Талдықорған: +34°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ІНДЕТТІ ЖОЮ — МІНДЕТ

08.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ІНДЕТТІ ЖОЮ - МІНДЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Жемқорлықсыз қоғам заң һәм құқық үстемдігінің және әділетті қоғам құрудың алғышарттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік билікке халық сенімінің орнығуына, нарықтық экономика жағдайында инвестициялар тартуға, елдің ұлттық қауіпсіздігіне, жан-жақты дамуына қатер төндіретін індет және мемлекетіміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіретін теріс құбылыс. Бұл қатерлі дерт тек бізді ғана емес, бүкіл өркениетті мемлекеттерді де алаңдатып отыр.


Елімізде бұл бағыттағы заңнамалар жетілдіріліп, жауапкершілік шаралары күшейтілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босауына Қылмыстық кодекспен тыйым салынған, сондай-ақ тараптардың бітімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босату, кепіл белгілеу нормалары да кодекстен алынып тасталды. Қазіргі уақытта осы санаттағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айырумен бірге тәркілеу және еселеп айыппұл салу жазалары да қолданылады. Сонымен қатар, мемлекеттік билік, құқық қорғау салаларының қызметкерлері де көпшілікке сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен қалай күрес жүргізу туралы түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп келеді.

Негізінен құрамына лауазымдық қылмыстар кіретін сыбайлас жемқорлық қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Еліміздегі соттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, пара бергендердің және арадағы делдалдар жауапкершілігінің күшейтілуі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшот ашуына, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына шектеу қойылуы өз кезегінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жемқорлыққа жол бермеу азаматтардың белсенді қоғамдық позиция ұстануына тікелей байланысты. Әрбір жағымсыз әрекетке жаза берілетіні, оның адамның өз болашағы үшін жағымсыз құқықтық салдары болатыны, қазақы салт-санамызға, ар-ұжданымызға, ұятымызға нұқсан келтірілетіні туралы қоғамда үздіксіз түсіндірме һәм насихат жұмыстары жүргізілуі керек. Заңды құқығын жақсы білетін адам ешқашан сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді.

Мемлекетімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және өзге де заңдар мен құқықтық нормативтік актілер, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып жұмыс істеуде, сонымен бірге кадр таңдаудағы ашықтық саясаты да жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етуде.

Өскелең ұрпақты да осындай зиянды әрекеттерден сақтауда алдын ала шаралар қабылданып, олардың отбасында да отансүйгіштікке, ар-ожданды, ұятты, намысты болуға тәрбиелеу мен ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге бағытталған шараларды кеңінен жүзеге асыру керек. Осы мақсатта орта білім беру мекемелеріне оқушыларға құқықтық тәрбие беретін арнайы маман штаты беріліп отыр. Сонымен бірге жемқорлық, парақорлық әрекет жасағандарға қолданылған қылмыстық және өзге де жауапкершілік шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру да жемқорлық көріністерімен күресте тиімді әрекет болмақ. Себебі «Жаңа һәм әділетті Қазақстанды» құруда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі жемқорлықпен күресте жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Сыбайлас жемқорлық сияқты індетке бүкіл қоғам болып бірлесе қарсы тұру жан-жақты дамыған әділетті һәм өркениетті қоғамда өмір сүргісі келетін әрбір адамның міндеті екенін саналы түрде ұғыну, ал сол міндетті адал атқару баршаның бұлжымас парызы екенін түсінуіміз керек.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ, 
«Мейірім» арнаулы 
әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ заңгері
Жаркент қаласы

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.