Оңалту қызметі – бұл отадан немесе ауыр аурудан соң ауытқуы бар адамға өздігінен күресуге көмектесетін әлеуметтік қызмет.
Медициналық «Мейірім оңалту орталығы» ЖШС медициналық қызмет нарығында 2022 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Орталық қызметінің негізгі бағыты – оңалту қызмет түрін ұсыну. Бұрын Талдықорған қалалық емханасында қызмет еткен аталмыш компания жетекшісі шаһардан оңалту орталығын ашу қажет екенін түсінді. Себебі, жергілікті ауруханаларда мұндай оңалту орындары жоқ. Сөйтіп, Талдықорған қаласында оңалту орталығын ашу туралы шешім қабылданды.
Нәтижесінде үй-жай жалға алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қажетті жиһаздар сатып алынып, жабдықтар орнатылды. Лицензияға қол жеткізілгеннен кейін ересектерге стационарлық көмек, медициналық оңалту, қалпына келтіру, емдеу, физиотерапия, массаж және невропатология сияқты медициналық қызметтер ұсыныла бастады.
Екі жыл жұмыс істегеннен кейін медициналық «Мейірім» оңалту орталығы оңалту саласы бойынша үлкен сұранысқа ие болып, танымал орталыққа айналды. Осыған байланысты кәсіпкер жалға ғимарат алып, медициналық қызмет ауқымын кеңейтуге бел байлады. Осылайша «Forte Bank» АҚ-ға жүгініп, «Мейірім оңалту орталығы» ЖШС инвестицияларға несие алды.
Жоба «Даму» қоры 2-ші бағыт шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қолдауға ие болды. Қазір аталған орталықта 32 төсек-орын бар, сондай-ақ, 20-дан аса кәсіби медицина мамандары еңбек етеді. Оның ішінде дәрігерлер мен медбикелер және массажистер мен тазалықшылар жұмыс істейді.
А. ЫБЫРАЙ
Талдықорған қаласы