Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

13.09.2020
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ойламаған жерден  2 тамыз күні барша қазақ үшін қаралы хабар жетті. Даңқты балуан, 1980 жылы Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы  Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды дегенді естігенде төбемнен мұздай суық су құйып жібергендей болды. Сөздің шыны керек, оның есімі өзінің табиғи жаратылысына сай еді. Жақсылық туғанда періште келіп қасында тұрғандай. Жүрген жері расында жақсылық, ылғи жарқырап тұратын. Қолы ашық, кең жүректі, ерекше мінезді болды. 


Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтында Жақсылықтан бір курс төмен оқыдым. Студенттік шақтан Жақаңмен бір спортзалда, бір жаттықтырушыда, бір кілемде  дайындалып, күресіп едік. Еркін күрестен алғашқы бапкеріміз – Владимир Александрович Лювинхай, әкесі қытай, аралас некеден туғанымен ұлты орыс деп жазылатын. Неге екенін білмеймін, Жақсылықты «Саша» деп еркелететін. Біздің спортзалға гимнаст оқушылар келіп, бөлек шұғылданатын. Сол кішкентай ұлдар бірде киім шешінетін жерден «Сашканың» бәтеңкесін киіп кеткен көрінеді. Соған ренішін білдіріп, енді қайттым деп жүргенде, бапкеріміз Жақсылық  спортзалға келмей қояды деп ойлады ма, оны дүкенге апарып, қысқы етік әпергені есімде қалыпты. 

Мен еркін күрес секциясына алғаш келгенде Жақсылық 48 келі салмақта Семей қаласының чемпионы екен. Ол 1-ші разрядтық нормативті төрт айда орындап шығыпты. Мені бірнеше айдан соң құрама командаға Жақаңнан бір саты жоғары 52 келі салмақта қабылдағанда, Айтан Қайсаев (57), Ақан Қайырлыбеков (62), Құрман Садықов (68), Төкен Камалиддинов (74), Сары Маямеров (74), Заманбек Нұрпейісов (82), Виктор Герхарт (90) деген балуандар қаланың жеңімпаздары болатын. Өйткені, бапкеріміз де мықты болды. Түр-тұлғасы, дене бітімі сымбатты болуымен қатар өзі спортшының жан дүниесін жақсы түсінетін психолог, әкеміздей қамқоршы, әрдайым жағдайымызды біліп, оқуымызды да қадағалап, қажет болған жағдайда жәрдемдесіп те жүретін. Біз сырттай оны – «Льюик» деп айтқан сөздерін заң ретінде қабылдап өстік. Апталық, әр тәулік ішіндегі режимді міндеттегенде, Жақаңды маған жетекшілікке бекітіп қойды. Сөйтіп, іштеріндегі сарауыз балапандай болып жүрген маған осы Жақаң мен Айтан ағалық қамқор жасап жүрді. 

Қалалық біріншіліктен жүлделі орын алып, ҚазССР жастар арасындағы біріншілікке қатысатын болдық. 1970 жылдың 2-қаңтарында жолға шықтық, жүрдек жолаушылар пойызына екінші рет отыруым. Бағымызға орай плацкартқа орын болмай, купеге билет алыпты. Вагонға кіргенде мен аузымды ашып қалыппын, бапкер Жақаңды, мені, Айтанды шақырып өз қасына алды. Әркім өз орнына жайғасып болғанша Шар қаласына жетіппіз. Терезеден қарасақ шаңғы теуіп, конькимен сырғанап жүрген жас балалар көп-ақ, сонда тренер: «Саша, вон твой зачёт!», – деді де үшеуі күліп жатыр. Жылтыңдап мен де терезеден сығаладым, бірақ дөңнен төмен сырғанаған жүгірмектерден басқа ешкімді көрмедім. Где зачёт?, – десем тағы күледі олар. Содан соң таңырқып отырған маған Жақсылық жағдайды өзі айтты: «Өткен қыста денешынықтырудан сынақ тапсыру үшін шаңғымен 3 шақырым жарысуым керек екен. Мен шаңғыны аяғыма ілген беттен  бұтымды айырып ала жаздағам, қайдағы сынақ тапсырған, бәрі солай қалды. Сөйтіп, еркін күрестің тренері Лювинхайға келдім де: «Зачёт мне надо?» – дедім. Ол маған қарап: «Вон того положешь на лопатку, поставлю зачёт» деп бір баланы көрсетті. Ол 2-ші курстың студенті екен, разряды да бар көрінеді.Сонымен белдесе кеттім де ұстасқан бетте алып соқтым. Қайта тұрғызып тағы күрестіріп жіберді, тағы да алып соқтым. Содан тренер маған жабыса кетті «Именно, сен маған керексің!» – деп. Сөйтіп, еркін күрестің секциясына келдім. Кілемде тер төгіп, тұрақты түрде жаттығуларға қатыса бастадым. Көп ұзамай, бір-екі жарыстан соң институттың құрама тобына бірден мүше болып кірдім. Анау шаңғыны көргенде, бәрі маған күледі, осыдан басқа әңгіме жоқтай» деп жымиды. Осы жерде мен де еріксіз күліп жібердім, ал бапкеріміз маған қарап: «Сашка очень настырный, как клешь, не отступить пока не добьется своего, старайся перенимать это качество от него! – дегенде пойыз тоқтады. Бұл Жалғызтөбе еді. Одан соң Жарма, Аягөз, Ақтоғай, Лепсі, Молалы, Үштөбе стансысы болып жалғаса берді.

Содан ертеңінде теміржолдың құдіретін Владимир Александрович бізге тәптіштеп айтып берді. Айнабұлақ па, Сарыөзек пе біреуіне келгенде ол: «Здесь была историческая стыковка, из Туркестана линию возглавил сам первый инженер М. Тынышпаев, а из Сибири линию возглавил Ж. Омаров. Именно, таким великим казахам, люди живут во благе теперь, а эту железную дорогу они называли – Турксиб!», – деп маған қарады. Мен шала-шарпы бірдеме ұққандай болдым. Льюик шығып кеткенде Жақаң маған қарап: «Стыковка деген немене?», – деді. Сол кезде есіктен біреу кеп: «Пирожки с творога и с тыква деп айтты. Әйел өтіп кеткесін Айтан ойланып, стыковка деген – пирожок с тыкыва жеген-ау», деп аударма жасап жіберді. Сөйтсек, Айтан Қытай жерінде туған бала екен, ал Жақаң фосфорлы Жаңатастың қазағы. Осы үшеуміздің ішінде Павлодардан мектеп интернатын бітірген мен ғана орысшалап бірдеме сөйлейтінмін. Содан тренер кіріп келе, біз пирожок алды деп ойлаған болу керек: «Вы спортсмены, вам нельзя что попало кушать. Вот почему «мухачи», возле себе я вас держу, а те старшие знают это», – деп ақыл айтты. Кейінгі өмірімізде оның айтқанын есте ұстадық.

