Талдықорған: +31°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОС БАУЫРЫМ — БАТЫРЫМ

10.05.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңіс. Осы құдіретті сөзді айтқан сайын Отан үшін от кешіп, ерлікпен қаза тапқан ағаларым есіме түседі. Олардың ерлігі ешқашанда ұмытылмайды. Өскелең ұрпақ патриот азаматтардан үлгі алсын деген ниетпен бауырларым жайлы естелік жазуды жөн көрдім.


Ұлы Отан соғысы талай жанның тағдырын үзді, талай адамның өмірін өзгертіп қана қоймай тағдырына балта шапты. Неміс фашистері сол кездегі Кеңес өкіметінің жеріне баса-көктеп кіргенде қазақ халқы да басқа  ұлт өкілдерімен бірге майданға аттанып, үлкен ерлік көрсеткені белгілі. Осынау тарихи оқиғаға менің де ағаларымның үлесі бар екенін мақтанышпен айтамын. Олар  сол кездегі Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Теректі ауылында дүниеге келген. Ғайса Мейірбаев 1909 жылы, Түктібай  Мейірбаев 1912  жылы дүниеге келген. Екі ағамызды әкем Мейірбай Дауренбеков өзінің атына жаздырған екен. Марқұм әкемнің бірінші әйелінен дүниеге келген осы екі ағамыз еді. Бірінші әйелі ашаршылық кезінде өмірден ерте өтіп, әкеміз екінші рет шаңырақ көтереді. 8 балалы үлкен отбасы болғанымыз бәріміздің басты байлығымыз. Мен әкемнің 60 жасында сүйген кенже қызымын. 

Бауыр деген бауыр етің емес пе? Олардың әр жетістігі қыз бала үшін үлкен жеңіспен пара-пар. Арада қанша жыл өтсе де бауырларым жайлы құнды деректерді жинақтау арманым еді. Үлкен ағаларым  Бекберген, Қожаберген Дауренбековтердің айтқан естеліктерін еске ала отырып, мұрағаттан қолда бар құжаттарды тексертіп, біршама деректерді жинастырдық.

Ағаларымның жастық шағы сол кездегі Қазақстандағы коллективтендіру кезеңі мен Голощекиннің қазақ халқына жүргізген саясатымен тұспа-тұс келген екен. Шаруаларды еріксіз күштеп колхоз қатарына кіргізіп, көшпелі қазақ халқына ауыр жұмыс істеткен күндер болған. Ал қылышынан қан тамған Голощекиннің саясаты қазақ халқын жойып жіберуге дайын еді. Бұл ауыр кезеңде қарапайым халық ағаларым сияқты көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға зәру еді. Төрт-ақ сыныптық білімімен ағаларым үнемі алғы шепте жүретін. Халық үшін қолдан келген істерін аямаған. Қысқасы, коллективтендіру саясатына белсене атсалысты.

Үлкен ағаларымның айтуынша, Ғайса ағамның мінезі салмақты, ата-анасына, ауылдастарына үнемі қамқорлық көрсетіп жүретін. Түктібай ағам болса, батыл мінезді, өткір тілді, айтқанынан қайтпайтын, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін азамат болған. Жігерлі азаматтар қарапайым халықтың басына түскен нәубетке қабырғасы қайысып, ел арасында түсіндірме жұмыстарын жиі-жиі жүргізіп, ауылдастарына барынша қолдау білдірген. Әрине, ол кезде хат танитын қазақ балалары саусақпен санарлық қана еді. Өз еркімен  ерікті түрде білімін жетілдіріп, жаңа саяси жүйенің жұмылдыру жұмыстарына белсене араласқан ағаларым ауыл адамдарына елде жүзеге асып жатқан шаруаларды үнемі айтып отырған. Олар жаңадан құрылған колхоздың басшылар тобында қызмет еткен. Қандай істің басы-қасында жүрсе де ауылдастарына қол ұшын созуды азаматтық парыз санаған. Мұның барлығы тарих қойнауындағы зұлмат жылдардың ащы естелігі.

Осындай қиын-қыстау заманнан әрең шыққан еліміздің жағдайы әрине, өте қиын еді. «Еңсемізді енді көтереміз бе?» деген шақта соғыс басталды. «Отан – оттан да ыстық» деген мақалды ұран еткен ағаларым Ғайса мен Түктібай (ВЛКСМ мүшелері) 1941 жылы Талдықорған әскери комиссариаты арқылы Теректі ауылынан соғысқа аттанады (бұл туралы деректер мұрағатта толық сақталған). Үйде ата-анасы мен Түктібайдың жары, кішкентай қызы, Ғайсаның жары қалады. Түктібай ағам ата-анасымен қоштасарда: «Сауылып тұрған сиырға қараңдар. Тек сол сиыр ғана сендерді сүтімен қоректендіреді. Күн суық болса үйдегі бір бөлмеге кіргізіп, асыраңдар. Бекбергенді оқытыңдар. Өскенде сендерге көмек береді» депті. Қоштасқанда айтқан ағасының сол сөзі 82 жастағы Бекберген ағамның әлі  есінде. Бауырының даусы құлағында жаңғырып тұр. Аманаты жадынан өшкен емес.  

