Талдықорған: +21°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛУЫ КЕРЕК

19.10.2024
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛУЫ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Жылдағы дәстүр бойынша баспасөзге жазылу науқаны басталды. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір «Jetisy» газеті айдынды Алакөлімен аты асқақ ауданға арнайы атбасын бұрды. Жетісу жерінің жауһары саналатын Алакөлге жылына миллиондаған демалушы келіп, еліміздің туризм саласының қарқынды дамуына үлес қосады. Соған қарамастан ауданның тыныс-тіршілігі ауылшаруашылық саласына тәуелді. Көршілес Қытай елімен байланыстыратын «Достық» кеден бекеті орналасқан өңірдің тыныс-тіршілігін аудан әкімі Алмас Абдиновпен болған сұхбаттан оқыңыздар.

– Алмас Сапарғалиұлы, Алакөл ауданында жұмыс істеп жатқаныңызға бірнеше жыл болды. Аудан әкімі болғанға дейін де жауапты қызметтер атқардыңыз. Бірақ әңгімемізді әкім ретінде емес, әке әлеміңізден бастағанды жөн көрдік. Қанша бала өсіріп отырсыз? Ұрпақ тәрбиесіне қалай қарайсыз?

– Ең алдымен Жетісу жеріндегі тарихы тереңде жатқан басылымның Алакөл өңіріне арнайы ат басын тірегеніне рахмет айтып, қош келдіңіздер деймін! Өз басыма келер болсам, отбасымызда үлкен кісілеріміз бар. Яғни, ата-анамыздың қолындамыз. Зайыбым екеуміз үш бала тәрбиелеп, өсірдік. Үлкеніміз тұрмыста, екіншіміз өзі оқыған жоғарғы оқу орнында еңбек етеді. Кенжеміз мектеп оқушысы.

Ұрпақ тәрбиесіне тоқталсам, кейде кейінгі толқынға қарап, келешегіміз қалай болар екен деген ойға қаламын. Қазіргідей ғылыми технология қарқынды дамыған кезеңде ұлттық тәрбие отбасынан басталуы керек деп білемін. Әсіресе, өскелең ұрпақтың санасына ғаламтордың пайдасынан гөрі зияны басым. Күнделікті отбасылық тәртіп қалыптаспаған үйден үлгілі, тәрбиелі ұрпақтың шығуы екіталай. Себебі, дастарқан басынан алмаған ақылды бала көшедегі ортадан алады. Сырты жылтыр, іші бұлыңғыр әлеуметтік желіден көреді. Қысқасы орта тәрбиелейді. Әрине елдің бәрі жақсы ортаға, тәрбиелі топқа түсе бермейді.

Қазақтың: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөзі көп нәрседен хабар берсе керек. Шыны керек берген тәрбиенің өзін қабылдай білетін сана керек балаға. Егер оны бірден сіңіре алмаса, бірауыз сөзбен санасына тоқымаса, мың қайталап айтқаныңмен бәрібір. Сондықтан осы жағына баса назар аудару керек секілді. Жасөспірімге өмірлік сабақ беру үшін еңбекке баулу да маңызды.

Кейде әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлерді, теріс әңгімелерді оқыған кезде: «Осы біз адамдықтан кетіп қалмадық па?!» – деп ойлаймын. Хәкім Абайдың: «Шошимын кейінгі жас балалардан» – деген сөзі осындайда айтылған шығар?!

Қазіргі таңда ауданда жастар секторы жұмыс істейді. Әрбір ауылдық округтердегі мектептерде инспекторлар оқушылардың тәртібі мен үлгеріміне қарайды. Бірақ соның өзі аздық етеді. Себебі, қазіргі шалғай ауылдарға жас мамандардың барғысы келмейтінінен көп нәрсені аңғаруға болады. Дегенмен ел болған соң белсендісі де, әлжуазы да, жақсысы да, жаманы да шығады ғой. Жастардың арасында жалындап тұрғандары да кездеседі. Әрине бәрі емес. Сол себепті ауданның жастарын қоғамдық жұмыстарға көптеп қатыстырып, Алакөлдің имиджі патриоттық тұрғыдан дұрыс қалыптасуына ықпал етуіне үлес қостырамыз.

– Алакөлге жылына миллиондаған демалушы келеді. Биылғы көрсеткіш қалай? Оларға қандай қызмет көрсетілді? Көл жағасындағы инфрақұрылым қалай қалыптасуда?