Әйтеуір тықылға үйреніп қалыппыз, бір мезгілде пойыздың алды да, арты да көріне ирелеңдеп, кішкене ауылды айналып жүргендей болдық. Оны да тренер тәтпіштеп айтып берді. Содан соң жазық даладан өткенде Іле Алатауы көрінді, керемет еді көргендегі сезімім. Тарсылдата темір құрылысты көпірден өтіп, бұзылып қалған стансыға тоқтады. Шатырсыз, терезе орны үңірейген үйлер, Ұлы Отан соғысының киносындай. Түскен, не мінген адам болған жоқ, бірақ тұрмыз. Содан бапкер өзі, бұл стансы Или, келешекте осы жерде Қапшағай ГЭС-і, мынау үлкен су қоймасы боп толады!, – деді. Содан Алматы І вокзалына келіп тоқтадық. Ол кезде ескі корпус, бірақ соның қасында құрылысқа керек дүниені төгіп жатыр. Ал перронға тренер үшеумізді де түсірмеді, купеде отырдық. Содан бір әйелдің кіріп келе «апорт, апорт алыңыз?»  дегенін естідік. Сол бұрқыраған апорттың иісінен есіміз ауып кетті. Мен аңқаумын, 1 сом бермекші болғам. Жақсылық осы жақтың қыр-сырын білетін оңтүстіктің тумасы ғой, қазақша алай-бұлай деп жатып, әйтеуір 50 тиынға бір сетка алма сатып алды. Сонда әлгі әйел Жақаңа қарап: «Жұдырықтай боп мынаның бәлекетін-ай!», – деп шығып кетті. Сол алманың сыртын сүртпей жеуге кірістік, тренер келіп қарқылдап күлді де, «сразу не надо, через час по одной яблоке» өзі де бір шелек алма алғанын айтты. Пойыз қозғалып, бәріміз терезеге келіп тұрдық. Алатауды бірінші көргенім осы, бағыма қарай күндіз. Не деген биік, не деген алып тау, не деген керемет?! Осы сезім мәңгі санама бекігені рас. Шынында, Алматының бір институтына түспегеніме өкіндім. Қара-көк тас пен шырша ортасында, қары мен мұзы үп-үшкір, ала бұлтпен араласып, көк аспанды тіреп тұрғандай болып көрінді маған. Қазір ойласам, осы жол сапар, сол жарысқа келуім, Лювинхай және Жақсылықпен жанаса жүргенім, күні бүгінге дейін өмірімнің негізін қалағанын ұқтым. Сөз жоқ, Жақаңның әлемдік тұлға екенін білесіздер, оны айтармыз, мен әңгімем арқылы оның досқа адалдығын, тазалық пен ақ жүректігін ашсам деймін. Рас, жаратылысы да ерекше, Алатау мен Қаратаудың жәй тасынан емес, гранит пен мәрмәрінән десек болар. Бала кезімнен көргеннің бірімін, білсем де айтатын білімім жетпеді және оның жөні де түспей қойды. Иә, сол купенің үстінде, көрпешені жамылып, білдірмей алманы өкіртіп жатсақ, бапкер екеумізге: «Әу ұсақтар, қарындарың қампия іштерің шығып тұр, келгесін 15 айналым, штраф!», – деді. Содан мен Жақаңнан сұрадым, штраф деген немене деп. – Ол жылы киініп ап, стадионды айналып жүгіреміз, сол штраф, – деді. – Е-е, мен штрафты ақша төлейді екенбіз деп ойладым дегенде, Льюик күліп жіберді. Одан соң команданы пойыздың ресторанына апарып тамақ ішкізді. Екеумізде тамақ сиятын орын жоқ, бізге зорлап гуляшты жегізді, қуаттау үшін. Кеш батып, түн ішінде Тараз қаласына келіп жеттік. Бізді тосып тұрған автобусқа отырғызып, қонақүйге апарып жайғастырды. Ертеңінде ауыр салмақтылар қосымша тамақ ішіп әлек, орта салмақтылар өз қалпында, біз үшеуміз жылы киініп жүгіруге кірістік. Келесі күні аталған додаға түстік, жарыс өте қиын болды. Додаға келгендердің бәрі өз облысының жеңімпаздары. Кем дегенде жүлдегерлер. Үшінші күнгі жарыстың финалына бізден тек Жақаң ғана өтті. Міне, Жақсылық Үшкемпіров осылай ЧЕМПИОН   деген атақ алды.

Тренер риза болып: «Саша, ты у себя дома победил, тебя зачислили в состав сборной команды молодежи Казахстана, скоро сборы, съезди к родителям!», – деп жанына Құрбан Садықовты қосып, Жамбыл қаласынан Жаңатасқа жіберді. Құрбан команданың капитаны, Лепсінің жігіті, денесі де үлкен және 4-курс студенті еді.

