Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мал бақаннға бітеді

16 қаңтар 2025
КҮЛТӨБЕ
Мал бақаннға бітеді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы әу бастан мал баққан, сол арқылы жан баққан халық. Төскейін төрт түлікке толтырып, ел ырызығын еселейтін ауыл жұртының берік тағаны – мал шаруашылығы.

Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, өңірдегі 164 шаруа қожалығында 17 610  бас ірі қара, 41 900  бас қой мен ешкі, 8800 бас жылқы, 410 бас түйе өсірілуде. Мал азығын қамтамасыз етуге 12027 тонна жем, 68 957 тонна шөп дайындалған. Мал басын асылдандыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Нәтижесінде ауданда мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Ата дәстүрді жалғастырып, оны отбасылық кәсіпке айналдырып, табысын еселеп отырған жерлестеріміз көп. Солардың бірі шалғайдағы Бөрлітөбе өңірінде орын тепкен Қарашыған ауылдық округіндегі Мұқашев шаруа қожалығы.

Ауыл тұрғындары үшін негізінен мал шаруашылығын ұйымдастыру тиімді. Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып, ай сайын еңбегіне сай еңбекақы алады. Мал өнімі еселенсе кіріс те молаяды. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарып, еңбек еткеннің еңсесі биіктейді. Шаруа қожалығында еңбек етіп жүргендердің тұрмысын қамдап алғанын көріп, осындай ойға келдік.

– «Мал баққанға бітеді» деп тегін айтылмаса керек. Төрт түлікті бағу оңай шаруа емес. Әр істің өзіне тән қиындығы болады. Мал бабын тауып, шын ниетіңмен қарасаң ғана берекесін береді. Олай болмаса, ісің кері кетеді, – дейді шаруашылық жетекшісі Қанат Мұқашев.

2013 жылы құрылған шаруашылық қыстан қысылмай шығуы үшін бағымындағы 230 ірі қара, 150 жылқы мен 100 қойға 10 тонна жем, 200 тонна шөп дайындапты. Күнделікті 5 жұмысшы уақытылы жем-шөбін, суын беріп қадағалап отыр. Шаруа қожалығы техникалардан да құр алақан емес. Оның бәрі шаруашылықтың күнделікті қажеттілігіне жарап тұр.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ,
Сарқан ауданы

Фото: nationalgeographic.kz  

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.