– Көл жағасында 300-ден астам санаторий мен демалыс үйлері жұмыс істейді. Биылғы шомылу маусымында соларға 1 миллион 600 мыңнан астам турист келіп, шипа сулы көлдің жағасында демалып қайтты. Жалпы, жағалаудағы елді мекендердегі электр жарығының жетіспеуі, кәріз жүйесін салу, жағалауды бекіту сынды аса өзекті мәселелер біртіндеп шешіліп келеді. Атап айтқанда, Ақши, Көктұма ауылдарына электр қуатын жеткізетін бағаналарды, электр желілерін жаңартып, қуатты трансформаторлар орнатылды. Алдағы уақытта Ақтоғай – Бескөл, Бескөл – Көктұма бағытында электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Биыл шомылу маусымы ерте басталды, соған орай қызмет көрсету лайықты деңгейде жүрді деп есептейміз. Тағы бір айта кететін нәрсе – Алакөлдің жағалауы мен Үшарал – Достық жолының бойын қоқыстан тазарту жұмысын тұрақты жүргізу үшін облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы арнайы коммуналдық мекеме құруды тапсырған. Қазір соның құжаттамасын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шынында ауданға өте керек. Себебі, Ақши, Көктұма ауылдарын тұрмыстық қоқыстан тазарту мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 10 миллион теңге жұмсалып отыр. Оны екі ауылдық округке бөлгенде 5 миллион теңгеден келеді. Тендер ұтып алған жеке кәсіпкер ақыр аяғында жергілікті жұртшылыққа жүгінуге мәжбүр. Соның кесірінен қоршаған ортаның ластанатыны жасырын емес. Міне, мұндай келеңсіздікті жою үшін осындай жаңа бастама қолға алынып жатыр. Оның тиімділігін өзінің уақыты келгенде көресіздер.

Расында 2 миллионға жуық туристтен қалған қоқысты тазалау үлкен күшті қажет етеді. Әркім тазалықты өзінен бастасын деп көл жағалауына темір бөшкелер орнатып, тұрмыстық қалдықтарды жинауға мүмкіндік бердік. Алайда бөшкеге апармай тастай салатындар көбейді. Тіпті, жатқан қоқысты бейнероликке түсіріп, әлеуметтік желіні шулатқандар шықты. Жатқан қоқысты теріп бөшкелерге салудың орнына бейнекамераға түсіруді дұрыс деп есептейді. Бұл халықтың деңгейін көрсетсе керек.

Тағы бір айта кететін нәрсе, көл жағалауындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көптеген шара қолға алынуда. Теңіз, мұхит жағасындағы секілді пирс – толқынға тосқауыл салып жатқан кәсіпкерлер бар.

 – Ауданның ауылшаруашылық саласының жетістігі қалай қалыптасуда? Биыл жаңбырлы, берекелі жыл болып тұр. Егістіктің түсімі қандай?

– Қазір ауданымызда басты басымдық қант қызылшасына беріліп отыр. Соның әсерімен ауданның диқандары тәтті түбір өсіруге көшті. Жалпы ауданда 85 мың гектар егістік жер бар. Оның 30 мың гектары таулы аймақтардағы тәлімі жерлер. Яғни, жаңбырдың суы мол түссе шаруалардың түсімі де ұлғаяды. Биыл тәлімі жерлерге егілген арпа-бидайдың әр гектарынан 23-24 центнерден өнім алдық. Дәл қазір жазықта орналасқан егістіктердегі жүгері мен күнбағыс орылып жатыр. 17 мың гектар жерге майбұршақ себілді. Ал қант қызылшасының егістігі 600  гектарды құрап отыр. Жыл санап тәтті түбірдің алқабын ұлғайтып келеміз. Ауданда 375 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, өнім алып отырмыз. Осының өзі мақтанышпен айтуға болатын нәрсе.

Ауданда мал қыстату маусымына дайындық қарқынды жүрді. Жем-шөп қоры жеткілікті деңгейде. Тұяқты мал жайлауға шығып, қоң жинап қайтты.

– Тоғыз жолдың торабында жатқан Алакөл ауданының ішкі қатынасын жүргізетін автокөлік жолдары қандай деңгейде? Мойынты – Достық бағытындағы теміржолдың салынуы жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтамасыз етуге қаншалықты көмектеседі?