Саптық және жауынгерлік дайындықтан өткен соң қос жауынгер Алма-Ата қаласына (қазіргі Алматы) келеді. 1941 жылдың желтоқсанында әскери эшелондармен Зеленоград қаласының ауданына келеді. Ары қарай Мәскеу қаласынан 37 шақырым қашықтықтағы Крюково стансысында Батыс майданының 20-армиясының 331-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданады. Бұл дивизия Брянск қаласының және Орлов облысының басқа қалалары мен аудандарының жұмысшылары мен алдыңғы қатарлы адамдардан жасақталған еді. 1941 жылдың 1 желтоқсаннан бастап 20  дивизия Батыс майданының құрамында Клинско-Солнечногорская операциясына қатысады. Фашистер Мәскеуге жақындап, Рогачев көшесімен қалаға 30 шақырымдай қалған екен. Дивизия фашистердің бірінші танк және 23-жаяу әскер дивизиясына шабуыл жасап, оларды тоқтатады. Бесінші желтоқсаннан бастап Мәскеу түбіндегі Батыс майдан әскерлерінің қарсы шабуылына қатыса отырып, дивизия жаудың 115 шабуылын тоқтатқан. Менің ағаларым осы дивизия мүшесі ретінде өз ерліктерін көрсеткен.

1942 жылдың қаңтар-ақпан айларында дивизия Шаховская қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шабуыл  жүргізеді. Наурыз-маусым айларында 5-ші, одан кейін 20-шы армия құрамымен Гжат бағытына келеді. Осы қатты шайқастың бірінде Ғайса Мейірбаев ауыр жарақат алып, оны госпитальға жібереді. Ал сол жерден еңбек лагеріне, әскерлерді азық-түлікпен және техникамен қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу үшін елдің шет аймақтарына  жіберіледі. Мұны біз үйге жазған хаты арқылы білдік. Ол жерде алған жарақаты өршіп, қайтыс болады. Ол кісінің жерлеген жері  туралы ешбір мұрағаттардан мәлімет табылмағаны өкінішті. 

Түктібай ағамыздың ержүрек мінезі мен жігерлі солдат екенін  байқаған әскер басшылары 394-ші бөлек барлау ротасына қабылданады. Ағам командирлердің берген тапсырмаларын бұлжытпай орындап, өте жақсы қабілеттерімен көзге түскен. Осындай жауапкершілігі мен іскерлігі арқылы көзге түскен Түктібай ағам барлау ротасының басшысы етіп сайланады. Бір жолғы үйге жазған хатында: «Қолға түсірген 12 неміс фашистерін  штабқа алып келдік. Ал жақында неміс офицерін жарақаттадым. Бойы екі метр екен. Өте қатты жауын жауып тұрғандықтан, арқама өңгеріп арқалап келуге тура келді. Үсті-басым  малмандай  су болды» деп жазады. Осылай үзбей майданнан хат келіп тұратын. Сондай бір сұрапыл соғыста ең бірінші жарақатын да алады. 1942 жылдың сәуір айында Түктібай 426-атқыштар полкына, 88-дивизиясына, Батыс майданының 31-ші армия құрамына қабылданады. 1942 жылдың қарашасында Түктібай Ржев қаласының маңында Калининский (қазіргі Тверь) облысы, Зубцов қаласының босатылуына қатысады. Соңғы жылдары отандық тарихнамада «Ржев шайқасы» термині енгізілді. Осындай кескілескен қан майданда, соғыста қаза болғандардың саны  және оның ауқымдылығы бойынша Сталинград шайқасымен салыстыруға болады. Зубцов жері Калининск қорғаныс операциясы бұзылған жер болды. Осы бір шайқаста Түктібай ағам бірінші рет жарақат алады. Зубцов  қаласы мен оның аудандары неміс басқыншыларынан босатылады. Тарихта қалған «Ржев шайқасы» атты кескілескен қан майданда Түктібайдың аман қалуы екіталай еді. Өйткені, сол майданда жарақат алғандардың санында шек жоқ болатын. Ағам бір ғаламаттың арқасында ғана тірі қалғанын айтып хат  жазған: «Біз тікелей шабуылға шыққан Ржев аумағында өлгендердің саны көп. Көптеген өлім алқабы мен өлім тоғайлары пайда болды. Күн ыстық, зың еткен жел де жоқ. Табаныңның астында мыңдаған солдаттың өлі денелері, оны көзбен көріп, ауызбен жеткізу мүмкін емес. Өліктердің көптігінен ішкен суымыздың өзі қан татиды. Кескілескен шайқастан кейін көз алдымызда «өлім алқаптары», «өлім даласы» пайда  болды. Атылған оқ, жарылған снарядтар мен бомбалар. «Отан үшін, Ел үшін, алға!» деп ұрандап көтеріліуің қанды ет тартқышқа тікелей  кеудеңді тосумен пара-пар». 

