Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛЫММЕН ӘҢГІМЕ

10 тамыз 2023
КҮЛТӨБЕ
ҰЛЫММЕН ӘҢГІМЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Келші балам, қасыма, әңгіме бар,

Әңгімесі әкеңнің мәнді болар.

Бір-екі ауыз айтайын ақылымды,

Жүрегіңнің түбінде мәңгі қалар.

 

Сәттерімде күйзеліп, тоқыраған,

Абай жаққан ошақтың отын алам.

Ең бірінші айтарым осы менің,

Ақылың болса, Абайды оқы, балам.

 

Абайды оқы – ешқашан адаспайсың,

Мәңгі өмірді «бар, жоқ» деп бал ашпайсың.

Надандықты санаңнан сызып тастап,

Жамандықты бойыңнан аластайсың.

 

Көз салып қарар болсаң фәниға шын,

Жоғалтқан адамдар көп ар-ибасын.

Абай атаң әуелі үйретеді,

Адамша өмір сүру қағидасын.

 

Біліммен ұштай білгін қиялыңды,

Біл мінезбен ортаға сиярыңды.

Құнанбайдың баласы айтып кеткен,

Құдайдан қорқып, пендеден ұялуды.

 

Азық қыл Хакімнің жыр несібесін,

Сонда жан дүниеңді өсіресің.

Жасыңда ғылым бар деп ескермесең,

Өскенде көп нәрседен кешігесің.

 

Ерінбегін, кітабын парақтағын,

Әрбір сөзін ақылмен сабақтағын.

Қайтіп надан боласың айтшы балам,

Атыңды адам қойған соң Жаратқаным!

 

Қалдырған мұра қылып дана бабам,

Қара сөзден нәр алар саналы адам.

«Бес асыл іс» жаныңа азық болып,

«Бес дұшпанға» жауыңдай қара балам.

 

Білімсіздің қашан да жолы қараң,

Ақылың бар, ұмытпа соны балам.

Толығымен Абайды оқып жүрсең,

Атаң айтқан боласың толық адам.

 

Абайды оқы – басасың асқақ алға,

Абайды оқы – айналасың жақсы адамға.

Абайды егерде сен оқымасаң,

Қалай айтам оқы деп басқаларға!

 

Қонсын десең баянды бақ басыңа,

Жазып тұрып көңіліңнің тақтасына.

Абайды оқы – сол болсын құрметің,

Көрсеткен өлең-сөздің патшасына!

 

Жазғаны сол ғой демей пешенеме,

Абайды оқы – ақылың еселенер,

Дәл осы айтқанымды орындағын,

Шынымен адам болам десең егер!

 

Жұматай Оспанұлы

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.