Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨЛГЕНДІ ӨНЕР ТІРІЛТЕДІ

22.01.2023
КҮЛТӨБЕ
ӨЛГЕНДІ ӨНЕР ТІРІЛТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтардың сары аязы сақылдап тұрғанына қарамастан театрға ағылған адамдар қарасы қалың. Орын болмасын біліп, көрерменнің алды түс ауа Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жетіп алған. Бәрінің дәл осы күнді, осы қойылымды асыға күткені аңғарылады. Ақсамайлы қарт та, жалындаған жас та осында. Театр шымылдығын ашар сәт таяғанда тіптен ине шаншар орын қалмай, көрерменнің көбі тікесінен-тік тұрып тамашалауға бел буды. Мұның себебі неде?..


Себебі – тәуелсіздік жолында жан пида болған Алаш арыстары Әлихан Бөкейханнан бастап, кешегі бейбіт күнде оққа ұшқан Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына арналып, талайлы тағдыры бейнеленген поэтикалық драманы тамшалау еді. Ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделханның «9 грамм» атты интеллектуалды поэтикалық драмасынан айтылмаған, ашылмаған ақиқаттың жауабын іздей келген көрермен қойылымды сілтідей тынып көрді. Толқыды, жанарларға жас үйірілді. «Боқ құшақтап қалғандардың қасында, оқ құшақтап кеткендерде арман жоқ!» деп  9 грамм оқтың құрбаны болған ащы ақиқатты өзек еткен қойылымның шымылдығы ашылған сәттен бастап, әділдікті ту еткен, ұлттық рухты аспандатқан Алаш арыстарының, Алтынбек Сәрсенбайұлының бейнесі көрерменмен қауышты.  
«…Отызға жетпей,
Ордаға кірдім оғландай!
Еліме сендім,
Мен, сол – ерге де сендім, ойланбай…
Бел менен белбеу сынға түсетін  шағында,
Жалт беріп кеткен достарым да көп сор маңдай.
Отыздан асып,
Қырықта қамал алғанда
Сақсындым неге,
Сақсындым неге,
Алдымда қазулы ор бардай?!..»
Әділдіктің ақ туын желбіреткен арда азаматтардың қаныпезер қоғамдағы сатқындықтың құрбаны болған тағдырлары осылай өріліп кете береді.
Бұл туындының режиссері Жұлдызбек Жұматай болса, дыбыспен көркемдеген сазгер Қанат Ибрагимов. Ал астарлы ақиқатты сахналаған Қарасай аудандық «Темірен» жастар театрының талантты әртістері. Шығарманы тас түйін күйінде көрерменге жеткізген өнер ұжымына зор қошемет көрсетілді. Қойылым соңында кино және театрдың абыз ақсақалы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған зиялы қауым ойларын ортаға салды.

–  Жас театрдың мойнына алған жүгі – үлкен тақырып. Бұған бару – ерлік, батылдық. Барлығыңызға белгілі тарих қой. Сонау Алаш азаматтарының, қазақтың басына төнген неше түрлі қайғы-қасіреті, ұлылар армандаған – тәуелсіздік күні. Осыған жеткенше  талай тарландардан айырылдық. Олар тарихқа айналған азаматтар. Соның соңғысы – Алтынбек. Алладан сұраймыз, бұл соңғысы болсын! Халықтың алдағы өмірі, жағдайы жақсару үшін әрекет еткен азаматтардың еңбегі ақталып жатыр. Халықтың әл-ауқаты, мәдениеті, әдебиеті, ғылымы өркендемей, ол халық – халық болмайды. Бүгінгі қойылым жүрегімді ауыртты, жетпей тұрған жері жоқ емес, іштей толықтырып отырдым. Тағы да шыңдап, аясын кеңейте түссе деймін. Себебі, бұл – өміршең тақырып, – деген  Асанәлі Әшімов жастар театрының ұжымына ақ батасын берді. 

– Бүгінгі шығарманы – поэтикалық қойылым деп те жатыр. Бұл памфлет пьеса деп атағым келеді. Қоғамдағы біздің болмысты, санадағы сарқыншақтарды, ел болып еңсемізді көтере алмай әлі де жалтақтап отырған бейшара күйімізді әжуалаған сатира тілімен, поэзия тілімен драмаға айналдырған өте құнды, өте батыл  шығарма деп айтамын. Осындай шығарманы сахналап, халыққа жеткізу оңай шаруа емес. Мен жас таланттарға, өз ісіне берілген, өнер жолына өмірлерін арнаған іні-қарындастарыма басымды иіп, рахметімді айтамын. Қойылымды мен алтыншы рет көрдім. Алтыншы рет жүрегім елжіреді, қиналдым, толғандым, ойландым. Алтыкен үшін ғана емес, Әлихан бастаған кешегі Алаш арыстарының бүгінгі Алтынбекке жеткен кезең аралығындағы қазақ қоғамының өз мақсатын жүзеге асыра алмағаны үшін, соны енді іске асыра ала ма, іске асыра алмай ма деген қауіп-қатер ойыма келгені үшін жүрегіме салмақ түсті. Кезінде айтылған «Оян, қазақ!» бүгінде «Ойлан, қазақ!» деп ой тастауы керек. Елінің тәуелсіздігі, халықтың бақытты өмір сүруі үшін Алтынбек өз өмірін арнады. Саналы түрде соған барды. 

Қойылымда «Менің қаруым – басым, ақылым» дегендей, сол бастағы «қаруына», халқына сенді. Бізден кейінгі ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін өзін құрбандыққа шалды. Бірақ бұл мен үшін өте қымбат ерлік, – деп тебіренді белгілі қоғам қайраткері, журналист, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы. 
Осылай деп құйқа шымырлатқан жүрекжарды тілектер тиегі ағытылғанда қойылым авторы Бақыт Беделханның бұл жетістігіне  жүрегі елжіреген ел-жұртының ыстық сәлемін Алматы облысының Құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов аға арқалай келіп, «Алтынбектану» басталғанын айтса, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы әділеттілік жолында оққа ұшқан қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының 60 жылдығына атсалысқан өнер өкілдері мен ұлт жанашырларына Алғыс хат табыс етті.

Аудандық халық теа-трының республикалық деңгейдегі кәсіби сахнаға келіп, өнер көрсетуі – бұл ауыл мәдениеті мәртебесінің өскенін көрсетеді. 
– Жоқтан барды құдай жасайды, өлгенді өнер тірілтеді! Өнердің пешенеден маңдайға жазылған міндеті – өлгенді тірілту. Ендеше мына алмағайып заманда біреудің бетін тырнап, көзін шұқып, әлеуметтік желіде талай адам «елім», «жерім» деп желпініп отыр. Шындықты, әділдікті жетесіне жеткізіп, санасына сәуле құя отырып, нұрландырып, рухтандырып жеткізуді үлкен бақыт деп санаймын. Бұған дейін Райымбек, Кеген, Шонжы, Еңбекшіқазақ аудандарын аралап, бес жерге қойған кезде қасымызда қара нардай боп жүк арқалап, бәрімізді жұдырықтай жұмылдырып жүрген Рысбек ағамызға алғысым ерекше. «Менің Алтыкенім де Әлихан бастаған арыстардың алтын қазығына айналған екен ғой бер жақтағы» деп ел көрді, езілді, елжіреді. Жұрт көрді екі көзі мөлдіреді. Шын тіледі осындай азаматтар көп болса екен деп. Сол тілекті тілекке жалғаған өнер өрге баса берсін, – деп тебіренген «9 грамм» интеллектуалды поэтикалық драмасының авторы Бақыт Беделхан:
Санамдағы сансыз, сансыз сұраққа,
Жауап таппай түсем ылғи мұң атқа.
Жанардағы жаңбырыма малшынып,
Жын қаққандай болам сосын жырақта.
Жын қаққандай жылап-жылап алайын,
Сен бірақ та, жұбатпа.
Кейде осылай қашып кеткім келеді,
Жүйкедегі тозақтан,
Жүректегі жұмаққа! – деген тамаша жыр жолдарымен тәмамдады.

Ұлбосын ИСАБЕК,
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

28.07.2026
Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.