Талдықорған: +25°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАЛАЙ БАТЫР (Хикаяттан үзінді)

21.06.2020
КҮЛТӨБЕ
МАЛАЙ БАТЫР (Хикаяттан үзінді)
WhatsAppTelegramFacebook

…Тұтқын тұтыға сөйлеп, қылғына сөз бастады.
– Үш күннен кейін сұрапыл соғыс болады, – деді ол. – Оны өздеріңіз де сезіп, біліп отырған боларсыздар. Атты әскер осы екі таудың арасында, Саржаздың жазығында атойлайды. Ал оған қосымша күш ретінде Қайқы асуының артындағы Шарын шатқалымен екі мыңға тарта жаяу әскер келе жатыр. Бәрі де тегіс қаруланған, сақадай сай әккі жауынгерлер. Олар бүгін түнде Шарын шатқалының аяққы айырығына келіп жетеді. Күндіз жүрмейді. Терең шатта паналап жатады. Қалай кеш болып, ымырт үйірілді бітті, ит бүлкекке салып, жортуға шығады.
– Саны қанша дейсің, – деп қайталап сұрады батыр.
– Екі мыңнан асады, – деді тұтқын, – олар соғыстың үшінші күні таң бозында Қайқы асуынан асады да қазақ жасағына ту сыртынан лап қояды.
– Осы айтқандарың рас па? – деді батыр. 
Тұтқын шыбындаған жылқыдай бас шұлғыды.
– Айтқанымның бәрі рас батыр. Зәредей де өтірігі жоқ. Алдыңғы екі ағамыздың өлгені де жетер. Ал біздің өлгіміз келмейді. Сөзмізге сеніңіз батыр. Біз бұрындары қазақ ішінде өскенбіз. Егер жанымыз сауға болса, тағы да сол елдің ішінде тірлік ете бермекпіз.
– Барлаудағы белгілерің қандай?
– Түнде бір жерден ғана жанған алау көтерсек, жағдайдың жақсы деген белгісі. Екі алауды көтерсек, сақтаныңдар және алға жүрмеңдер деген белгі. Қос алауды қатар ұстап, ілгерінді-кейінді жүгірсек, сендер қоршауда қалдыңдар, сол үшін де соғысқа аттаныңдар дегенді ұқтырады.
– Жаныңның аман қалуы айтқаныңның шындығына байланысты, – деді батыр. – Мен бүгін түнде дүрк көтеріп, мыңнан астам сарбазды Шарын шатқалын қоршауға аттандырамын. Егер сенің дегенің шын болып, құба қалмақтың екі мыңнан астам сарбазы біздің әскердің торына ілігіп, ауға түскен балықтай қырылса, екеуіңнің де жаның аман қалады. Сол адалдықтарың үшін мен сендерге қазақ арсында қалуға рұқсат етемін. Алайда жалған сөйлеп, өтірік айтсаңдар өз обалдарың өздеріңе. Менен жақсылық күтпеңдер… 

– Қали, – деді содан соң қасындағы көп нөкерінің ортасында тұрған әскери тергеушісіне қарап, – мына екеуін бөлек орында, қамауда ұстаңдар. Қашан Шарын шатқалындағы шайқас біткенше, қатал бақылауда болсын. Қалғанын кейін айтамын.

…Сол түні мыңнан астам әскер түн жамылып, Шарын шатқалын қоршауға аттанған…

Құба қалмақпен соғыстың бүгінгі үшінші күні де сәтті аяқталып еді. Түске дейінгі болған екі бетпе-бет шайқас, түстен кейінгі соқтығыста қазақ сарбаздары үшін жеңіспен аяқталған. Қалмақ жасағы алғашқы күнгідей емес, кейінгі екі күні салғырт, салқын қимылдады. Әу бастағыдай қыл шашақты туын көтеріп, кең жазықты даңғаза үнге толтырып, жекпе-жек деп те айғайламады. Ешбір батырдың атын атап, атүсті шайқасқа шақырмады. Аяқ астынан сау етіп шыға келіп, ұрыс салумен болды. 

Түстен кейін тіпті, қалмақ жасағы соғыс даласынан сырт беріп, мүлдем теріс айналғандай еді. Жылқының жусауындай жалқы сәт болса да беймарал тыныштық орнаған. Батыр мұны жақсылыққа жорыды. Түтініміз түзу ұшты, асығымыз алшысынан түсті, енді біз жеңеміз деген желікпе көңіліне мықтап ұялай бастаған.