Семейге келе бір өзгерістегі, аса демеуші күшпен жаттығуға кірісіп кеттік. Жарыс болатын күн де жетіп, «СЗМИ» спортзалына Қазақстан мен Орта Азия республикалары ауыл-         шаруашылығы ЖОО-нан командалар келді. Командалық І және ІІ орын алған топ қана Бүкілодақтық жарысқа жолдама алады. Екі жерде бозкілем, ол кезде төрт бұрышты болатын, қазіргідей дөңгелек емес. Бастаушымыз Жақсылық, ол 48 кг бойынша бірінші шықты да, қарсыласын кілемнің ішкі бұрышына итеріп апарды да, бұрыштан бұрышқа өткен сияқты боп «нырок» әдісімен қолтығына кіре көтеріп ап, қарсыласын кілемге жауырынымен таза түсірді. Біздің жанкүйерлер Жақсылықты аспанға лақтырып жатқан. Осы сәтте екінші кілемге мені шақырды, Льюик жанталаса «Саш, ты молодец! – дей сала маған жүгірді. Маған қарсы Ташкенттің өзбек студенті шықты. Өзімше тыртыңдап барымды жасап жүрмін, бірінші үзіліске шетке шықтық. Заманбек орамалмен мені желпіп тұр, жаттықтырушы маған: «Қайтадан диірмен әдісіне кір де, сәл бөгеліп қолын босатпа, ол екінші қолымен сенің артыңнан аудармақшы болғанда, сол қолыңмен ішінен орап алып арқаңа аударыл. Но, қолдарыңды жіберме!», – деп ескертті. Еңкейіп келе соны жасадым, өзбекті таза жеңіп шыққанда, барлық жанкүйерлер көтеріп әкетті де, аспанға атып жатыр. Жерге түскесін бейтаныс үлкен кісі «өзбектен жеңілсең, артыңнан теуіп залдан қуып шығушы едім», – деді де, Владимир Александрович, поздравляю!, – деп жаттықтырушыма қолын берді. Сөйтсем, ол алматылық белгілі бір жаттықтырушы екен. Осындай үлкен додаға тұңғыш түскен Жақсылық пен Айтан – Чемпион атанды. Мен жүлделі ІІІ орын алдым. Біздің жоғары салмақтағы екі жігіт ІІ орын, орта салмақтағы үш жігіт ІІІ орын алып, команда бойынша «АЗВИ» – І орын, СЗВИ – ІІ орын алдық. Нәтиже нормативі бойынша маған 1-ші разряд тағайындалды, өзім шитікпін, денем жұқа тіпті, ал ол значёк – балуан дегенді білдіріп тұратын. Жақсылықта ондай бар, ол тағып алып емтихан тапсыруға кетті. Содан мен де, тапсыру үшін костюміме тағып алатын болдым.

