Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Конституция күніне орай Жетісу облысында жаңа мектеп ашылды

29.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Конституция күніне орай Жетісу облысында жаңа мектеп ашылды

Нұрбол Қанағат

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Панфилов ауданына қарасты Талды ауылында Конституция күні қарсаңында 300 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл нысан Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен салынды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының атынан ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады.

– Білім алуға қолайлы жағдай жасау – Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі. Осыған байланысты өңірде заманауи, сапалы материалдық-техникалық базасы бар мектептердің құрылысына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мысалы, былтыр Жаркент қаласында 1200 орынды жаңа мектеп ашылса, биыл Достық ауылында 600 орынды білім нысаны пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, өңірде 6 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның үшеуі биыл қолданысқа беріледі, солардың бірі — бүгін Талды ауылында ашылып отыр осы мектеп. Бұл нысан Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен салынды, – деді Д. Есдәулетов.

Мектеп директоры Айдар Қоңыратовқа салтанатты түрде символдық кілт табысталып, ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін жиналған жұртшылық жаңа мектептің ішін аралап көрді.

Қуанышты жаңалыққа орай мектептің педагог-психологы Фарида Досбергенова пікірін білдірді:

– Бар болғаны бір жылдың ішінде кең де әдемі мектеп салып берді. Мұндай жерде оқып, жұмыс істеу – үлкен қуаныш. Бұрынғы ғимаратымыз әбден ескірген еді, сондықтан мереке қарсаңында ауылымызда жаңа мектептің ашылғанына бәріміз қуанып жатырмыз. Осы мектептің арқасында балаларымыз үлкен жетістікке жетіп, туған жерінің мақтанышына айналады деп сенеміз, – деді ол.

Талды ауылындағы жаңа мектептің 6-сынып оқушылары Нұртас Мұрат пен Аяулым Тұмарбай да қуанышын жасырған жоқ:

– Жаңа мектебіміздің ашылғанына өте қуаныштымыз. Мұнда сапалы білім алуға, ой-өрісімізді кеңейтуге, шығармашылықпен, спортпен айналысуға барлық мүмкіндік бар. Біз жалықпай білім алып, түрлі байқаулар мен пән олимпиадаларында туған өлкеміз бен сүйікті мектебіміздің атын шығарамыз деп уәде береміз, – дейді оқушылар.

Атап өтсек, бұл мектепте шамамен 400 бала білім алады. Жаңа білім ошағы қажетті құралдармен толық жабдықталған, атап айтқанда мұнда пәндік кабинеттер, IT-сыныптар, спорт және акт залдары, кітапхана мен зертханалар бар.

Осы орайда Талды ауылында тұратын меценат азаматтар ауылға жұмыс істеуге келетін білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларындағы жас мамандар үшін 19 жеке тұрғын үй салды. Бұл үйлерді бөлу ісімен жергілікті ардагерлер айналысуда.

Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында Жетісу облысында 276 әлеуметтік нысан салынды және жөнделді, оның 41-і — білім беру нысаны. Атап айтқанда, үш жылда өңірде 41 мектеп жаңартылды, яғни 6390 орынға арналған 19 мектеп салынып, 22 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. 2025 жылы тағы 10 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.