Батыр Түп жайлауындағы айналасы атшаптырымдай кең жазыққа, өзен бойына тігілген қосынан шығып, айналаға көз жүгірткен. Сонадайдан Қайқы асуы менмұндалайды. Басын көк ірткі мұнар торлап, мұңға батқандай, үнсіз мелшиеді. Сол асудың бергі жақ баурайы қыбырлаған тіршілік. Жайылған мал, ары да бері андыздап шапқан жүргінші, кейде екіден, кейде топ-тобымен жүрген атты жолаушылар шоғыры көзге шалынады. Әр-әр тұстан жанған оттың түтіні нәзік толқып, баяу ырғатылады. Батыр қостың сыртындағы шағын көк белеске шығып, тағы ойға батты. Жалғыз адамды қашанда ой мазалайды. Сол ой толқыны бас сардарды қазіргі шақта тіптен асау толқындай қақпақылдап әкеткендей еді. Есіне осыдан үш күн бұрынғы шайқас түсті. Бұл жасанған жаумен болған ең алғашқы беташар шайқас еді. Екі жақтың әскері де кернейін тартып, дабылын қағып, бір-біріне қарсы беттеген. Межелі жерге келіп тоқтағанда құба қалмақтың бас батыры Төребат Доржы көк буырыл атын ойнақтатып ортаға шыға келіп: 
– Жекпе-жек, жекпе-жек, Малай, Малай, – деп бебеулеп қоя беріп еді. 
Соғыс даласын көріп, денесі бір қызып, бір суып, өз-өзінен әбігерленген батыр тура қарсы алдында басқа емес өз атын атап, атой салып тұрған қалмақ батырын көргенде шоқ басқандай ыршып түскен. Ыстық қаны басына шауып, денесінде намыс оты жарқ еткендей болған. Көзі оттай жанып, қынаптан қылышын қалай суырып алғанын өзі де сезбеген.
– Тоқта, – деді түз тағысындай күж етіп, – тоқтай тұр есер неме. Мені шақырғаның ажалыңды шақырғаның, о дүниеге асыққаның екенін біліп қой. Білдірермін мен саған. Жыланды үш кессе, кесірткелік қауқары бар деген. Сенің әуселеңді басып, көмейіңе құм құймасам, Малай атым құрысын.
Батыр осыны айтып, сар жирен аттан дік етіп түсіп, құранды ердің тартпасын нықтап тартып, белін бекем буып, үлкен әзірлік жасаған.
– Батыр-еке, не істеп жатырсыз, – деп қаумалаған нөкерлері шу ете түсті, – бұныңыз не?
– Не істеп жатқанымды көрмей тұрсыңдар ма? – деді батыр, – мен жекпе-жекке әзірленіп жатырмын.
Қаумалаған нөкерлері басу айтты.
– Қойыңыз басеке, босқа елірмеңіз.
– Сөйткеніңіз жөн, аққыстық Малай батыр.
– Ойбай-ау, жасыңыз жетпістен асқан шағыңызда, мына түріңізбен қалай ғана жекпе-жекке шықпақсыз, қойыңыз, сабырға келіңіз.
– Бас сардар, әр нәрсенің жөні бар, – деп әскери тергеуші Қали сөзге араласты, – сол секілді мына соғыстың да өз жобасы, реті бар емес пе? Жекпе-жектің де сұлбасы жасалып қойған. Бірінші жекпе-жекке кім шығады, екінші жекпе-жекке кім шығады, оның бәрі күні ілгері реттелген. Сіз әуелі, соғыс тәртібін сақтаңыз. Өлім барда, қаза бар. Сіз көз алдымызда жазым болып кетсеңіз, мына қалың қосынды кім басқарады? Кімге қалады бұл дүние?
Осы тұста құба қалмақ сардары тағы айғайлаған.
– Жекпе-жек, жекпе- жек, Малай, Малай.
Оған қарсы жауап ретінде қазақ жасақтары атойлады.
– Жекпе-жек, жекпе-жек!

Әйткенмен өз нөкерлері қанша айтса да Малай батыр айылын жимаған. Қайта тоқтау айтқан сайын жаралы жыртқыштай шабынып, морт ашуға долырып, көкайылданып алған. Батыр өз жанашырлары айтқандай жасы жетпістен асса да әлі тың еді. Еменнің діңіндей шымыр да кесек дене қыры сынып, қырқылжың тарта қоймаған. Батырға біткен тұрпат, үйелмендей мол пішін кемімеген кескіннің айғағындай еді. Қара бұжыр өңі сұп-сұр болып, аялы сар шегір көздері қатты ашумен ақшия қалыпты. Жаратылысында бірбеткей, намысшыл адам еді. Енді аямасқа шындап бекінгендей екен.
Аққыстық Малай батырды қаумалаған топ оған басу айтып, көпке дейін ұлардай шулап жатты. 
– Батыреке, сәл аялдаңыз.
– Бас сардар, райыңыздан қайтыңыз, соғыс жоспарын бұзбаңыз. 
– Жетпістен асқан шағыңызда, аяқ астынан бүлініп, желіккеніңізге жол болсын.
– Малай батыр ел адамы ғой, ел сөзін қаперіне ілер болар.
– Бәрекелді, жөн айтасың сабазым.
Ақыры ешкімді тыңдамаған, алапат ашуға мінген батыр, атын ойнақтатып, қылышын жарқылдатып, жекпе-жекке шығып та кетіп еді. Жасы жетпістен енді ғана асқан батырдың бұл әрекеті біреудің намысын жаныса, енді біреудің көңілінде аяушылы сезімін туғызған… 

