Нарынқол ауылының көнекөз қариялары Солтанқұл Шотбаев есімді соғыс және еңбек ардагерін ұмытқан жоқ. 1916 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген атамыз Мәскеу облысындағы Коломна қаласында 3-ші артиллеристер дивизиясына қарасты №403 полкта әскери қызмет атқарды.
1941 жылдан бастап Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, батыл да ержүрек артиллерист болды. Басшылықтың тапсырмасын бұлжытпай орындайтын жауынгер кейіннен гвардия аға сержанты атанып, артиллеристердің шағын бөлімін басқарады. Киев, Житомир, Минск қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Одердегі қанды шайқасты басынан өткерді. Майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1945 жылы Германия жеріндегі ұрыстарға қатысып, Жеңіс жалауының желбіреуіне өз үлесін қосты. Сұрапыл соғыстан, оқ пен оттың ортасынан аман-есен туған ауылына оралған Солтанқұл атамыз «Каганович» ұжымшарында, кейін Октябрдің 40 жылдығы атындағы ұжымшарда бригадир болып, Нарынқол аудандық орман шаруашылығы мекемесінде ұзақ жыл еңбек етті. Бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту ордені мен көптеген медальдарға, «Еңбек ардагері» медаліне ие болған қария 1984 жылы 68 жасында өмірден өтті. «Ерлік – ешқашан ұмытылмайды», «Ер есімі – ел есінде» демекші, араға жылдар салып Жеңістің 77 жылдығында Нарынқол ауылының тау жағынан пайдалануға берілген спорттық-сауықтыру кешенінің жанындағы жаңа көшенің біріне соғыс және еңбек ардагері Солтанқұл Шотбаевтың КӨШЕГЕ АТЫ БЕРІЛДІ Нарынқол ауылының көнекөз қариялары Солтанқұл Шотбаев есімді соғыс және еңбек ардагерін ұмытқан жоқ. 1916 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген атамыз Мәскеу облысындағы Коломна қаласында 3-ші артиллеристер дивизиясына қарасты №403 полкта әскери қызмет атқарды. есімі берілді. Осылайша ел тілегі орындалды. Жеңіс күні аталған көшеге майдангердің есімін беруге арналған салтанатты басқосуда Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы жылы лебіз арнады. Нарынқол ауылының қадірменді қариясы, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Медетхан Абиров майдангердің әулетіне, жерлестеріне арнап ақ бата берді. – Құрметті жерлестерім, бүгінгі күн – көптен күткен қуанышты күніміз болып тұр. Майдангер әкеміздің есімінің ұлықталуына негіз қалаған облысымыздың әкімі Қанат Бозымбаев пен Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов бастаған азаматтарға әулетіміздің атынан жүрекжарды алғысымды білдіремін. Аспанымызды соғыс бұлты торламасын, бейбіт күн мәңгі жасасын! Барлықтарыңызға жақсылық, өмірдің бақытын тілеймін! – деді майдангердің қызы Қанымжан Шотбаева тебірене тіл қатып. Әкесіне тартқан қайсар, білімді, парасатты қыздың есімі Жетісу жеріне жақсы таныс. Өз тұсында облыстық мәдениет басқармасын басқарды. Мерейі, мәртебесімен зейнет демалысында жүр. Осы күні майдангердің аруағына бағышталып Құран оқылып, үлкен ас берілді. Бұдан былай Нарынқол ауылындағы жаңа көшенің тұрғындары өмірі ерлік пен елдіктің, адал еңбектің өнегесіне толы Солтанқұл Шотбаевтай майдангердің көшесінде тұратындарын мақтан ететін болды.
Қанат БІРЖАНСАЛ,
Райымбек ауданы