Тверь облысы әскери комиссариатының ресми деректері бойынша Зубцовск ауданында 40 әскери жерлеу орындарында 1941 жылдың қазанынан 1943 жылдың наурызына дейін Отанды қорғау кезінде қаза тапқан 42 мыңнан астам кеңес сарбаздары мен офицерлерінің сүйектері көмілген. Осы шайқастан кейін  Түктібай  88-атқыштар дивизиясының 426-атқыштар полкінің құрамында болып, Смоленск операциясына қатысады. 1943 жылдың 2 тамызында жаудың қорғаныс шептерін еңсере отырып, дивизия Смоленск маңындағы Сафонов ауданының Рыбки ауылында шабуыл жасайды. Жау қатарын ойсырата отырып, көптеген фашисті жойып, дивизия жауынгерлері де елеулі шығынға ұшырайды. Рыбки ауылы аймағында 31-армия басқа бөлімдерімен қосылып, бірге соғысты жалғастырады. Осы соғыста батырлардың өлімімен дивизия командирі, полковник А. Ф. Болотов қаза табады.

88-дивизияның 426-атқыштар полкі күшті қаруланғанымен тірі күш пен техникада үлкен шығын келтірген. Көптеген қарсы шабуылды, кескілескен шайқасты көрсете отырып, полктің бронебойщиктері 17 жау танктерін жойды. Дивизияның құрамалары жау қорғанысының тактикалық тереңдігін еңсере отырып, оларға қойылған міндеттерді  шеберлікпен орындап шыққан. Осы шабуылда Түктібай ағам екінші рет жарақат алып, тағы бір ерлігін көрсетеді. Ол үшін «За Отвагу» медалімен марапатталады. Мұрағаттан тапқан деректе: «За Отвагу» медалімен 1-батальонының Алматы облысы, Талдықорған ауданы РВК-нан шақырылған, партия мүшесіне кандидат Түктібай Мейірбаев жау қорғанысында  жалғыз қалып, алты фашисті атып өлтіргені үшін, екі рет жарақат алғаны үшін марапатталсын! 4. 08. 1943 жылы марапаттау бұйрығынан» деп көрсетілген.

Ағам және өзі сияқты жауынгерлермен бірге 6 тамыз күні 88-дивизия мүшелерімен 20 шақырымдай алға жылжып, неміс басқыншыларын біртіндеп шегіндірген. Осы шайқаста Түктібай    Мейірбаев 1943 жылдың 17 тамызында Смоленск облысы, Сафонов ауданының Рыбки ауылынан шығысқа қарай 300 метр қашықтық жерінде ерлікпен қаза тапқан. Рыбки ауылының бауырлас қабіріне жерленген.  Қазіргі таңда Рыбки ауылындағы қабірде 1 мың 296 жауынгердің бейіті бар. Ондағы 55 жауынгердің ғана аты-жөні белгілі.  Соның бірі – менің ағам. Смоленск қаласы аумағында қаза тапқандар, өз Отандарына  адал еді, Жеңіске деген сенім,  жауынгерлік бейнелері кейінгі ұрпақтың жадында қалары сөзсіз. Мыңдаған  кеңес жауынгерлері шайқастан қайтып келмеді. Олар мәңгі есте. Жат жерде жерленсе де,  тасқа қашалып аттары жазылса да, асыл бейнелеріңіз мәңгі есімізде. Қан майданда ерлікпен қаза болған бауырластар қабірін Рыбки ауылының оқушылары қарауға алған. Ерлікпен қаза тапқан әр сарбаз жас ұрпаққа үлгі, өнеге.  

Жеңіс бізге өздігінен келген жоқ. Ол елім деп еңіреген  менің ағаларым сияқты нағыз ерлердің, 17-18 жасар бозбала шағында майданға қару асынып кеткен боздақтардың ерен еңбегі мен ерлігінің арқасында келді. Бейбіт уақытта ағаларымның кіндік қаны тамған жерінде  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған үлкен ескерткіш тұр. Онда ағаларымның да аты-жөні жазылған. Бұл біздің әулеттің кейінгі толқыны үшін зор мақтаныш. 

«Ер есімі – ел есінде» дегендей,  ағаға деген сары  сағыныш, бауырға  деген сыйластық сезімінен туған осынау естелігім Жеңістің 75 жылдығына арналады. Алтын ағаларым біздер барда, еркін елдің ұрпағы барда рухтарың мәңгі өлмек емес!                                                    

Бекбике МЕЙРБАЙҚЫЗЫ
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.