Еркін күрес бойынша бұндай жетістік, яғни ІІ орын алу «СЗМИ»-да тұңғыш болыпты. Енді Бүкілодақтық КСРО ауылшаруашылығы институттары арасындағы еркін күрестен турнир Осетияның астанасы Орджоникидзе қаласында өтетін болыпты. Дайындығымыз күшті. Топ ішіндегіден физикасы нашар мен ғана, тренер өзі мөлшер мен жоспар жасап баптап жүр. Ал «Саша, тебе надо в захвате боротся», – деп оған «Бычок» әдісін жетілдіре шыңдауда. Бұл: «Қарсыластың оң қолын оң қолымен білегінің астынан үстіне қарата ұстау, сол қолымен оның тоқпан жілігінен шап беріп тартып қала, қолтықтың астына кіре, бүйіріне итеріп жібере еңкейтіп түсіру не жығу.  Еңкейтіп түсіргенде жығылмаса қолтық астынан, сағат тіліне қарсы айналып, сол қолының алақанын босатып ала қарсыластың белінен қапсыру керек.  Ал оң қолын осы толық орындалмай босатпай ұстауға тиіс». Тек төреші бір ұпай тағайындаған соң «накат» жасауға кірісетін. Бұл Жақаңның жекедара, үш тізбектен тұратын әдісі еді. Осы әдіспен кейін Мәскеу Олимпиадасы финалында алғашқы екі ұпай алды. Лювинхай жарыстағы кілем үстінде әр шәкіртінің ыңғайын байқап, оның икеміне байланысты өз әдісін шыңдайтын. Мысалы, мені «без захвата» күресуге үйретіп жүрді. Сол кезде аптаның 6 күнінде жаттығу жасаймыз, бұрын күнара болатын. Сейсенбі мен бейсенбі күні волейболшылар жаттығады, олардың теңбіл добы біздің кілемге ұшып келеді. Оны біз өздеріне лақтырып жібереміз, ал олар кілемді баспауға тиіс. Семейдегі ең биік спортзал СЗМИ-да, волейболдың тренері Микрюков деген адам. Жаттығатындар қаланың құрама командасы, содан бір ұзын орыс жігіті, алақаны күректей, доп алу үшін кілемді таптап жүре берді, оған екі-үш рет ескертті де. Сол Жақсылықтың қолын басып кетті ме, ескерткенде кешірім де сұрамай, оның үстіне Лювинхайды балағаттап жіберді. Әбден ыза болған Льюик оған жетіп барғанда, ол алақанымен беттен салып қап, ұшырып түсірмекші екен. Бұл болса жалт ете оны «качерга» әдісімен алып соқты да, «растяшка» жасай салды. Анау бұратылған бойда жерде қалды, Льюик волейболшыларға келіп: «кто ещё заходить на ковер, ждет это!», – деді. Осы бейне көз алдымда әлі тұр. Ал әлгі жігітті медицина жедел жәрдемі келіп алып кетті. Кейін сол сотқа шағымданған-ау, сірә. 

 Екі айдан соң Владимир Александрович Лювинхайды бапкерлік жұмысынан босатты. Содан соң ол Красноярскіге көшіп кетті. Бізді классикалық күрестің тренері, Ром Ильматов жинап алып, Минводыға ұшып келдік. Солтүстік Кавказ жері керемет  екен, біздерді экскурсияға әкеп, «Великая Грузинская Военная дорога» дегенді көрсетті. Енді ол туралы әңгіме кейін. Осы үлкен жарыста алматылық спорт шебері  – А. Сабиров пен біздің спорт шеберлігіне кандидат – Ж. Үшкемпіров екеуі  Чемпион болды. Ал көпшілігімізді ингуш, осетин, қарашай, құмық, беларусь, орыс пен якуттар сазбалшықтай иледі. Біріншіден, олардың межесі биік, екіншіден, біз нақақ тренерсіз жетім баладай болдық. Айтанның қолы сынып, соның салдарынан еркін күреспен мәңгілік қоштасты.

Келген соң екінші курстың студенті, Жақсылық Үшкемпіровке  екі айлық стипендия сыйлыққа берілді. Ол 70 сом алып, командамызды «Восход» ресторанына апарып, қуанышты атап өттік. Ал күзгі жаңа оқу жылынан бастап Жақаң классикалық күреске ауысып кетті, Ром Хасанович өзіне көндіріп алған сыңайлы. Ол жағдайда бұл шешімі дұрыс болғанын кейінгі өмір көрсетті ғой. 

