Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев тұрғындар арасында жаңа бастама жасап, іске кірісіп кетті, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. Жоба атауы — «әкіммен кешкі серуен». Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері 19:30дан бастап Балпық би ауылындағы Б.Оңғаров атындағы орталық алаңда тұрғындар 10 000 қадам жүргенше әкіммен бірге болады. Онда тек сеурендеп қоймай, аудандағы келелі істі айтып, әкіммен тікелей тілдесуге мүмкіндік бар.
Әкімнің серуендеу кезінде қоятын талабы: 10 000 қадамды толық жүргенше тоқтау жоқ; Серуен кезінде кез келген тақырыпта әңгімелесуге болады, шектеу жоқ; Қатысушылардың жастарына, ұлтына, жынысына да шектеу жоқ;
Бұл «Әкіммен кешкі серуеннің» жазғы маусымы. Ол кезең 17 шілдеден бастап 31 тамызға дейін жалғасады.
Ал үзбей қатысып тұрғандарға жас ерекшелігіне қарай (кіші буын-18 жасқа дейін; орта буын — 18-ден 63 жасқа дейін,; үлкен буын — 63 жастан жоғарыларға) маусым соңында аудан әкімінің арнайы (қомақты) жүлдесі мен дипломы табысталады.
Әкім өзінің бірінші күні жөнінде «Тура 19.30-да серуенді бастадық, телефондағы қадам көрсеткіші 5 549 қадам көрсетіп тұрды, ал 21.09-да аяқтадық, қадам көрсеткіші 15 597 қадам. Бүгінгі серуенге қатысқан барлық жерлестеріме алғысымды білдіремін» деп жазады өзінің





