Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МҰНАЙ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕДІ

25.11.2024
КҮЛТӨБЕ
МҰНАЙ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстан биыл жыл соңына дейін 88,4 млн тонна мұнай өндіреді. Ал бұған дейін жылдық жоспар 90,3 млн тонна көлемінде болжанған еді. Мұндай мәліметті Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.


 

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне не әсер етті?

Министрдің мәліметінше, биыл 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 73,5 млн тоннаны құраған. Десе де Сәтқалиев мұнай өндіру көлемі төмендеп кеткенін жасырмады. Оның себебін де түсіндіріп берді.

«Биылғы жылға мұнай өндіру болжамы 88,4 млн тоннаны құрайды. Жоспармен салыстырғанда өндірістің төмендеуі ірі кен орындарында күрделі жөндеу жүргізумен байланысты. Теңізде «Болашақ» кеңейту жобасының мамыр және тамыз айларында жоспарланып отырған іске қосылуына байланысты жалпы ұзақтығы 50 күн жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ Қашағанда 28 күнге толық тоқтаумен слаг-кэтчерді ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілді», – деп түсіндірді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытында газ қабылдауға шектеулер әсер еткен.

«Өндіру деңгейінің төмендеуіне ОПЕК + келісімі шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуы да әсер етеді. Қазақстан ОПЕК + келісіміне қатысады. Қазақстан үшін, басқа елдер сияқты, 2024 жылға арналған белгілі бір міндеттемелер белгіленген (қазіргі уақытта тәулігіне 1,468 млн. баррель). Келісімнің талаптарын орындау әлемдік мұнай нарығында тұрақтылықты сақтау үшін қажет», – деді Сәтқалиев.

2026 жылдан бастап мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады

Энергетика министрі мұнай өндіру көлемі бойынша жоспармен де бөлісті. Сөзіне сенсек, Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндірмекші.

«Мұнай-газ кешенінде елдің дамуында республика бойынша мұнай өндірудің 65%-ды құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады. Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен 185 млрд долларды құрады. Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн тоннадан астам көлемде күтілуде«, – деп мәлімдеді ол.

Министр Теңізшевройл мұнай өндірудің жылына 12 млн тоннаға өсуін қамтамасыз ететін Болашақ кеңейту жобасын іске асырып жатқанын мәлімдеді. Ал Қарашығанақта 5-ші компрессор бойынша жұмыстар аяқталған.

«Сонымен қатар кен орнында қуаттылығы 4 млрд текше метр газды құрайтын газ өңдеу зауытын (бұдан әрі – ГӨЗ) салу жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі – 2028 жылдың соңы. Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр ГӨЗ құрылысы жүргізілуде, ол 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн тоннаға ұлғайтуды көздейді», – деді министр.

Бұдан басқа, 2029 жылы қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр ГӨЗ салу есебінен мұнай өндіру деңгейі 2 млн тоннаға өсетінін айтты.

«Жалпы алғанда, үш ірі жобада мұнай өндіру республика бойынша барлық мұнай өндірудің 70%-ынқұрайтын болады, оған шамамен 17 млрд доллар инвестицияланады. Сонымен қатар жер қойнауының перспективалы учаскелері бойынша геологиялық барлауға 2030 жылға дейін 5 млрд доллар инвестиция салынады, бұл 2040 жылға қарай 11 млн тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, мұнай өндіруге салынған инвестициялар 2030 жылға қарай ірі кен орындарында шамамен 21 млрд долларды құрайды»,  – деп түйіндеді Алмасадам Сәтқалиев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» 2024 жылдың 9 айында 18 млн тонна мұнай өндіріп, оның 65%-на жуығын экспорттаған.

Жалпы, Қазақстанда 10 ай ішінде 460 мың тонна мұнай, газ және химия өндірілген.

КУРСИВ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.