Мен еркін күресте қалғаныммен Жақаңмен араласымыз үзілген жоқ. Өйткені, бір спортзалда жаттығамыз. Жақсылық классикалық күрестен Қазақстан біріншілігіне дайындалып жатты. Ол сәуір айының 20-шы жұлдызында, астанамыз Алматы қаласында өтетін еді. Осы жарысқа балуан ретінде шеберлігі келіскенмен  салмағын түсіріп, межелі жобаға келтіруге тиіс болатын. Сол дайындықты өзі 12 күн бұрын бастады. Жұма күнгі жаттығуда 56 кг тартты, ертеңінде моншаға баратын болып келістік. Сенбі күні сағат 13-те «классиктермен» Жақаң моншаға кіреді, ал біз «вольниктер» сағат 16-да келеміз. Сол Семейдің мединститутының қасындағы монша, Советская көшесіндегі, керемет еді! Қызығы былай, балуан Сапарбек екеумізге қосылып, бөлмеде бірге тұратын достарым Өмірзақ пен Сержан да бірге келді. Ал енді баяғы Лювинхайдың үйреткен әдісі бойынша Жақаңның қалай пар (бу) қабылдауын айтайын. Ол әуелі жуынып алады да, басын кір сабынмен екі рет жуады, содан соң парнойға кіріп 1-ші және 2-ші баспалдағына отырады, бірақ сібірткімен соқпайды. Осылай 25 минут отырып шыққан соң біраз дем алып, бір ұрттам су ішпей қайта кіреді. Енді 3-ші және 4-ші баспалдағына 20 минут отырады да, шыққасын бетін тастай сумен жуады, бірақ су ішпейді әлі. Ол кезде тегіс тақтайдан жасалған орындықтар болатын, соның біреуіне отырып 20-25 минут дем алады. Душтың шым-шым суының астында көп тұрып, парнойға кіре 5-ші баспалдағында 15 минут қозғалмай отырады. Осыдан шыққан соң сұп-суық суды басына алақанымен бүркіп-бүркіп салқындайды да, басын сол ыдысқа батыра қайта шығара «ахылап, ухілей» жөнеледі. Үлкен кісілер жалт қарап, мына жұдырықтай бала не істеп жүр дегендерді талай естідік. Содан қоңыр халатын киіп, 3 тиын салатын автоматтан су алып ішеді, оның жартысын ғана алып, соның өзінің жартысын ішеді. Қайыра келіп парнойға кіреді, сол парнойдың ішінде қолмен ашып-қосатын винтелі бар, оны қалауынша Жақсылық өзі қосады да қозғалмай тура 15 минут отырады. Біз шыдай алмай шығып кетеміз. Ол шыға сала жылы душ қабылдаған соң  жарты стақан су ішіп, «простыняға» оранады да, жарты сағаттай жатады. Осыны көріп бір қария бізден: – Мына бала кім өзі? – деп сұрады. «Балуан бала!», дедік. – Бәсе, болса болар, денесі балғаның сабындай тып-тығыз екен! – деді. Содан бәріміз жиналып, №4 автобуспен СЗМИ-дің Калинин көшесінде 282-гі жатақханасына жетеміз де бар тамақ пен ыстық шайды тоя ішіп, бөлмемізге барып құлаймыз. Ал Жақсылық болса, жарты кесім нанға сыр мен колбаса салып, бір-ақ кесе шай ішеді, күні бүгінге дейін оның шыдамына әлі таңғаламын. Расы солай еді.

Сөйтіп, 1971 жылы сәуірде классикалық күрестен алғашқы үлкен жарысы Қазақстанның чемпионатына барды. Осындай ірі жарыста Петр Филиппович Матущак, Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Қабден Байдосов сияқты үлкен ұстаздар сынынан жаңа буын балуандар өтетін. Ол кезде еркін күресте тек 1-ші алғанға, ал классикалық күрестен 1-4 орын алғандарға КСРО спорт шебері атағын беру ережесі бар еді. Осы үлкен сайыста Жақсылық Үшкемпіров тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанып, спорт шебері болып оралды. Семейге келген соң оған ауыр жүк артылып, енді республиканың атынан Одақтағы жарыста ел намысын қорғауы керек. Жақаңның классикалық топтағы дос-балуандары да мықты болды. Мысалы, Қайыртай Оразалинов, Кайырбек Масалимов, Владимир Бабичев, Николай Бабичев спорт шеберлері атанды. Дегенмен де, Жақсылық үшін менің орным бөлек еді. Өйткені, біз екеуміз де Лювинхай десек жан беруге дайын едік, ол да біз үшін солай екенін сезетінбіз. Әрине, классикалық күреске ауысқанда, оның жаңаша ізденістерге жолы ашылуы екен.

