, «ШЫҒЫС ДОСТЫҚ ЛТД и К» ЖШС, «Батсу-демалыс аймағы» ЖШС.

Мәлика Сыздықованың бизнестеріне қатысты қағаз-құжаттардан «Тұрғысын» ГЭС-інің түпкі иелерінің бірі Нұрымжан Сопбековтың есімін жиі көруге болады. Жоғарыда аты аталған «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС жетекшісі – Сопбеков Нұрымжан Жарқынбекұлы.

Ал «ШЫҒЫС ДОСТЫҚ ЛТД и К» жетекшісі Низамбаев Балтабек Болатұлы болса, Құрылтайшысы – Мәлика Сыздықова иелік ететін «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС.«Батсу-демалыс аймағының» жетекшісі Исаев Шұхрат Маметұлы деп көрсетілген. Оның екі құрылтайшы бар. Атап айтқанда, «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС мен  «Тұрғысын-1» ЖШС құрылтайшысының бірі «Түркістан сауда-205». Бұл компанияға Сапарбаева Ақбота Бердібекқызы иелік етеді.

Нұрымжан Сопбеков бұдан бөлек Centr Group ЖШС, Нефтьтранс-Қызылорда ЖШС, «Қызылорда Құрылыс НК» ЖШС, Ер-Улан КХ секілді тағы да бірнеше компанияның жетекшісі. Тіпті, Centr Group ЖШС мен «Шығыс Қазақстан пантыемдеу орталығы» ЖШС құрылтайшысы.

«Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегінше, 2023 жылы Тұрғысын-1 СЭС-і 63,5 млн. кВт сағат, ал биылғы 10 айында тұтынушыларға 57,4 млн кВт сағат электр энергиясы берген. Бұдан бөлек, тағы да екі станса салынуы жоспарланған. Алайда, қазіргі уақытта «Тұрғысын-2» және «Тұрғысын-3» жобалары бойынша аукционға қатысу шаралары әлі жасалмаған.

«Тұрғысын СЭС-ін салу бойынша аукцион өткеннен кейін, мердігер компанияны инвестор өзі таңдауға құқылы», – делінген басқарма жауабында.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында станция инфраструктурасы, яғни сыртқы 35 және 10 кВ электржабдықтау желілерінің құрылысы салынған. Бұл мақсатқа жоба құны 650,5 млн. теңге жұмсалған. Мердігер – құрылтайшысы Айдар Абдулдин «НКО» ЖШС компаниясы. Бір қызығы, бизнесті қолдау мақсатында бұл бағдарлама аясында жұмсалған қаражатты қайтару қарастырылмаған.

КУРСИВ

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.