Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МОТИВАТОР

31.05.2025
КҮЛТӨБЕ
МОТИВАТОР

пресс-служба ВК "Жетысу"

Жігерлі сөз бойға қуат сыйлап, рухты оятып, намысты жаниды. Қайраты қайралған жан өз мақсаты жолында тау қопарары анық. Адамның жан дүниесіне мотивация арқылы сілкініс жасап әсер ету, қажеттілігін сезіне отырып тап басу – нағыз шеберлік. Әрине, жөн сілтеп, бағыт көрсету үшін де мол білім, зор тәжірибе қажет. Биыл өзі қатысқан жарыстың барлығында топжарған «Жетісу» волейбол клубының бапкері Марко Грчиштің әр жетістігі таңғалдырмай қоймайды. Оның ізденісі, талғампаздығы, турасын айтып, ойыншыларды қанаттандыруы ерекше.

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін жұмыс істейік. Біз бір кемедеміз. Әр жанның өз міндеті бар. Бір адам еркелікке басып, жұмысын дұрыс істемесе, ол кеменің жүрісіне әсер етеді. Сол адамның қателігі үшін тұңғиыққа батып кетуіміз де мүмкін», – деді маусым басында. Команданы ұйыстырып, көңілді атмосфераның қалыптасуына да әсер етті. Одан кейінгі команданың әр ойыны жеңіске деген жігерден тұрды және өз мақсаттарын сәтті жүзеге асырды. Петропавлда болған Қазақстан кубогында, Өскеменде болған Қазақстан Суперкубогы мен ел чемпионатының шешуші кезеңінде және Филиппиннің Пасиг қаласында өткен І Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» волейбол клубы жеңіске жетті. Әр жеңіске себепші болған жанның бірі – Марко Гршич. Ол – мотиватор, тактик, шешімгер.
Марко ізденісін бір сәт тоқтатқан емес. Үнемі ой үстінде. Әр ойынға дайындығы ерекше. Ойыншыларды жеке зерттеп, сол бойынша жұмыс жүргізеді. Ноутбугіне кешкісін отырып, таңға жуық бір-ақ тұратын сәттері болады. Түнгі екі-үште жекеңе «артық тәтті бар ма?» деп жаза салуы да мүмкін. Тәттіні шетінен жеп жұмыс жүргізуді әдетке айналдырған. Маңызды ойын болса ұзағынан дайындалады. Жетік біліп алған біз Марконың жақсы жұмыс істеуі үшін тәттілерді толтырып қоямыз. Өзінікі таусылып қалса, жазады, ал жұмыс барысын аяқтауға өзінің алғаны жетсе сұрамайды. Ойыншы бір әдісті ақылына сіңіргенше, оны сәтті шығарғанынша үйретуден тынбайды. Кейде алаң ортасына өзі де шығып көрсетеді.

Марконың үнемі айтатыны – бір-бірімізді құрметтейік, өзімізді сыйлайық. Кез келген жаттығудағы жігерлі сөзінен кейін, болмаса тактикалық түсіндіру аяқталғанда дәл осылай қорытындылайды. Марконың өзі де әр адамға құрметпен қарап, оның кеңесіне құлақ түріп, айтқанымен санасады. Кез келген тақырыпты қамтып, білгенімен бөлісуге даяр тұрады. Сөз басында мотивация беру үшін сол саланың білікті маманы, ақыл-өрісі кең, білімі ұшан-теңіз болу керектігін жаздық. Ал ондай жан үнемі ізденіс үстінде, өзін дамыту жолында жүреді. Самурайдың тәртібі сынды кітаптарды екі қайтара оқығандығын айтып, «Лоуренс Аравийский», «Дерсу Узала» сынды фильмдерді көруді ұсынды. «Жақсы кітап пен фильм адамның қалыптасуына әсер етеді», – дейді кейіпкеріміз.

«Қазақстанның табиғаты әлі жасандылыққа бой алдырмаған, бәрі табиғи. Сонысымен құнды. Бағалай білсе екен»,– деп еді бір сөзінде Марко. Күнделікті жаттығудан бір сәт демалу үшін Талдықорғанның іргесіндегі Текелі, Қарабұлақ, Көксу сынды елді мекендердегі табиғатты тамашалауға шығады. Күш алады, ой сергітеді. Одан кейінгі әсерін жасырмай әңгімелеп, тамсанған жерлерін айтады.

«Әр елдің салты басқа, қонақ күтіп алуы өзгеше. Кей тұс біз ойлағандай болмауы мүмкін, бірақ әр нәрсеге құрметпен қарайық», – деді Филиппинге аяқ тигенде ойыншыларға. Ал оған дейін әуежайда бүкіл команданы өзі бастап жүріп, әр есіктен бірінші өтіп, кейінгілерге жөн сілтеп, билеттерін пысықтап, құжаттарын түгендеп тұрды. Үш-төрт тілді жетік білетіндігі сондай, еркін сөйлесіп, газет-журналды оңай оқиды. Азия чемпиондар лигасындағы әр ойын сайын волейболшыларды жігерлендіріп «Үздіксіз жаттыққан еңбектің көрінер тұсы осы. Жеңіске жетіп жатсақ, әр күнгі жұмысымыздың жемісі. Шамамыз жетіп тұрғанда жүлдемізді уыстан шығарып алмайық» деп қанаттандырып отырды. Осыған дейін ірі жарысты көрмеген ойыншыларды да сөзімен демеп жібергенде басын төмен салып келген волейболшы өзін тіктеп, сенімді жүріске көшеді. Марконы сыртынан «мықты мотиватор» дейміз. Қиын сәтте жаныңнан табылып, қуанышты кезеңде мерейіңді екі есе өсіріп тастайды. Әр айтқанын мысалмен өрнектеп, оқыған, көргенімен байланыстырғанда өн бойың шымырлап, көзіңе от пайда болатындай.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.