Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨЛЕҢ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ?

25.05.2022
КҮЛТӨБЕ
ӨЛЕҢ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ?

 Бұл – ақындарға, жалпы қаламгерлерге жиі қойылатын сұрақ. Оған әркім әрқалай жауап беріп жатады. Шама-шарқымыз келгенше біз де жауап беріп көрейік. 
Жақында ауылымыз Арасанға жол түсті. Өзіміз түлеп ұшқан кешегі Арасан орта мектебі, бүгінгі Барлыбек Сырттанұлы атындағы орта мектепте  қазақтың тұңғыш Конституциясын (Жарғысын) жазған Алаштың ақтаңгер арысының бюстін ашу салтанатына қатысу құрметіне ие болдық. 
Салтанатты іс-шара тамаша өтті. Аталарының мүсіні жанында тұрып Барлыбек Сырттанұлының өмірбаяны мен еңбектерін қонақтарға жатқа баян еткен мектеп оқушыларының тыңғылықты даярлықтарына деген ризашылығымыз ұшан-теңіз.
Құрметті қонақтар да қарап қалмады. Сонау Елордадан арнайы ат арытып келген «Ақжол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат  Перуашев ағалары мен ауыл ақсақалы Боранхан Жүнісов аталарының әңгімелері мектеп оқушылары үшін үлкен тәлім-тәрбие сабағындай ғибратты болды.
Салтанаттың соңын ала осы игілікті іс-шараға ұйытқы болып, ұйымдастырып жүрген мектеп директорының орынбасары Раушан Жұмағалиқызы жанымызға келіп: «Аға, асығыс болмасаңыздар, уақыт тауып біздің үйге кіріп шықсаңыздар жақсы болар еді. Білетін шығарсыздар, әкем қазір мүлдем көрмейтін болып қалған. Кешелі бері сіздердің келгендеріңізді естіп «Әттең, жанарым сау болса барып жолығар едім, қатысар едім» деп елеңдеумен отыр үйде», – деді. 
Қызымыздың мына сөзі ойымыздың астан-кестеңін шығарды. Жұмағали! Күні кеше кез келген музыка аспабының, әсіресе гитараның құлағында ойнап, ауыл өнерпаздарының басын қосып, өзі құрған «Баянжүрек» ансамблімен салтанатты кештер мен той-томалақтардың көркін қыздыратын өнерлі жігіт. Көк тиынсыз су тегін өткізетін талай тойлардың куәсі болып бірге жүрген Жұмағали. 
Ол кезде той жасайтын ауыл адамдары музыкант іздеп әуре болмайтын. Себебі Жұмағали бар, оның «Баянжүрек» ансамблі бар. Кәкен Кәрібжанов (марқұм), Сүйінбай Естенов (марқұм), Жомарт Қуандықов, Амантай Батқалбеков сынды ансамбль мүшелері бар.
Осы өнерлі бауырларымыздың бары-жоғын ойша түгендеп, шолумен Жұмағалидың үйіне келгенбіз. Емен-жарқын әңгіме айтылып, шүйіркелесе отырып шай ішілді. Содан залға келіп музыкаға кезек бердік. Бұдан арғы жай-күйді қарасөзбен жеткізу мүмкін болмас енді. Ендеше, өлеңге кезек  берейік:

ҚАРА КӨЗІЛДІРІК және «ЯМАХА»
Жұмағали мен Жұмагүлге

Саз құйды «Ямаха» төгілдіріп,
Қиялға ой-сананы көмілдіріп:
Тік шапши Пегас-пырақ арқырайды
Жалтылдап төсінде алтын өмілдірік.

Күйсандық нөсерлетті төгілдіріп,
Арманды Ай нұрына шомылдырып.
Серпілтіп күйкі тірлік көлеңкесін,
Әп-сәтте шаттанғандай өмір күліп.

