Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ГЕРМАНИЯДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

02.02.2023
КҮЛТӨБЕ
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ГЕРМАНИЯДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

 «Alumni NIS» қағидаттарына айналған «OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL» сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды.

– NIS-тің мен үшін нағыз әлеуметтік лифтке айналып, үлкен мүмкіндіктер берген мекен екенін мақтанышпен айту үшін осындай тамаша сәтті күттім, – деп мойындады Hochschule Rhein-Waal студенті Амина Бақтиярова. Ол:

– Мен Өскемен қаласындағы Зияткерлік мектепке Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов атындағы қарапайым ауылдық мектептен түстім, ағылшын тілі мен химия пәнінен қиындықтар бірден пайда болды. Бір шет тілін меңгерудің аздық ететінін түсініп, неміс тіліне қызыға бастадым, 12-сыныпта IELTS емтиханынан 8.0 балл алып, қатарынан бірнеше университетке, соның ішінде Экономика жоғары мектебіне грантқа шақырту алдым. Мен Германиядағы Рейн-Вааль қолданбалы ғылымдар университетін таңдадым, Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Клеве қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта биоинженерия саласында оқимын, қазақстандық ғылымда, соның ішінде фармацевтикада өзімнің қолтаңбамды қалдыруды армандаймын. Бос уақытымда шығармашылықпен айналысып, ағылшын тілінде өлеңдер жазамын, екі кітап шығарып та үлгердім. Ауылымдағы мектепте оқып жүрген кезде шетелде білім алып, бірнеше тілді жетік меңгеремін деген ой мүлде болмаған. NIS маған үлкен мүмкіндіктер сыйлады, Зияткерлік мектепке түскеннен кейін өзіме деген сенімім артып, біздің басты қағидаттарымызға айналған «отан алдындағы жауапкершілік», «академиялық адалдық», «қоғамға қызмет ету» ұғымдарын бойыма сіңірдім, — деді ол.

Назарбаев Зияткерлік мектептері өз оқушыларына бірегей үміт пен мүмкіндік берді.  Кездесуге қатысушылар Германиядағы биохимия, цифрлық технология, машина жасау, инженерия, логистика және экология салаларында мамандандырылған үздік университеттерде білім алуда.

Бейбарыс Есенгелдин екі жыл бұрын Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-ті тәмамдады, мектеп президенті болды. Қазір Szent Istvan University-де оқиды. Жоғары оқу орнында Бейбарыстың жаратылыстану-математикалық бағыттағы академиялық дайындығы ғана емес, NIS-тің жан-жақты білімі мен маңызды адами қабілеттерге баулитыны таң қалдырды. Ал Талдықорғандағы Зияткерлік мектеп түлегі, бүгінде Technische Hochschule Würzburg-Schweinfurt студенті Назира Өмірбековаға ата-анасы осы кездесуге баруға кеңес берген. Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS түлектері Еликай Атабаева Мюнхен техникалық университетінде, Әдия Бекдәулетова Швайнфурт қолданбалы ғылымдар университетінде, Мадина Қарақұлова Мюнхендегі Людвиг және Максимилиан университетінде оқиды.

Басқосу барысында Кристина Муляр Павлодардағы NIS түлектерінің алғашқы легін таныстырды. Бүгінде ол Гамбургте жұмыс істейді. Мектептегі академиялық дайындығының арқасында университеттегі замандастарынан ерекшеленгенін мойындады. Петропавлдағы NIS-тен Ангелина Бендер Technische Universität Munchen-де цифрлық технологиялар саласын меңгерген, бүгінде ол Германиядағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірінде жұмыс істейді және сүйікті мектебінен мүмкіндіктер мен үлкен қолдау алғанын жасырмайды. Оралдағы NIS түлегі Данел Бегалиев Бранденбург қаласынан келді. Ол Котбус-Зенфтенберг техникалық университетінде қоршаған ортаны басқару мамандығы бойынша оқиды. Әлихан Нұрдәулет елордадағы физика-математика зияткерлік мектебін бітірген. Қазір Karlsruher Institut fur Technologie-де машина жасау мамандығында білім алуда.

Абдуллаким Замирбекуулу кездесудің күтпеген әрі ерекше қонағына айналды. Ол – болашақ дата-аналитик, The University of Messina-да білім алуда. Бішкек халықаралық мектебінің түлегі Абдуллаким Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне тән қасиеттердің арқасында табысқа жетудің жолын түсіну үшін Италиядан Франкфуртқа арнайы келді. Еуропаның озық университеттерінің үздік студенттері Зияткерлік мектепті тәмамдады, олар NIS бауырластығын мақтан тұтады, қиын уақытта бір-біріне қолдау көрсетіп, жеке оқиғаларымен шабыттандыруға әрқашан дайын.

– Зияткерлік мектептер түлектерінің басты артықшылығы – академиялық жетістіктер емес, адами қасиеттер, – деп мойындады Абдуллаким.

Германияның әр жерінде тұрып, білім алып жатқан кездесу қатысушылары алғаш рет Франкфурттегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығында жиналды. Дипломаттар тарапынан жасалған жайлы әрі отбасылық атмосфера, шынайы диалог пен дәмді дастархан үйлерінен жырақта жүрген балалардың көңілінен шықты.

– Бүгінде Германияда білім алып жатқан әрбір қазақстандық студент – өз елінің өкілетті өкілі, олар Абай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және қазақтың басқа да біртуар перзенттерінің рухани мұрасын әлемге танытуда, – деп атап өтті Франкфурт қаласындағы Бас консул Тауболды Үмбетбаев.

– Германиядағы кездесу желтоқсан-қаңтар айларында NIS түлектерінің туған жерінде басын қосқан бірінші «SAMGAU» форумының заңды жалғасы, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова:

– Зияткерлік мектептің әрбір оқушысы, мұғалімі, ата-анасы біздің түлектеріміздің Қазақстанды әлемге лайықты танытып, «Alumni NIS» қағидаларына айналған «отанды сүю», «әлемді өзгерту», «нағыз тұлға» болуды насихаттайтынын мақтан тұтады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

 

Қатысты жаңалықтар

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

28.07.2026
Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.