Жекпе-жек басталып та кетіп еді. Отыздан жаңа ғана асқан қалмақ нояны салған жерден тап берген. Малайдың кім екенін және жас шамасы қанша да екенін сырттай топшылып, анық білген батыр, өзінен әлдеқайда үлкен, мосқал тартқан қазақ батырын «а» дегеннен жүндеп тастағысы келген. Жекпе-жек жүріп жатты. Екі жақтың әскері де айғайға аттан қосып, Саржаздың кең жазығын даңғаза үнге бөледі. Қылыштар сарт-сұрт етті. Қалқандар қағысып, ұрандаған үндер естілді. Осындай бір апыр-топырда қолдарындағы бар сайманынан айырылған батырлар атүстінде жалаң қолмен айқасып қалып еді. Қатарласа бере өзінен сәл озып тұрған құба қалмақ батырының тоқпақтай шашы көзге түскен. Төребат батыр болса, өзінің ежелгі зымияндығына салып, еңкейе беріп, құранды ердің шап тартпасын қиып жіберіп, енді төс тартпаға қарай ұмсынып еді. Осы ішмерез арамдықты сезген және бір оңтайлы сәттің туғанын байқаған Малай батыр көз ілеспес жылдамдықпен әлгі тоқпақтай бұрымды тақымға басып үлгірген. Добалдай басты тақымға басқан бойда оны құлақ түптен барынша құлаштай келіп, қатты түйіп-түйіп жіберген. Төребат қолынан жарқ етіп алмас кездік ат бауырына ұшып түсті. Әккі батыр енді аттың басын қиғаштай тартып, ағызып қоя берген. Басы қазақ батырының тақымында қалған қалмақ батыры тым шарасыз еді. Сол шарасыздық ақыры оның түбіне жетті. Ат ойнатқан батыр қиғаштай шауып, үшінші рет соғыс майданын айналғаннан кейін қалың құба қалмақ әскерінің алдында есер неменің басын тоқпақтай шашынан сол қолымен тұқыртып тартып тұрып, оң қолымен ұзын сапты селебесін суырып алып, тура қыр желкеден шауып түсірген. Үйелмендей өлі дене жерге жайрап түсті. Малай батыр қалмақтың обадай басын сол тақымға басқан қалпы, оның атын жетекке алып, өз сарбаздарының алдына келген. Қазақ қолы жер жаңғыртып, ұрандап жатты.
Қай соғыста болмасын батырдың жекпе-жекте жеңгені мың мәрте қуаныш. Ол былайғы сапта тұрған әр сарбазға ғаламат күш, жасымас жігер береді. Жетпістен асқан Малайдың бұл жекпе-жегі қазақ жасауылының мәртебесін арттырды. Әр сарбаз өзін бойына төтенше күш, қуат құйылғандай сезініп, қанаттанып, сілкініп алған. Жасы жетпістен асқан батырдың жекпе-жекте жеңгені қазақтарды мейлінше қуаттандырса, жау жағының аптығын басып, көңіліне үрей туғызған.

Қазақтар жағы Малай батырды аттан көтеріп алды. Бәрі де ортаға алып, айналып та толғанып жатыр.
– Есіл ерім-ай, – деп құшақ жая ұмтылды замандасы Қайыр датқа, – есеңді жібермей жауыңа, жеттің бе өз ортаңа. Намыс үшін отқа да түскен, суға да түскен сабазым-ай. Елі үшін жанын шүберекке түйіп, аждаһаның аузына жасқанбай барған жанкештім менің. Айналдым сенен айналдым, – деп Малай батырды құшақтаған бойда өксіп-өксіп, жылап жіберген. Датқа сөзі естіген құлаққа қатты әсер етсе керек. Қаумалаған топтың көпшілігі жанарын жасқа шылап алған…

Дәнеш АХМЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Рәміздер рухы – Конституция күші

Рәміздер рухы – Конституция күші

13.07.2026
Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.