Бөленіп шапағатқа өңір-аймақ,
Бір демде шыға келді көңіл жайнап.
Әуелер өршелене мың сан әуен
Он саусақ клавиште жеңіл ойнап.

Сазды әнін  «Ямаха» төгілдіріп,
Батырса терең ойға көмілдіріп,
Тұмшалар соның бәрін көз алдыңнан
Тұңғиық, әттең, қара көзілдірік!

Әлемнің әсемдігін сезіндіріп,
Жүректен шамырқанар сезім күліп.
Аңдатпас сұлулық пен жылулықты
Әттең-ай, әттең, қара көзілдірік!..

Жанардан ұшқын атқан сезімдей боп,
Жалт еткен жүректегі сезілмейді от.
Жұмекең  «Ямаха» ойнап отыр
Құдірет Сейіловтың өзіндей боп!

«Өтерсің жазың жайнап, күзің күліп»
Дегенді сазды әуенмен үзілдіріп.
Құйылған сиқырлы әуен мың құбылар
Дүние жалғандығын сезіндіріп.

«Жазмыштың жазғанына амал бар ма?!
Алпыста алды, – дейді – жанарды  Алла.
Ендігі жансерігім осы ғана,
Сырласам тығырыққа қамалғанда!».

Деді де даусын сәл-пәл бәсеңдетті,
Жамырап күйсандықтан нөсер кетті.
Ашына зағиптыққа мұң шаққандай
Әр дыбыс нөпір күйді әсерлі етті.

«Сағынтып кешегі өткен жарық күнім,
Қолбайлау болып отыр зағиптығым.
Думан-той ортасында жүрмес пе едім
Бөрідей білдірмейтін арықтығын.
Есіме түссе ансамбль «Баянжүрек»,
Өзімнен-өзім кейде қалам жүдеп.
«Серілер Сүйінбай мен Кәкен қайда?»
Дегендей, аласұрар жаман жүрек.

Көз тартар сымбатымен, сәніменен,
Еліне нәр сыйлаған әніменен,
Ер еді той-думанның көркі болған
Қоштастық тым ертерек бәріменен.

Мен, міне, айырылып қос жанардан,
Қол үзгем шалғайдағы дос-жараннан.
Бүгінгі тыңдаушым мен көрерменім
Әйелім, бала-шағам – қоштаған жан…

Бұл сырды  «Ямаха» күйі айтады,
Өксітіп, күрсіндіріп жиі айтады.
Санаңды бір ысытып, бір суынтар
Өрең мен өрісіңді сынай тағы.

Өнерді өмірім деп бастағаннан
Астамсып, ғұмырында таспаған жан.
Ауылының абыройлы ұлы болды
Ақ жолдан бір де қия баспағаннан.

Әрдайым әзір әнші, серілері,
Той десе төрден кілең көрінеді.
Бәлсіну, адам таңдап, бұлдану жоқ,
Қызметі халық үшін тегін еді…

Кешегі жарқын шағың тарих бүгін,
Жұмеке, бөгет болмас зағиптығың.
Көкірек көзің ояу, ниет адал,
Өзіңдей қастерлепті халықты кім?!

Әрдайым ел де сені жақсы көрді,
Бағалап өнеріңді төрді берді.
Кезінде «Жезкиіктей» ән тудырған
Өлген жоқ, әне, мәңгі Жақсыкелді!

Қапыда ойға оралмай сөз сүйікті,
Жан сезім жасқа толған көзді иітті.
Жұмеке, жасымай еш, көңіл демде
Шырқатып дәтке қуат «Жезкиікті!»

Құдайым қанатыңа қуат берсін,
Шабытты керегеңді шуақ керсін!
Қызығын бұл өнердің сен көрмеген,
Ізбасар Қайырбектей шырақ көрсін!
Әумин!

Арасанбай ЕСТЕНОВ,
Халықаралық «Алаш» 
әдеби сыйлығының лауреаты
Арасан ауылы

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.