Қазіргі кезде қарт адамдар отбасынан бөлек тұрады және осыған байланысты жалғыздыққа ұшырап, кез келген қиындықтарға төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарт адамдарға жауапты отбасы болатын болса, ал қазір бұл жауапкершілік мемлекеттің, жергілікті органдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының құзыретінде. Қарт адамдардың проблемалары, ең алдымен, әлеуметтік және медициналық болып бөлінеді.
зір жалғызбасты қарттар өте көп. Олардың басым көпшілігі өзін күтуге жарамсыз болып жатады. Өмірдің қиын жағдайына түскесін жеке бастарына күтім жасауға шамалары жетпей, қиындыққа тап болады. Осы орайда оларға әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің бар екенін және оларға қызмет етуге дайын екенін ескерткіміз келеді. Мәселен, көпшілік жағдайда жалғызбасты қарттар қайда барып ұсыныс білдіретінін және мұндай әлеуметтік қолдау бар екенін білмей жатады. Сондықтан бұл мәселеге байланысты үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы ақпаратты ұсынғанды жөн көріп отырмын.
Әлеуметтік көмекті қажет ететін адам ең бірінші жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек. Осы мекемеде арнайы мамандар қандай құжаттар керек екенін және қандай қызметтер көрсетілетіні жайлы толық ақпарат береді. Тиісті құжаттарды қабылдағасын арнайы әлеуметтік қызметкер белгіленіп, оған қызмет көрсететін болады.
Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсету жағдайында қандай қызметтерді ұсынады?
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: төсектен тұруға, ұйықтауға, киім киюге және шешуге, жуынуға, тамақ ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, айналада қозғалуға, тістерін немесе тіс протездерін күтуге, көзілдірік немесе есту аппаратын киюге, тырнақтарын алуға, ер адамдарға көмек – сақал мен мұртты қыруға көмектесу. Қарттар мен мүгедектерге егер қажет болса хат жазып, оны оқуға көмектесу.
Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің қамқорлығындағы адамдарға негізгі қажетті өнімдерді сатып алуға, тамақ дайындауға көмектесуі керек. Жеке үйлерде тұратындар үшін стандартты пешке жағатын отын, көмір мен су жеткізуге көмектеседі. Норма белгіленген: 1 келгенде 30 кг дейін отын мен көмір, 30 литрге дейін су жеткізіледі. Стандартқа сәйкес әлеуметтік қызметкер қамқорлығындағы адамға тұрғын үйді жөндеу және тазалауды ұйымдастыруға, коммуналдық төлемдерді төлеуге көмектеседі. Одан басқа, егер киімдерін жуу, құрғақ тазалау немесе жөндеу үшін заттарды тапсыру қажет болса, онда әлеуметтік қызметкер мұны істеп, содан кейін заттарды қайтарып алу керек. Стандарт бойынша үйден тыс жерде, бір елді мекен шегінде: денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау объектілеріне апару қарастырылған. Әлеуметтік қызметкердің қызметтерін мемлекет төлейді.
Эдуард САМЕТАЕВ,
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
жұмыстарын үйлестіру бөлімінің басшысы





