Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨМІР ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

09.09.2023
КҮЛТӨБЕ
КӨМІР ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Күз келіп, салқын түсе бастағанда көмірге деген сұраныс та, оны алу үшін кезек те көбейіп кетеді. Бүгінде халыққа уақытында молынан жеткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Облысымыздағы тұйықтар белгіленген бағамен көмірді сатып, тонналап қоймаға тасып жатыр.

Қыркүйек айы басталғанда-ақ көмірді сатып алу жұмыстары қызу жүргізіледі. Былтыр дәл осы кезеңде алушылар жан ұшыра жанталасқан. Биыл олқылықтар қайталанбайды. Баға да тұрақты. Көмір де мол. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков:

­  — Облыс бойынша 34 көмір тұйығымен 4 қойма жұмыс істеп тұр. Дәл қазір ол жерлерде 27,8 мың тонна көмір бар. Орта есеппен тәулігіне 24 вагон 1 656 тонна көмірді жеткізуде. Алдымыздағы жылыту маусымына жалпы 453,8 мың тонна көмір қажет. Қыркүйек айында 65,4 мың тонна көмірді алып келу жоспарланған. Аудан және қала әкімдіктерінің ақпараты бойынша көмірдің бір тоннасы орташа есеппен 17 200 – 18 300 теңге, ал теміржол қатынасы жоқ Ақсу және Сарқан аудандарындағы баға — 24 000 – 26 500 теңге, – дейді.

Жалпы жұмыстың жүйелі орындалу барысы тікелей бақылауда. Оған арнайы мониторинг жүргізіледі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Теміржол қатынасы жоқ алыс Ақсу мен Сарқан аудандары Талдықорған мен Алакөл ауданы арқылы көмірді тасымалдайды. Ақсу ауданындағы жалғыз тұйық – І. Жансүгіров ауылында орналасқан. Ол жердегі қоймаға жауапты Сейдахмет Жаңабатыров «менің дәл осы жұмыспен айналысқаныма 30 жылдан асып кетті. Халыққа тиімді баға ұсынып, көмірдің сапасына мән береміз. Біз арнайы «КамАЗ» жалдап, сол арқылы жұмыс істейміз. Ал жолдан алып, бағасын негізсіз өсіріп жүргендер де жоқ емес. Мәселен, олар ауданымызда әр тоннасын 30 мыңнан сатады. Біздегі баға белгіленген. Ол межеден асып та, бұзып та кетпейміз. Дәл қазір қоймада көмір жеткілікті. Қажеттілік болып жатса, қосымша алып келеміз», – дейді. Көршілес Сарқан ауданында да көмір бағасы облыстағы басқа елді мекендермен салыстырғанда жоғары. Себеп белгілі. Облыс әкімінің баспасөз қызметіндегіліредің бізге берген ақпараты бойынша Сарқан қаласында екі қойма жұмыс істейді. Соның бір қоймасына Ерлан Бейсембеков жауапты.

­– Қоймамыздағы көмір қоры жеткілікті. Тұрғындар жақсы алып жатыр. Бір тонна көмірдің бағасы 26 500 теңге. Араға үш күн салып Талдықорғаннан алып келіп отырамыз. Арнайы «КамАЗ» жалдаймыз. Жағдайға қарай бізде әрекетті ширата түсеміз, –дейді Ерлан Нұрсайынұлы. Көмір сұранысқа ие, қоймаларға әлі де тасып жатыр. Бұл теміржол қатынасы жоқ өңірлердегі жағдай. Ал газбен қамтылған, теміржол қатынасы бар Ескелді, Кербұлақ, Қаратал аудандарымен Талдықорған қаласындағы қоймаларға жауапты Талғат Диханбаевтың өз айтары бар. Талғат Жұмабайұлы өз сөзінде «былтыр дәл осы уақытта кезек басталып, тұрғындар жапа-тармағай көмір алуға асықты. Биыл жағдай басқа. Қоймада көмір өз мөлшерінен аса толып тұр. Халық қажеттілігі бойынша көмір алуда. Бұрынғыдай талас жоқ. Баяу жүруде. Осы тұрғыда жарнама да керек шығар. Алыпсатарлар 25 мыңнан сатып жүрген Семейдің көмірі бізде 17 200 теңге. Тиімді баға. Алдағы уақытта жалпы мың тонна көмірді жеткізу жоспарланған. Қоймаларды атап өтсек, Талдықорғандағы да 5 мың тонна, Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылындағы қоймада 1,5 мың тонна,  Үштөбедегі де 600 тонна көмір бар. Ертең қара суық келгенде кезек көбейіп, шу шығып кетпеу үшін кез келген адам қазірден қимылдағаны абзал. Ал біз өз кезегімізде жоспарды толық орындап, қыстан жақсы шығуға ниеттіміз», – дейді.

Жалпы жылыту маусымына облысымыз «Қаражырадан» 216,8 мың тонна, «Шұбаркөлден» 237 мың тонна көмірді алып келуді жоспарға қойған. Теміржол қызметкерлерінің айтуынша мамырдан бері 120,8 мың тоннасы келген. Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 26 пайыз. Межелеген өлшемнің жартысына да жетпейді. Демек, алдағы уақытта вагондар көбейіп, көмір мөлшері де артпақ. Қыркүйектің өзінде 948 вагон көмір алып келу күнтізбеге енген. Қазір 5,7 мың тонна көмір тиеліп дайын тұр. Қатты отынды пайдаланушыларға барлық жағдай ойластырылған. Тек уақытымен әрекет етіп, тиімді баға ұсынылып тұрғанда сатып алу қажет.         

Серік Қантай

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.