Талдықорған: +20°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ

04.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Заң ғылымында мемлекеттің рәміздері мемлекет егемендігінің белгісі саналады.Сондықтан оларды қорғауға алу  тарихи тұрғыдан мемлекет егемендігіне пара-пар қатынас ретінде қалыптасты. Ал, мемлекет егемендігі дегеніміз – бір мемлекеттің өзін өзі тәуелсіз билеу құқығы мен мемлекеттік басқарудың негізгі тетігінің бірі. Оған қол сұғу – ел басқару ісіне қол сұғумен тең.

«Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңның 13-бабы, 1-тармағында Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті делінген.Сондықтан мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңбаны және Әнұранды қорғау тәртібі қылмыстық және әкімшілік заңдарда анықталған.
Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 16-тарауы – Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтарға арналған. Оның 372-406 баптарында мемлекеттік басқаруға қатысты 34 түрлі қылмыс құрамы анықталған.Соның ең біріншісі 372-бапта – мемлекеттік рәміздерді қорлау әрекеті қылмыс ретінде сараланатыны анық жазылған. Мемлекеттік рәміздерді қорлаған адамға екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерге тең түзеу жұмыстарына жегу немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылға дейiн бас бостандығын шектеу, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру сынды жаза қарастырылады. Өйткені, Қазақстан Республикасының абырой-беделі, елдік мүдде қылмыстың тікелей объектісі саналса, қылмыстық әрекет – қорлауға ұшырап отырған мемлекеттік Туды, мемлекеттік Елтаңбаны және мемлекеттік Әнұранды мансұқтаған болып есептеледі. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қорлауға бағытталған кез келген іс-әрекет қылмыс санатына жатады. Себебі, ел тәуелсіздігінің көрінісі есептелетін мемлекеттік рәміздерді көпе-көрнеу құрметтемеу, жария басыну анық орын алып, Туды немесе Елтаңбаны жұлып тастау, оны жою, жарамсыз ету, Әнұранның орындалуын үзу секілді нақты әрекеттерден көрініс табады. Сондай-ақ, бұл әрекеттер бөтен біреудің мүлкіне зиян келтіру, жою, азаматтарға күш көрсетемін деп қоқан-лоқы көрсету арқылы іске асуы да мүмкін. Мұндай жағдайда айыпталушы бірнеше қылмыстың құрамы бойынша жазаға тартылады. Жалпы мұндай өрескел әрекеттер тек мемлекетті ғана емес, оны құрып, Конституциялық негізін анықтап отырған қоғамды да құрметтемеу.
Мемлекеттік рәміздерді қорлау актісі орын алған сәттен бастап қылмыс жасалды деп есептеледі. Бұл – оның  материалдық немесе моральдық зардабын күтіп отыру міндетінен босатып, бірден қылмыстық іс қозғауға жетелейді. Сондай-ақ қылмыстық заңда арнайы айтылмаған, бірақ норманың мәнінен шығатын келесі бір маңызды шарт – қорлау әрекетінің жария түрде іске асуы дер едім. Яғни, мемлекеттік рәміздерді қорлау екі не одан да көп адамның көзінше істелуі тиіс. Жасырын істеген әрекет әшкере болған жағдайда  жария болу сәтінен бастап қылмыс аяқталған боп саналады.
Енді мансұқтаудың субъективті жағына қарар болсақ, рәміздерді қорлау тікелей, қасақана түрде іске асатынын көреміз. Бұл алдын ала ойластырылған, көкейде жүрген қарау ниеттің сыртқа шығуы. Көп ретте ондай қылмыс түрі саяси ниеттен, мемлекетке көрсеткен қарсылық ойдан туындап жатады. Сондай-ақ, қатардағы бұзақылықтан, немқұрайды қатынастан да туындауы мүмкін. Бірақ қылмысты саралауда бұл ешқандай заңдық мәнге ие емес. Жасалған әрекеттің ашық көрінісіне байланысты айыпталушы мемлекеттік басқаруға келтірген нұқсан үшін жауапқа тартылады. Ондай қылмыс конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту,  бұзақылық секілді қылмыс құрамдарымен қатарласа жүретіндіктен қылмыстардың жиынтығы бойынша ауырлататын мән-жай ретінде қаралып, жауаптылығы күшейе түседі. Ондай қылмыстың субъектісі ретінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс  жеке тұлға алынады.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексте мемлекеттік рәміздерді әзірлеу және қолдану тәртібіне қатысты нормалар бұзылған жағдайда қолданылатын жаза түрлері анық көрсетілген.Бұл арада айта кететін басты мәселе, мемлекеттік рәміздерді қорлау мәселесі көтерілмейді. Атап айтар болсақ, 418-бапта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзуға қатысты жағдайлар баяндалса, 458-бапта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу мәселесі сөз болған.
Міне, осындай заңдық нормаларға қарап отырып, еліміздің мемлекеттік рәміздері тек ұлықтау үшін жасалғанын ұғуға болады. Сол себепті, соңғы кездері әлеуметтік наразылық тудырып отырған кейбір әрекеттердің жауапкершілігі қаралуы тиіс деп есептеймін. Өйткені, өз рәмізімізді өзіміз ұлықтамасақ өзгенің жаны ашымайтынын өмір шындығы көрсетіп отыр. Сол себепті, мемлекеттік рәміздерді жақсы көруді, құрметтеуді өскелең ұрпаққа үйрету – бүгінгінің басты міндеті. Ендеше, ұлтымыздың ұйытқысы – мемлекеттік рәміздер жасасын!

Қазыбек ДӘУІТӘЛИЕВ,
заң ғылымдарының кандидаты, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

24.06.2026
Қазақстанда интернет неге арзан? Ел әлемдік рейтингте 19-орын алды

Қазақстанда интернет неге арзан? Ел әлемдік рейтингте 19-орын алды

24.06.2026
Шекара шебіндегі игілікті шаралар

Шекара шебіндегі игілікті шаралар

24.06.2026
Ашық терезе тажалмен тең

Ашық терезе тажалмен тең

24.06.2026
Әскери қызметшілер «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Әскери қызметшілер «Мәдениет саласының үздігі» атанды

24.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.