Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ОРЫН БЕРІЛСЕ

07.08.2024
КҮЛТӨБЕ
ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ОРЫН БЕРІЛСЕ

Жетісу аграрлы өңір болған соң көпшілік күнделікті тұтынатын тауарларды жергілікті өнімге жатқызады. Алайда, олай емес. Облыста шетелдік өнімдердің үлесі әжептәуір салмақты. Бұл жағдай тек біздің аймақта ғана емес, өзге облыстарда да көптеп кездеседі. Яғни дүкен сөресіндегі заттардың 60-70 пайызы ғана отандық өнімдер саналса, қалғаны шетелден келеді.


Тақырыпты тарқатпас бұрын көкейде ондаған сауал туды. Жергілікті өнімдер сауда сөрелеріне түсе ме? Талдықорғандағы ірі сауда желілері тауар таңдауда шетелдік өнімдерге неге басымдық береді? Қоймалар жеткілікті ме? Үлкен сауда орындары тауар таңдарда қандай ерекшелікке сүйенеді? Дүкендерде отандық өнімдердің үлесі неге аз? Осы сауалдарға жауап іздеп, ой қорыттық.

Бүгінде елімізде интернет дүкендер қарқынды дамып келеді. Тиісінше оларға заттарын қоятын қойма қажет. Бұл ретте облыс тұрмақ, жалпы мемлекет көлемінде де азық-түлік пен жеміс-жидек сақтайтын қоймалардың тапшылығы анық білінеді. Былтыр облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жаркент жеріне сапарында қойма мәселесін реттеуді тапсырған еді. Оған бірден-бір себеп – ауданда жеміс-жидек сақтайтын орынның жетіспейтіндігі. Мәселен, былтыр Панфилов ауданына осы сала бойынша 1 млрд. теңгеге жуық инвестиция салынған. Тіпті, бұл облыстағы ауқымды жобалардың бірі ретінде қарастырылды.

Жалпы, облыста сыйымдылығы 39,7 мың тонна болатын 31 қойма бар. Нақтылап айтар болсақ, 25,2 мың тонналық 18 картоп қоймасы, 8,5 мың тонналық 7 көкөніс қоймасы, 5,9 мың тонналық 6 жеміс қоймасы жұмыс істеп тұр. Соның ішінде заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған 12 қойманың ішінде сыйымдылығы 11,8 мың тонналық 5 картоп қоймасы, 4,3 мың тонналық 3 көкөніс қоймасы, 5,4 мың тонналық 4 жеміс қоймасы бар. Ал өңірдегі ірі интернет дүкендерінің қойма желісі жетерлік.

– Біз тауарға тапсырыс бергенде бірден тұтынушыға жеткізуге тырысамыз. Өзімізде ұзақ сақтамаймыз. Өнімді мөлшерлеп қана аламыз. Тұтынушыдан қабылданған тапсырыс бірден сауда желілеріне жолданады. Олар бірден жауап береді. Біз жеткізу жағын мұқият қадағалаймыз. Осы күнге дейін тұтынушылардан арыз-шағым түскен емес. Уақытында жеткізіліп тұрады. Сондықтан қойманың қажеті шамалы. Кейбір сатушылардың жеке шағын қоймасы бар. Олар тауарды алдын ала алып, сақтап  сатады, – дейді «Тәтті» интернет дүкенінің иесі Анар Асылбекова.

Облыстың дүкендерінде өңірде шығарылған тауарлардың дені шикізат түрінде жүреді. Оған сүт, ұн өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны және жергілікті шаруа қожалықтарының көкөністерін жатқызуға болады. Сонымен қатар, шетелге ұн және құс өнімдерін импорттайтын фабрикалар бар. Атап айтсақ, «Ломман-Жетісу» ЖШС, «Көгер ЛТД» ЖШС сынды құс фабрикалары және «Турка» ЖШС, «Sardar Export» ЖШС секілді ұн өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың өнімі жергілікті сауда орындарына да түсіп тұрады. Одан бөлек, іздегенге Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен келетін өнімдер оңай табылады.

– Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың 2 тетігі жұмыс істейді. Оның ішінде «тұрақтандыру қоры» және кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру «айналым схемасы». Аталған тетіктерді іске асыру үшін бюджеттен 5,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде «тұрақтандыру қорын» қалыптастыру үшін 1,1 млрд. теңге және «айналым схемасы» кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беру үшін 4,7 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 23,6 мың тонна тауар жеткізуге шарттар жасалды. 8,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына интервенция жүргізілді, – дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Оның айтуынша, тұрақтандыру қорында 4,347 тонна тауар бар. Оның ішіне қант, ұн, күріш, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, картоп және сәбіз кіреді. Тұрақтандыру қорының тауарларын жеткізушілер қатарында «АзияАгроФуд» АҚ, «Өскемен май зауыты» ЖШС және «Көксу қант зауыты» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар бар. Өңірде осы тетік бойынша 17 тауар өндірушімен келісімшарт жасалған. Онда 10 мың тонна көлеміндегі 14 тауар түріне жеңілдік қарастырылған.

– Талдықорғанда әр аптаның соңында сенбілік базар жұмыс істейді. Оған жетісулық өнім өндірушілердің бәрі жиналады. Тіпті, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан тауарларымен қатар отандық өнімдер де сөреге шығады. Дегенмен, шетелден келетін тауардың бағасы арзан. Қытайдан келген қияр, қызанақтың бағасы қалтаға салмақ салмайды. Жеміс-жидектердің барлығы дерлік тәжіктердікі. Әрі тәтті, әрі аса қымбат емес. Қазір бағаны қадағалап жатқан ешкім жоқ секілді. Мысалы, осы сенбіде қиярдың бағасы 450 теңге болса, келер аптада 480-нен сатады. Оның алдында 400 теңгеден берген еді. Тұрақтылық жоқ, – дейді қала тұрғыны Айман Асаубаева.

Мамандардың мәліметіне қарағанда, бағаны тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 14,4 мың тонна көлеміндегі 17 тауар түрін жеткізуге арнайы келісімшарт жасалған. Атап айтсақ, 678 тонна күріш, 669 тонна І сұрыпты ұн, 64 тонна қарақұмық, 603 мың нан орамы, 21 тонна түтік кеспе, 8 352 тонна қант, 574 мың литр күнбағыс майы, 382 тонна сүт, 437 тонна қырыққабат, 520 тонна пияз, 679 тонна сәбіз, 1518 тонна картоп, 185 тонна сиыр еті және 6,6 миллион дана жұмыртқа әкелінуі тиіс. Бұлардың бағасы 6 пайызға арзан.

Бүгінде өңір аумағында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 8 әлеуметтік сауда нүктесі, «Смолл», «Магнум» және «Тоймарт» сауда желілері, сондай-ақ, «үй жанындағы» дүкендер арқылы келісімшартқа отырған тауарлардың үздіксіз тауарлық интервенциясы жүзеге асырылуда.

Мұхтар Күмісбек

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.