Енді біздің Саша-Жақсылықты, Алматыдағы республикалық топ – ЖАК!,  – дейтін болыпты. Көп ұзамай Жақсылықты ҚазССР-і «Қайрат» спорт қоғамы атынан, Бүкілодақтық сайысқа апарaды. Ал біз оның ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионы болғанын радиодан естіп, газеттерден оқыдық. Бұл Семей үшін үлкен жетістікке баланып, қала жұртшылығы оны аэропорттан күтіп алған едік. Оған Семей облыстық атқару комитетінің төрағасы Екейбай Қашағанұлы өзі бас болып, ұшақтың сатысынан қарсы алды. Бұқара халық пен  біз сияқтылар жайымызға қалдық. Содан Жақаңды жатақханаға келгенде бір-ақ көрдік. Оның алдында асығыс болғандықтан ба, жарысқа ол ректордың бұйрығы шықпай кетті. Осыған орай біз  оған ректор У. Абдильманов «3-курс студенті Ж. Үшкемпіров оқудан шығарылсын» деген бұйрық болғанын айттық. Ертеңінде ол кадр бөлімінен сол бұйрықтың көшірмесін алды да, Алматыға ұшып кетті. Екі күн өтіп, үшінші күні қайтып келді. Қолында қағазы бар. Ол – ҚазССР-і Ауылшаруашылығы министрі М. Моторико қол қойған, фирменный бланкадағы Ж. Үшкемпіровті қайтадан оқуға қабылдап, спорттағы жетістігі үшін сыйақы тағайындалсын деген бұйрық еді! Содан ректор Жақсылыққа қайтадан бұйрық шығарып, 100 сом сыйлық тағайындауымен қатар өзі қабылдау жасап, ертеңінде кездесу ұйымдастырды. Кездесуде облыстық спорт комитетінің басшысы Юрий Кузнецов келіп, Жақсылық Үшкемпіровке бір бөлмелі пәтер берілетінін айтқан еді. Бұндайды кім білген? Кейін Семей облыстық «Қайрат» спорт қоғамының басшысы Қабыш Омарұлының қолдауымен, күрестегі жоғары жетістіктері үшін Ж. Үшкемпіровке жеңіл автомобиль «Москвич М-412» беріледі деді. Оның нақты бағасы – 4945 сом болатын. Жәкең бір үйдің жалғыз ұлы, бірақ жеті апатайы бар. Сол туыстарына жағдайды айтып, телеграмма соқса керек. Ол кезде елдің көбінде ақша бар, ал машина сатып алу қияметтің қияметі. Өйткені, жылдап кезекте тұрасың. Алдымен соғыс және еңбек ардагерлері, еңбек озаттары секілді адамдар жеңілдікпен кезексіз алатын.

Содан апа-жезделері ақша салғанын біліп, жатақхананың астыңғы бұрышындағы пошта  бөлімшесіне барсақ, орыстың әйелдері Жақсылыққа қарап «как, он совсем меньшой, а ему десять тысяч рублей? – деп бермейді. Өйткені, ол заманда бұл дегенің қисапсыз ақша. Содан милицияға хабарлап үлгеріпті. Сондағы келген лейтенант орыс жігіті спортшы самбист екен, Үшкемпиров сенсің бе  деп құшақтап алды. Жақаң орысшалап: «Мынау ақша бермей жатыр!», – деді. Ол пошта қызметкерлеріне «это – Чемпион Союза, Үшкемпиров» деп жинақ кітапша жасатып, соған 10 000 сомды салғызып, қандай банкіден болсын өтетіндей етіп берді. Сөйтіп жүріп  Жақаң «Москвичті» де тақымға салды. Кейін біздің институттың әскери кафедрасы  Жәкеңе темірден гараж берді.

Бір айтатын жайт, Жақсылық байқамай тамағына суық тигізіп алса керек. Содан дене шынықтыру диспансерде оған ота жасалды, таңдай бездерін алып тастаған. Ал негізінде Жәкеңнің өкпесі таза, тынысы кең еді, керемет шыдамды болды жасында. 

