Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Ұлтсыздықпен күрес…»

25.01.2025
КҮЛТӨБЕ
"Ұлтсыздықпен күрес..."

Қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтың қатарында екені белгі. Ана тілі мемлекетіміздің негізгі шарттарының бірі ретінде бағалануы керек.


Тіл кеңістігіндегі соңғы уақытта қордаланған аса күрделі жағдаймен санаспау, тегеурінді құқықтық шараларды қолданбау, мемлекеттік деңгейге көтеретін пәрменді құқықтық баптар қабылданбау, өзі де осал қабылданған заңның кейбір принципті мәселелерінің орындалуын қадағалауға атқарушы органдар тарапынан жігерлілік, жүйелілік, принципшілдіктің жетіспеушілігінен мемлекеттік тілді қорғау және қолдау мәселелері құрғақ сөзден нақты іске көше алмады. «Тіл туралы» Заңда жазылған жалпы тілдің дамуы, басымдығы және ісқағаздарын жүргізуді қазақшаға кезең-кезеңмен көшіру Мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі» дегеннің қателік екенін осы кезге дейінгі қабылданған екі бағдарлама тағдыры айқын көрсетіп отыр. Бұл еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінде мемлекеттік тіліміздің өзіндік орны мен рөлін көтеретін саяси құқықтық шешімдер қабылдаусыз мүмкін емесін дәлелдеді. 

Ұл-қыздарымыздың бойындағы ұлттық басты нышанымыз – тілдің әлсіреуі оларды төл мәдениетіміз бен тамаша дәстүрлерімізден бірте-бірте алшақтатып барады. Оның үстіне жаңа қоғамның ішкі дүниесін түгендеп алмай, есікті айқара ашудың нәтижесінде ертеден, кешке дейін телехабарларымыздағы ұрыс-керіске, адам өлтірудің тоқсан тоғыз айласына толы шетелдік сериалдар, кез келген жерде ашылып-шашылып жатқан шетелдік газет-журналдар мен сан алуан хикаяға толы кітаптар, әсіресе Мәскеуде дайындалатын орыс тіліндегі жарнамалар қазақ көрермені мен оқырманын рухани тұншықтыруда. Әдебиетіміздің алыптарының бірі Ғабиден Мұстафин: «Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер» деп жай ескертпеген сияқты.

Қандай мемлекет болмасын, ондағы халық тілдің өмір сүріп, қызмет етуінің негізгі шарттарын қалыптастырады. Құдайға шүкір, тарихы, тіл байлығы, шешендігі мен көсемдігі жағынан қазақ көршілес халықтардан кем емес. Осы негізде облыстағы «Тіл»  оқыту орталықтары өңірдегі тілдік ахуалдың жақсаруына айтарлықтай үлес қосуда. Өзге этнос өкілдері, мемлекеттік және бюджеттік сала, өзге де коммуникативті қажет ететін салаларда облыстық «Тіл» орталықтарының оқытушылары мен қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз екенін айта кеткен жөн.

Рас, мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің басты ұлттық коды.  Ана тілдің айбынын асырмай тәуелсіздікті тұғырлы, құндылықтарды ғұмырлы ете алуымыз екіталай дүние. Сол себепті саяси сілкінетін, әлеуметтік әлеуетті әрекет ететін, құқықтық санамызды қамшылайтын кез келді. Біз шын мәнінде қазақ тілінің мәртебесін ұлттың рухани коды деп біліп, сол жолда жұмыла әрекет етуге тиіспіз.

Қырмызы БАРАТ,
 «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалының оқытушысы 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.