Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Үміт пен сенім кезеңі

23.05.2022
КҮЛТӨБЕ
Үміт пен сенім кезеңі
WhatsAppTelegramFacebook

Ел көңілі елеңдеулі. Жалпы жұртшылық алғы күннен бір жақсылық күтетіндей.  Оған ағымдағы жылдың 5-ші маусымына  белгіленген   Ата Заңымызға енетін өзгерістер мен түзетулерге байланысты жалпыхалықтық референдум да өз әсерін тигізіп отырғаны анық. Бұл жолы Қазақстан халқы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың:  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында  айтылған Конституциялық реформалардың жүзеге асатынына ден қойған.

    Президент ­­­­­­­­­­– айтты! Ел ­ – естіді. Мемлекет басшысының қызметі заң аясында ғана болатындығы, Заң ­­– бәрінен жоғары тұратындығы енді ғана ескеріліп жатқандай. Сонда осы күнге дейін несіне лепіргенбіз деген ой келеді кейде.  Оқисың. Салыстырасың. Зерделейсің. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылы қабылданған Ата Заңымызды екі жыл өтпей жатып ауыстырудың не қажеті болды екен деген оймен тұңғыш Конституциямызды да шолып шыққанбыз. Онда өркениетті елдерге тән демократиялық үрдістер, мемлекетімізді құраушы ұлт ­ – қазақ халқының мәртебесі, ата-бабаларымыздан мирас болып қалған кең-байтақ жеріміздің анықтамасы  тайға таңба басқандай жазылыпты. Ендеше неге жаңа Конституция қажет болды?!  Дейміз ғой баяғы… «Бақсақ бақа екен» демекші, 1995 жылы референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз бір адамның қалауы бойынша өзгерте беруге лайықталып, солқылдақ сыпат алғандай. Әйтпесе 98 баптан тұратын Конституцияға соңғы ширек ғасырда Парламент арқылы бес рет өзгерістер мен түзетулер енгізудің қанша қажеті бар еді. Атап айтқанда: 1998 жылы ­­­– 19, 2007 жылы – 41, 2011 жылы ­­– 1, 2019 жылы –1, барлығы 93 өзгеріс пен толықтыру енгізіліпті. Осының көпшілігі тұңғыш Президенттің құзіретін арттырып, авторитарлық жүйенің қалыптасуына ықпал еткенін енді ғана жарияға жар салып айтып жатырмыз.

    Жә, өткен  нәрсе өтті. Уақытты кері айналдыруға ешкімнің құдіреті жетпейтіні белгілі. Енді болашақта осындай оспадарлықтың қайталанбау қамын ойлаған абзал. Референдумға ұсынылып отырған түзетулер мен толықтырулар осы жағымен ерекшеленетінін баса айту керек. Әсіресе 6-шы баптың 3-ші тармағындағы: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық  атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер сондай-ақ Заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жекеменшікте де болуы мүмкін», – деген жаңа мәтін, жаңа емес-ау, 1993 жылғы Конституцияда көрсетіліп, кейінгісінде алынып тасталған бап жұртшылыққа жаққанын аңғардық. (Жеріміздің сатылып кете жаздағанына өзіміз куә).

    Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан уәдесін орындап, 43-ші бапқа: «Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауы тиіс. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары, мемлекеттік саяси қызметшілерің, квазимемлекеттік сектор субьектілері бсшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ» деген қосымшалар енгізуі де бәрекелді дегізер бетбұрыс дедік. Себебі, өткен 30 жыл ішінде «Нұр Отан» компартияның кебін киіп, Назарбаевтің әулеті мен айналасына топтасқан таңдаулылардың халық игілігін қалай тонағанын көзіміз көрді!. Бұл жерде 23-ші баптың екінші тармағындағы: «Республика Конституциялық  Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комисиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандайда бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс», – деген жолдар да көкейге қонымды екенін айта кеткен орынды.  Олай болмаған жағдайда әділдік үстемдік құра алмайтыны бесенеден белгілі. Осындай жөнсіздікке  қалайша төзіп келгенбіз деген ой тағы да қылаң береді?!

    Қазақстан халқы Ассамблеясынан белгіленетін депутаттар мәселесі бүгінге дейін жұртшылықтың  наразылығын туындатып келе жатқаны  жасырын емес.  Бұл, үміткерлердің  әділ тартыс арқылы, халықтық сайлау негізінде Парламентке келу заңдылығына кереғар  әрекет екенін әркім-ақ түсінеді. Жаңа түзетулерде аталған қоғамдық ұйымнан тағайындалатын депутаттар саны кемітіліп, Мәжілістен алынып, Сенатқа баратын болыпты.

    Қолданыстағы Конституцияда  мемлекетті құраушы ұлтқа қатысты жарытымды ешнәрсе жазылмағанын жоғарыда  айттық. Бұл Конституцияның алғы сөзі ­– преамбуласында анық көрсетілуі тиіс-тұғын. Соның нәтижесінде қазақтар өз елінде диаспора деңгейіне түсіріліп, өзге ұлт өкілдері тарапынан менсінбеушілікке ұшырауда. Тіпті, еліміздегі татулық пен тыныштық қазақ ұлтының мүддесін жаншу арқылы жүзеге асырылып отыр деуге қақымыз бар. Елімізде оқтын-оқтын болып тұратын ұлтаралық қақтығыстар осы сөзіміздің айқын айғағы десек, қателесе қоймаймыз. 

 «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім…», – деп зарлаған Сара ақындай, мемлекеттік тіл ­­– қазақ тіліне келгенде тіліміз күрмеле беретіні айдай әлемге әшкере болғалы қашан. Алғашында «Санымыз аз!» дедік, кейініректе «Күшіміз пәс!» ­­дедік, ұят дедік, пәлен-пәштүген дедік, осылайша босағада жатқан тілімізді төр емес, күресінге сүйреп тастаудың шақ алдына жетіппіз.  Осыны ойлап алаңдаған ұлт патриоттары мен тіл жанашырлары Конституциядағы орыс тілі туралы тармақты біржола алып тастау керек деп шырылдауда.  Алайда, бұл жайлы билікте бүлк еткен бүйректі байқай алмай келеміз. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дөп келіп тұрғанда осыны неге жүзеге асырмасқа. Бүгін болмаса енді қашан?!

    Биыл тәуелсіз елдің тарихында екінші рет өткізілгелі отырған референдумның көтерер жүгі жеңіл емес екенін түсінеміз. Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі деп көзделуде.  Бұл Ата Занын үштен бірі өзгереді деген сөз. Мұнда осыған дейін қалыптасқан суперпрезиденттік биліктен – күшті Президент, ықпалды Парламент жүйесіне көшу мақсаты қойылып отыр.  Сайлау жүйесіне, басқару баптарына, құқық қорғау саласына да елеулі өзгерістер енгізілмекші. Елімізді демократиялық бағытқа бастайтын, әділетті қоғам орнатуға қабілетті Жаңа Қазақстанды, бүгіндері айтып жүрген Екінші республиканы құру үшін осындай бір өзгерістің, тың серпілістің болуы шарт еді. Жаңарған  Конституция халық пен билікке осы ұлы мақсатты жүзеге асыруға ықпал етеді  деген үміт пен сенімнің жүрегімізде ұялағаны жасырын емес. Ендеше, бүгінгі қоғамды алаңдатып жүрген әлгіндей ой-пікірлердің басын біріктірген Жаңа Қазақстанның жасарған Ата Заңын қабылдауға бір кісідей қатысқанымыз жөн болар!

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ,
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.