– Иә, күре жол жалғыз Алакөл ауданын ғана емес күллі Жетісу жерінің экономикалық тұрғыдан биік жетістіктерге жетуіне септігін тигізеді. Қалбатау – Талдықорған бағытындағы автожол толығымен бітіп, жұртшылықтың қуанышын еселегенін көріп жүрсіздер. Бұл республикалық деңгейде атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Енді облыстық деңгейдегі жолдың қатарына Қабанбайдан Тоқжайлауға дейінгі аралықты жатқызуға болады. Өйткені, Көктұма ауылынан тау арқылы Тоқжайлауға дейін жеткізетін жол былтыр халықтың пайдалануына берілді. Ал Қабанбайдан Бибақан арқылы Тоқжайлауға апаратын жол сын көтермейді. 40 шақырымдық жолдың мәселесі бірнеше мәрте көтерілді. Соған орай жобалық-сметалық құжаттамасы дайын тұр. Ендігі жылдың жоспарына кірсе деген ойымыз бар. Егер қаржы бөлінсе қысқа уақыттың ішінде ел игілігіне беріледі. Одан бөлек, Үшаралдан Еңбекші арқылы Арқарлы ауылына дейінгі 60 шақырымдық жолдың тозып кетуі көпшілікті алаңдатады. Оны да келер жылдың еншісіне қалдырып отырмыз.

– Білім, мәдениет, спорт, денсаулық салаларының ішінен көпшілікті денсаулық сақтау саласының деңгейі алаңдатады. Шалғай ауылдарға дәрігерлердің жетіспейтінін тұрғындар жиі айтады. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру, баспамен қамтамасыз ету ісі қалай шешілуде?

– Біздің ауданда 41 медициналық мекеме бар. Оның ішіне ауруханалар, емханалар, амбулаториялар, медициналық пункттер кіреді. Соның бәрі маманмен қамтылған деп айта алмаймыз, жетіспейтіні рас. Сондай кемшілікті жою үшін медицина мамандарын баспанамен қамтамасыз ету ісі жоғарғы деңгейде жүруде. Үй беріліп, қосымша демеу қаржы алған жас мамандар жоқ емес. Қазір ауданның барлық ауылында медициналық мекемелер жұмыс істейді. Солардың бәріне қажетті мамандар біртіндеп келіп жатыр. Әрине, бәрін жаппай дәрігермен қамтамасыз ету мүмкін емес. Себебі, тұрмыс-тіршіліктің тиімділігі, әлеуметтік ахуалдың әртүрлілігі мамандардың таңдау жасауын оңайлатып отыр. Сондықтан жастар шалғай ауылдан гөрі қалалық жерге жақын жүргенді қалайды.

– Халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қалай жүруде? Ауданда үйдің кезегіне тұрған қанша адам бар?

– Былтыр жыл соңында 60 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға бердік. Биыл да дәл сондай мөлшердегі пәтері бар көпқабатты үйді елдің игілігіне ұсындық.

Жалпы, ауданда 1670 адам үйдің кезегінде тұр. Олардың арасында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен апаттық үйлерден көшірілгендердің санаты ғана жоқ. Көпшілігі әлеуметтік осал топтардың қатарына кіретіндер. Бұлардың ішінде 60 адам пәтер кілтіне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлап үлгерді. Былтыр Қабанбай ауылында 15 үй тұрғындарға берілсе, биыл тағы 15 үй салынып жатыр. Одан бөлек, Үшаралдан 20 үйдің құрылысы жүргізілуде. Яғни, ауданда биыл 70 үйге тұрғын кіргізбекшіміз. Оның 10-ы Бескөл ауылында, 4-і Қазақстан ауылында.

Негізі аудандағы баспанаға мұқтаж 1600 адамды толықтай қамтамасыз етпегенімен жыл өткен сайын үйдің кезегіне тұрушылардың саны артып келеді. Осыған қарап мемлекет тарапынан көптеген қолдау жасалып жатқанын байқауға болады. Осының өзі түсінген адамға зор жетістік, мол табыс дер едім.

– Ендеше, осындай қуанышты нотада әңгімемізді аяқтайық. Алтын уақытыңызды бөліп, арнайы берген сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Мәди Алжанбай
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.