Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

24.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

Көз майыңды тамызып, бір затқа ұзақ зейін сала отырып жұмыс істеу адамды мезі ететіні белгілі. Бірақ, мезі болғаннан бұрын Құдай қолыңа өнер беріп, оны дамытпай жатып алу адамдығыңа сын болмақ. Еңбегің ел үшін, ұрпақ үшін болса онда сенің мәңгі жасап, көгеріп-көктегенің. Қол қусырып, құралақан күн кешу қасиет емес, қасірет!


Адам әр нені ойлағандығымен, қажырлы қарекет қылғандығымен адам. Талас-тартысы көп өмірде табандап тұрып алмасаң жүйткіген уақыт сені көз ілеспес жылдамдықпен сүйреп әкетпек. Сабыр Хиаг бойдағы өнерінің арқасында уақытқа есесін жібермей жүргендердің бірі. Әр сәтін қолөнердің дамуына арнап, түрлі бұйым жасауда. Адам адаммен алғаш кездескенде ныспысынан кейін «қай жердің тумасысың?» деп сұрайды. Кейіпкерімізге де әуелгі қойылған сауалымыз осы болды.

– Менің туған жерім Моңғолия астанасы Ұлан Батордың жанындағы Мандал дейтін ауыл. Онда 5 жасыма дейін ғана болдық. Табиғаты, тұрғылықты адамдары еміс-еміс есімде. Бала болған соң көп дүние жадыға сақтала бермейді ғой. Не десек те кіндік қан тамған жер туралы естігенде, иә, болмаса бейнесін көрсек жылы ұшырап тұратыны шындық, – дейді қолөнер шебері. 

Орынды өрнектелген ойға оғаш пікір білдіру әбестік. Әлемнің түкпір-түкпіріне тараған қазақтың өзіндік құндылықтарын қаз-қалпында сақтап, бүгінгі күнге жеткізгеніне есті жұрт риза. Туған жері басқа ел демесек, өскен жері Алакөл ауданына қарасты Жанама ауылы. Ол сол ауылдағы орта мектепте 11 жыл оқып, білім нәрімен сусындайды. Қанға сіңген өнер Сабырдың бойынан есейе келе танылды. Мектеп қабырғасында жүріп сурет салуға қызығушылығы ауады. 13 жасынан қолға қылқалам алып, бейнелеу өнеріне айрықша ден қояды. Әрине, әркім туа салып іс бастап кетпейтіні сияқты әр ненің мәнін естіп, көріп жүріп үйренеді. Одан бөлек, белгілі бір шыңды бағындыру үшін адамға ұстаз керегі ақиқат. Осы тұста оның қасынан табылған бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Нұрлан Керуенбаев болды. Ұстаз суреттің қыр-сырын өнерсүйгіш жасқа тереңінен түсіндіреді. Бойға жиған білік-білімін шәкіртінің санасына тоқытты.

Сабыр да мұғалімі Нұрлан Керуенбаевты қарым-қабілеті мықты, ізгілігімен асқақ тұлға деп дәріптейді. Тәлімін алған жастардың жаман болмағанын, көп оқушының шырағын жаға білгенін сөзіне арқау етеді. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» болатынын осыдан-ақ  аңғарсақ керек-ті.

Талант иесі алтын ұя білім ошағынан түлеп ұшқан соң оқуын Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жалғастырады. Оқу ордасында графика және көркемсурет факультетінен сызу және бейнелеу мамандығы бойынша білім алады. Мұнда жүріп балшық, сазбалшық, гипспен жұмыс жасауды үйренеді.

Дипломын қолына алып, маман атанған жас жігіт кейіннен ауылға, түлеп ұшқан мектебіне білімі артқан мұғалім болып оралады. Үйрену бір басқа, үйрету бөлек екені мәлім. Ол үшін де ынта-ықылас, биік парасат қажет. Сондай-ақ, ізденісің тоқтап қалмауы керек. Сабыр шәкірт оқыта жүріп кітап ақтарып, шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды зерделеп, өзі де осы іспен шұғылданып көреді. Қолдың икемі келіп тұрған соң талапшыл жас аянып қалсын ба, ағаш ойып, түрлі бұйым жасауды қолға алады.

– Ағаштан тұрмыстық бұйымдар жасап, оны әрлеу қазақ халқында бұрыннан келе жатқан дүние. Оны да бар ынтамен істемесең көзге оғаш, көңілге қонымсыз болмақ. Айтарым, кез-келген жұмыста әуелі адамға ынта керек. Ол бар кезде адам тауды да, тасты да үгітеді. Шебер ең алдымен ағашты таңдау, дайындау, сақтау сияқты шараларды дұрыс меңгеруі қажет. Су ағашты бабымен кептіру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кепкен соң барып қажетіңе жаратасың. Мүсіндеме – бейнелеу өнерінің бір түрі. Оның ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланылатын материалдарына байланысты болып келеді. Біздің елде өнердің осы түрі кең қанат жайған, – дейді ол.

Қолөнер шебері жасаған ағаш мүсіндерге қарап біз де таңғалыстық. Құдды бір зауыттан шыққан өнім сияқты. Шынтуайтында бұл Сабырдың өз қолымен жасаған тамаша өнер туындысы. Ағашқа ойылып суреттелген Абай мен М. Әуезовтың бейнелері айрықша шығармасының бірі. Көргенде «Абай жолы» романындағы көрініс көз алдыңа оралады. Бұл дүниесі де шебердің дарындылығын аңғартады. Одан бөлек, аю, тауешкі, ителгі, адам сұлбасы мен сәукелелі арудың қашалып жасалған бейнелері  еріксіз назарды аудартады.

Урамбайұлының күнделікті тұрмыста қолданатын бәкі мен кездіктің сан алуан түрін жасайтынын да айта кеткен жөн. Сабы ағаш пен аң мүйізінен және тағы да басқа шикізаттардан істелген бұйымға ел-жұрттан сұраныс көп екен.

Сабырдың бұл күні ізін басқан шәкірттері де бар. Ол жастарға көкейіндегі бар білгенін үйретіп, жан-жақты баулуда. Ең бастысы, қазақтың қолөнерін кейінгі буын ұмытпауы үшін қам қылып келеді.

– Балалардың арасынан осы өнерге бейімдерін тауып, дарынын ашып, таланттарын шыңдай түсуге ықпал ету өмірлік мақсаттарымның бірі. Қазақ қаракөздерінің қолынан бәрі келетінін ұғындырсам деймін. Қолөнер арқылы әлемге өз-өздерін танытса, ұлтымыздың ұландары нағыз шебер екенін паш етсе үлкен мәртебе болар еді. Өркениеттің өрісінде кең көсілу үшін ең алдымен өткенімізге ой жүгірткеніміз жөн. Кім екенімізді танысақ, тектіліктің не екенін ұқсақ адасып өзгенің жолына түспес едік, – дейді қолөнер шебері Сабыр Хиаг.

Шеберден тәлім алған оқушылардың жетістігі бір төбе. Олар бейнелеу өнері сайыстарынан үнемі жүлдемен оралады. Мектеп мақтаныштарының қатарында. Ұстаздары Сабыр да аудандық, қалалық, республикалық шеберлер додасының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.

Шебер жасалған мүсіндер мүсіншінің дара қолтаңбасын көрсетеді. Ал, оны жасау үшін үлкен еңбек пен дарын қажет. Сайын даламызда сабыры сарқылмаған Сабырдай табанды өнер иелерінің қатары көбейе берсе екен дейміз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.