Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨНЕГЕСІ КӨПКЕ ҮЛГІ

28 сәуір 2021
КҮЛТӨБЕ
ӨНЕГЕСІ КӨПКЕ ҮЛГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл жылжыған сайын Жеңіс күнін қарсы алатын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Мұқағали Мақатаев: «Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да», – деп жырға қосқан уақытқа ешкім тұсау бола алмайды.

Сұм соғыстың зардабын тартып, майданға қатысқан әрбір көзі тірі қария таңның атысы, кештің батысы «соғыс болмаса екен» деген тілекпен өмір сүруде. Бейбіт күнге шүкір айтып отырғандардың қатарында ақсулық ардагер Гаврил Моисеев те бар. Гаврил Степанович 1922 жылы 25 наурызда Ақсу ауданы, Қапал ауылында дүниеге келген. Әкесі Степан Моисеев «Жетісу» казак полкінде қызмет етсе, анасы Наталья Бедарева да казак полкінің құрамында болған. Жетісу казак әскерінің маңызды міндеттерін орындаған  ата-анасы ұлдарын да темірдей тәртіпте тәрбиеледі. 1929 жылы  Қапал бастауыш мектебінің табалдырығын аттаған Гаврил Моисеев 1939 жылы жетіжылдық оқуын аяқтайды. Содан кейін ол Қапал педагогикалық училищесінде білім алып, оның тек екі курсын тамамдаған. 1941 жылы соғыс басталғанда Қызыл Армия қатарына алынып, Семей қаласында 219-шы атқыштар дивизиясында әскери борышын өтейді. Сол жерде жүріп, Томбовтағы жаяу әскерлер оқу орнына жіберіледі. Содан бастап Қызыл Армия қатарында 1943 жылға дейін болды. 19 жасында Батыс Ресей майданына аттанады. Майданның түрлі бөлімшелерінде жүріп, шайқасқа қатысқан ақсулық ұлан Жеңіс күнін жақындатуға барын салады. Алайда 1943 жылы ауыр жарақат алғаннан  Алматы госпиталіне жіберіліп, емделіп шаққан соң І-топ мүгедегі ретінде туған жеріне қайтуға тура келеді.

Қайтып келгеннен кейін Гаврил Моисеев Қапал орта мектебінде әскери офицер болып жұмыс істеп, жастарды отансүйгіштікке баулыды. Осылайша еліне қорған болар ержүрек ұландарды тәрбиелеуге барын салды.  1946 жылы Қапал аудандық кинотеатрына жұмысын ауыстырып, 1973 жылға дейін әртүрлі қызметте абыройлы еңбек етті. 1973 жылдан бастап  күзетші болып жұмысын жалғастырды.

1945 жылы өмірлік жары М. Клименкомен шаңырақ көтеріп, 63 жыл бірге ғұмыр кешкен екеуі 4 ұл өсіріп, жеткізді. Жан жары 84 жасқа келіп, 2008 жылы өмірден озды. Келесі жылы екінші ұлы қайтыс болып, екі бірдей қаза қартты қажытты. Қазіргі таңда кенже ұлы мен келінімен бірге тұрады. Үлкен ұлы Украинада, үшінші ұлы Орал қаласында қызмет етіп жүр. Гаврил Моисеевтің өнегесі көпке үлгі, әсіресе, артынан ерген ұрпағы атасының ерлігін мақтан етеді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.