Жаркент қаласында «Самұрық қазына» АҚ қаржысына са лынған 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы құны 1,7 миллиард теңгені құраған жаңа үйдің тұрғын дарына пәтер кілтін аудан әкімі Марат Сағымбек салтанатты жағдайда тапсырды.
Көпқабатты жаңа үйдің 40 пәтері әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектерге, басқа да баспанаға зәру жандарға берілді. Қалған 40 пәтер ұзақ жылдан бері баспана кезегін сарыла күткен мемлекеттік, ТЖҚ, полиция, медицина қызметкерлеріне тиді.
Тұрғындар Жаңа жылға сыйлық ретінде алған пәтерлер Панфилов ауданындағы тұрғын үй мәселесінің қолжетімділігін көрсетті. Былтыр ауданда жалпы 700 отбасына баспана берілді. Алайда әлі 5000 адам үй кезегін күтіп тұр.
Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы





