Алматының қақ ортасында орналасқан 5571 әскери бөлімінде алып ағайынды сарбаздар Отан алдындағы борыштарын өтеп жүр. Бүгінгі әңгімемізге арқау болған Қызылордалық кейіпкерлеріміз қатардағы жауынгер Алпамыс Меңдіқұл пен Дәулет Тұрсынәлі жайлы болмақ.
Олардың екеуі де Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының тұрғындары. Ағайынды бауырлар 1-24 шақырылыммен әскер қатарына қабалданған қатардағы қарулас сарбаздар. Әскер адамды шынықтырып, есейтетіні сөзсіз. Алаңсыз шақтан, жауапкершіліктің жүгі тек өзің үшін ғана емес өзгелер үшін артылатын жауапты сала. Алдымен әскер қатарына шықырылған жас жауынгерлерді белгіленген уақыт бойы арнайы офицерлер дайындайды. Әдістемелік сабақтар өтіп, әскери форманы қалай кию қажет, үнемі таза ұстауға міндетті ақ жағаны дұрыс тігу керектігін, аяқ-киімді қалай жылдам киюді, шылғауды дұрыс орауды барлығын-барлығын басынан үйретеді. Бір ай бойы оқыталатын мұндай кезеңді әскердің әліппесі десек те болады. Себебі дәл осы аралықта Отан қорғаушылар бойын тәртіпке, тазалыққа үйретіп, нағыз әскери өмірге дағдыланады. Кейіпкерлеріміз де бір ай бойы осындай кезеңді бастарынан бірге өткізеді, бірге тұрады, бірге жаттығу жасайды.
Бала кезден бірге өскен, ат құлағында ойнап доп тебіскен ағайындылар бойларының ұзындығымен ерекшеленеді. Ата-бабаларының қанымен дарыған тектілік бұл. Отбасындағы жандардың басым бөлігінің бойы ұзын келеді-мыс. Үлкені Тұрсынәлі Дәулет 2005 жылы дүниеге келсе, Меңдіқұл Алпамыс 2006 жылы дүниеге есігін ашқын. Тете бауыр бір-бір үйдің тентегі, еркесі болған. Сөздеріне сүйенсек, әскерге келгелі мінез де өзгеріп, сабырлы, шыдамды, төзімді бола түстік дейді өздері. Ағайыннан жырақтаған жауынгерлер алдымен ата-ана , жақынның қадірі жете түсініп жатады. Бір жыл біреуге аз, біреуге көп болып та көрінер?!. Десе де шетте жүргендерге біршама ұзақ уақыт. Өткеніңді қадірлейтін, болашағыңды жоспарлайтын нағыз шақ осы әскери өмір деуге негіз бар. Өйткені мұндағы ер азаматтар өздерін басқа қырынан танып тұлға боп қалыптасып үйге аттанады.
– Мен,әскерге келгеніме еш өкінбеймін. Бұл орта маған үлкен мүмкіндіктер алаңы бола білуде. Алдымен тәртіпті үйретіп, бойымдағы жалқаулықты жеңе алдым. Жоғарыда айтып өткенімдей үйдің кенжесі, еркесі болған соң бір бойымда еркеліктің сан түрлі қасиеті болатұғын. Ал қазір өзімнің өзгергенімді байқаймын. Қызығы, біздің ағамызда осы Ұлттық ұланның қатарында мерзімді әскери борышын өтеген. Дәл ұландық жауынгер атануымызға да сол кісі себепкер. Нұсқауы яки ақыл кеңесі бойынша осында келдік. Оның да бойы ұзын 2 метр 15 см болатын. Біз де қалыс қалмаймыз менің бойым 189 см болса, бауырым Алпамыстың бойы 197 см ге жетеді. Бізге сырттағы адамдар қызыға қарайды. Бойшаң болғанның ұтымды тұстары өте көп. Қолың кез келген нәрсеге оңай жетеді. Жасырмайын кейде ыңғайсыздық та тудырып жатады. Әсіресе, тар көлік я болмаса кішкентай жерлерге отыруға кірген кезде сыймай қалып жатамыз деп күлді қатардағы жауынгер Тұрсынәлі Дәулет.
Дәулеттің сүйікті істерінің бірі – спорт. Балалық шақтан спорттың түр-түрімен шұғылданып келеді. Еркін күрестен бастап, бокс, кид-боксинг сынды спорттың түрлі үйірмелеріне қатысқан. Жаны жан –жақтылықты қалайтын жауынгер өз ортасында көпшіл екенін байқадық. Үнемі даму үстінде әр саланың басын шалып, өзіне қажеттісін іздеуде. Әскерге дйін медицина саласында білім алып, колддежде оқыған. Мамандығы- фельдшер. Уақытша академия алған, үйге қайтқан осң қолына дипломын алып ары қарай сала бойынша жұмыс істеуге ниетті. Бауыры борышын өтеуге кетіп бара жатқанын естіген ол бірден оқуын тастап, азаматқа сай міндетін өтеуге бел буады. Қазір әскери борышын өтей жүріп, жанына жақсы жандарды жинап жүр. Өз ортасын жақсылармен толықтыруда. «Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды»,- деген ата-бабамыздан қалған ұлағатты ұстаным етеді.
– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жанұяма сәлем жолдаймын. Барлығын сағындым. Ешкімді бөліп жармай Қызылорда қаласының барлық тұрғындарына жалынды сәлем! Мен өзім көпшіл болғандықтан достарым көп. Сол себепті де Ұлттық ұланға айтар алғысым шексіз. Мен дәл осы әскери бөлімге келіп көп нәрсені үйрендім. Бұрын соңды мән бермейтін, елемейтін нәрселерге қазіргі өмірлік көзқарасым мүлде басқаша. Мәселен, біз Қонаев қаласының қоғамдық тәртібін қамтамсыз ету үшін қызметке шығамыз. Қызметті атқару барысында түрлі жағдайларға күә боламыз. Құқық бұзушылықтың алдын алуға күш салудамыз. Сондықтан да маған бұл қызметке түсу үлкен абырай, кеудемді ерекше рух, мақтаныш сезімі билейді. Жаз мезігілде түрлі қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен Қонаев қаласында «Аспан фэст» атты шаралар өтетін.Әдеттегідей ұландық жауынгерлер қосымша қорғау күшіне жұмылдыраламыз. Қызмет атқара отырып, концертті де тамалшалап, эстрада жұлдыздарымен бетпе- бет жүздестім. Көпке танымал Мадина Сәдуақасованы өмірімде жақыннан көрмегенмін дәл сол концертте жақыннан көріп қатты қуанып қалдым.
Ал, Меңдіқұл Алпамыстың отбасында пагон таққан жандар жетерлік. Қазақстан Республикасына қызмет етіп жүрген алдыңғы буын ағаларының ізімен келе жатыр. Өзі де әскери борышын өтеген соң әскери полицияда қызмет еткісі келеді екен. Ол Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде орыс тілі пәнінің мұғалімі бойынша білім алған. Міндетті мерзімді борышын өтеуіне байланысты оқуы уақытша тоқтатылып тұр. Елге оралғаннан кейін диплоп алып, ары қарай өмірлік жоспарларын жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқару жоспарында бар. Алпамыстың сүйікті ісі көп. Әсіресе, ат құлағында ойнағанды жаны сүйеді. Ат баптайды, күтеді. Сонымен қатар, өлең шығаратын қасиеттері де бар екен. Жақынынан жырақтаған кездегі сағынышын, олардың қадірін қағаз беттеріне түсірген.Назарларыңызға ұсынатын бұл өлең жолдары Алпамыстың бір туындысы.
ТУҒАНЫМ
Туғаным сен жанымнан алыстама,
Ара суып болмайық таныс қана.
Құлағыма сен туралы сөз шалынса,
Сол кезде мен кетемін намыстана.
************
Сендегі бір қасық қан мендеде бар,
Мендегі ең үлкен сый мендегі бар.
Әркімнің сөздеріне ере бермей,
Әйтпесе от салуға пенде құмар.
************
Мен сені бәрінен де артық көрем,
Үйііңе жиі барып қайтпасамда.
Мен сені шын жүректен жақсы көрем.
Жақсы көрем мен сені туысқаным!
Сиясы кеппеген бұл өлең жолдарын жырақта жүрген жауынгер барлық жақындарына жолдайды. Кітапқа құмар қатардағы Алпамыс әскерде де қолына қалам алып ара-тұра өлеңдерін шығарып отырады. Демалыс жоспарына сай өздерінің жеке уақыттарын осылайша тиімді өткізеді. Бұл да әскери өмірдің мүмкіндігінің көп екендігінің анық дәлелі. Алып мегаполиске келген алты ай ішінде жиырмадан аса өлеңдерді шығарған.
– Иә, дұрыс айтасыз әскер адамды шынықтырып, тәрбилеп қана қоймайды. Өзге де қабілеттерді ашығу мүмкіндік береді. Көзқарасың өзгереді. Әсіресе, ата-анамның біздің адам болып қалыптасумызға еңбек еткеніндерін, біз үшін, болашағымыз үшін өмір сүріп жүргендерін жақсы түсініп келемін. Әкем-мұнайшы, анам болса- мейірбике. Ағам – құтқарушы. Жанұямдағы барлық жандар еліміз үшін абыройлы қызмет етуде. Менің де осы жолда тынбай еңбек етіп, алдыға қойған армандырым көп. Қазір қызметке шығамыз. Қаланың тыныштығын қамтамасыз ету біздің басты парыз. Осы кездегі кеудемдегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бөлек, ерекше сезімдер толқынысы. Рухың оянады, патриоттық сезімің таси түседі. Өйткені сен мұнда өзгелер үшін жауапкершілікті қатар аласың. Қоғамдық тәртірті қамти жүріп, көп адамдардың қандай екенін ұғынасың. Бұзақылық жасағандарды да жиі кездестіреміз.Мейірімді жандар да жиі кездесіп жатады. Әсіресе, әйел адамдар келіп алғыстарын айтып бізді құшақтап кетеді. «Менің де балам, сендер сияқты Ұлттық ұланда қызмет етіп жүр»,- деп сағыныштарын басатын сияқты. Міне осындай жүректі елжіретін кезде кеудені ерекше мақтаныш керней түседі. Өз Отанымның адал патриоты болғанымды мақтан тұтамын! Қызметіме, адалмын. Ақтық демім қалғанша Қазақстан Республикасына қызмет етемін!
АЯУЛЫМ МАДИКАНОВА
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