Содан, оны КСРО құрама командасына қабылдады. Венгриядағы халықаралық жүлденің жеңімпазы болып елге келгенде Жәкең өзгеріпті, қос жанары оттай жайнап, екі көзі асыл шыныдай жарқырап тұр. Үстінде қоңыр-сарғыш түсті былғары күртек, иығы мен қолтық тұсынан бахрама сияқты желкілдеп тұр. Шалбары да дәл сондай, аяғындағы туфлиі қайқайған, өкшесі көтеріңкі. Бір сөзбен «Техастың Ковбойы» сияқты, бұндайды алғаш рет көруіміз. 

Міне, осылай Жақаң классикалық күрестен Қазақстан құрамасының 48 кг салмақтағы 1-ші нөмірлі балуаны болып бекітілді. КСРО құрамасында «Туапсе», «Алушта» санаторияларындағы спорткомплексте жаттығып, бапталып жүрді. Өзінің айтуына қарағанда олар: қолмен жүруден, бір аяқпен секіріп стадионды айналып шығудан, канатқа қолмен аяқты тоқсан градус ұстап өрмелеуден, сүңгіп жүзуден, су астында кім көп шыдап отырудан өздік сайыс жасайды екен. Осының бәрін қағазға тіркеп жазады. Сол балуандардың ішінде, Жақаң су астында отыруы – 3 минут 58 секунд болып, ішкі рекорд орнатқан. Ол солай әлі тұр! 

Ал моншада 5 сағат пар қабылдауын жоғарыда айттым. Өзі велосипед тепкенді ұнатты, зырылдағанын көргендер қызығушы еді оған. Шынында да, Жақаң өте ашық, ақ жарқын мінезі көктемнің шуағындай жайлы еді. Қолында барды өз достарынан аяп, не жасырып көрген емес. 1975 жылы КСРО Халықтарының V Спартакиадасында чемпион болып оралғанда мені үйіне қонаққа шақырды. Өзіммен бірге Ермек деген досымды ала бардым. Ол соны әлі  айтып қоймайды. Жәкең спорттағы жеңіп алған барлық медальдарын, ретімен қабырғаға іліп қойғанын көрдік. Одан басқа спорттық, балуандық және спартакиадалық значёктарды альбомға  қаз-қатар түйреп, жинапты. «СССР ауыл спортшылары чемпионатының жеңімпазы» деген қызыл лентасын маған кигізіп, өзі сыртынан қарап, жымия, шіркін Лювинхай болмады ғой осыны алғанда деп, екеуміз сол туралы әңгіме  құрдық. 

1983 жылы Ресейдің Красноярск қаласында  атақты балуан ретінде   Жақсылық Үшкемпіров бозкілеммен қоштасты. Осы дүбірлі тойға оның тұңғыш тренері  В. Лювинхай өзі келіп, тауып алады. Сол жерде П. Угренинов, Р. Руруа, А. Колесов және В. Псарев, алғашқы ұстаз – Лювинхайға бас ие алғыс жариялапты. Бұл атақ пен даңқ кейінгі бапкері Р. Ильматовқа толығынан өткен кез болатын. Кешкі банкетте В. Лювинхай қалған шәкірттерін сұрағанда, Жақаң мен туралы: «Садуов Назымбек выполнил норму по победе над мастерами спорта, но не возили его на Кубок КазССР братья Сайхановы, а он самого Бахытхана и Тусупхана не раз побеждал. Вырос, стал как Вы технарём, боролся в 57-62 кг. Ушел из Семипалатинска непобеждённым. Тогайбек ему поддержку не оказал. Как окончил с дипломом уехал в свою Павлодарскую область, работает по специальности», – дегенін Дінмұхамед Қонаев атамыздың 105 жылдығына орай ас бергенде жолыққанда айтқан еді. 

Міне, құрметті оқырман, бұл даңқты балуан, қазақтың біртуар перзенті Жақсылық Үшкемпіровпен бозкілемде бірге белдесіп, студенттік шақтардың ұмытылмас кездерін қалай өткізгеніміз туралы бұрын-соңды қағаз бетіне түспеген ой-толғамдарым еді. 

Назымбек САДУОВ,
ҚР Журналистер 
одағының мүшесі
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.