Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ — ҒАСЫР ТҰЛҒАСЫ

29 қараша 2018
КҮЛТӨБЕ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ - ҒАСЫР ТҰЛҒАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаткерлік беделін тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде қарауға болады. Себебі, оның есімі әлемнің жетекші саясаткерлерімен қатар аталады. Президентіміз халықаралық және құрлықаралық диалогтардың негізін қалаушы. Халықаралық саясаткер ретінде оның атқарған еңбегі аз емес. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасын ЕҚЫҰ мен БҰҰ-да өзінше дара орны бар елдердің қатарына айналдырды. Азиядағы өзара қозғалыс және бейбітшілік жөніндегі кездесуді, көптеген достық-іскерлік іс-шараларды ұйымдастырды.

 

Еліміздің  дамуы үшін бірнеше діңгегі мықты стратегияларды жарыққа шығарды. Бұл бағытта Қазақстанның білімін, мәдениетін, ғылымын, спортын, саясатын, әлеуметін, экономикасын қай жағынан болсын дамыту көзделіп, жолға қойылды. Соның ішінде, Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы ерекше. Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып отырады. Осыған байланысты өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып, көптеген қазақтың қаракөздері әлемнің атақты жоғары оқу орындарын тамамдап, елге қызмет істеуде. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың іске асырған идеяларының бір бөлігі ғана. Оның көпвекторлы саясаты бүгін өз жемісін беруде. Соның арқасында Қазақстан Республикасы әлемде өз орны мен тарихы бар мемлекетке айналып отыр.

Әлемдік деңгейде өзінің алғашқы саяси қадамын Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы Қазақ ССР басшысы болған кезде жасады. Ол бүкіл әлемге Семей ядролық полигонының жабылғанын және барлық қауіпті қарудан бас тартқанын айтып, жаһандық ұйымдарға атомды тек бейбіт жолда қолдануды ұсынды. Елбасының тағы бір еңбегі 2011 жылы өз жемісін берді. Бұрынғы КСРО елдерінің аумағында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес құрылды. Бұл кеңес тағдырдың жазуымен екі ел аумағында қалып қойған таныс-туыстардың еркін қозғалуына, капитал мен тауар айналымы жұмыстарының жеңілдеуіне әкелді. Мұндай нақты қадамдарға бару үшін басқа елдерге бірнеше онжылық кеткен еді.

Елбасымыздың бастамалары әлемдік ұйымдарға мүше болып қалумен шектелмейді. Ол әлем халықтарын бір-біріне жақындатуды қолға алды. Осы жолда ол әлемде теңдесі жоқ бірегей форум ұйымдастырды. Қазақстан төрінде әлемдік діндер мен рухани жетекшілердің съезі өтті. Осы іс-шарада Қазақстан әлемдік өркениеттер арасындағы мықты байланыстырушы алтын көпірге айналды. Мұнымен Елбасы әлем халқын жақындастыруда тек экономика ғана емес, рухани байланыстың да алар орны жоғары екенін дәлелдеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, бір жағынан, «Қазақстан – 2030» стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан, бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. «ҚАЗАҚСТАН – 2050» Стратегиясы экономика, кәсіптілікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясат, білім мен кәсіби біліктілік, Қазақстанның демократиялық дамуы, дәйекті және жорамалды сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм бағыттарын қамтиды. Соның ішінде, біз үшін өте маңыздысы, білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадр даярлау мен қайта оқытудың бағыттары. Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін,   Н. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет. Атап айтқанда, қолжетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы жастарымыздың жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуына мол мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бейнесі мен беделі – оның ішкі жан дүниесінің айнасы. Оны әлемдік тұлғаға айналдырған ақыл мен парасат, үлкен тәжірибе мен үнемі оқу, жаңашылдыққа бастау, мақсатқа жету, батыл шешімдер қабылдай алу қасиеттері. Ол – ғасыр тұлғасы!

Гүлзат ЖҮНІСОВА, 
Олимпиадалық резерв республикалық мамандандырылған  мектеп-интернат-колледжінің мұғалімі

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.