Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қоқыс өңдегендерге несие емес, тікелей төлем қажет – депутат

23.04.2025
КҮЛТӨБЕ
Қоқыс өңдегендерге несие емес, тікелей төлем қажет – депутат
WhatsAppTelegramFacebook

«AMANAT» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында қатты тұрмыстық қалдықты (ҚТҚ) басқару жүйесіндегі жаңа даулы тетік – Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі (ӨКМ, бұрынғы РОП) төңірегіндегі мәселелерді көтерді, – деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Алдымен әлем алқынып отырған ақпараттан бастайын, 2050 жылға қарай жер бетіндегі қоқыстың көлемі 3,4 миллиард тоннаға жетеді деп дабыл қағуда білетіндер. Бұл жерде біздің үлес те аз емес», –деп депутаттық сауалын бастады ол.

«Басы бар, аяғы жоқ әрекет»

Сәрсенғалиев Қазақстанда ҚТҚ сұрыптау мен қайта өңдеудің жүйелі іске аспай отырғанын атап өтті:

«Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықты сұрыптау мен қайта өңдеу басы бар, аяғы жоқ әрекет болып тұр. Салдарынан көлемі көпқабатты үймен бірдей қоқыс полигондары қаптап жатыр», – дейді ол.

ӨКМ тетігі неліктен бұрмаланды?

Депутат Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі қарапайым механизм ретінде ойластырылғанын, бірақ Экология министрлігі оны күрделендіріп жібергенін айтады.

«Бұл өте қарапайым жүйе, былай жұмыс істеуі керек еді: қоршаған ортаны ластаушы компаниялар қалдықтарды жинайтын, қайта өңдейтін орталықтарға атқарған қызметі үшін тиісті қаржыны төлейді. Болды… Бірақ қарапайым қарекетті Экология министрлігі қиындатып жіберді.  Яғни, қоқысты өңдеумен айналысатын компаниялар  атқарған жұмысы үшін өздеріне тиесілі ақшаны тікелей ала алмай қалды. Себебі ол төлемді «Жасыл Даму» ұлттық компаниясы 3 пайыздық несие түрінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы беруді ұйғарған. Бұған 200 миллиард теңге көзделіпті», – дейді депутат.

Мәселе – «Жасыл Даму» ұлттық компаниясынан төлемнің тікелей түсудің орнына, 3 пайыздық несие ретінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы берілуінде.

«Бұл мүлдем түсініксіз жағдай, себебі қоқыс өңдеген компания атқарған жұмысы үшін өзіне тиесілі қаржыны қордан несие түрінде алуға мәжбүр. Демек, министрлік қоқыс өңдеушілердің өздеріне тиесілі қаражатты 3 пайыздық кредит ретінде беріп отыр. Мұны қалай түсінуге болады?», – дейді Нартай Аралбайұлы.

Қор жұмысына қатысты сұрақ көп

«Біріншіден, Экологиялық кодекске сәйкес (388-бабы 1-тармақ 15-тармақша) Өнеркәсіпті дамыту қоры тек қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіп секторындағы жобаларды қаржыландыра алады. Демек, қалдықты жинаумен, сұрыптаумен және тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар қордың қаражатына қол жеткізе алмайды», – деді Н.Сәрсенғалиев.

Егер бұл салмақ жеңілдемесе, депутаттың айтуынша, өңірлерде қоқысты сұрыптау жұмысы мүлде басталмайды, ал полигондар көбейе береді.

Ұсыныс

Осыған байланысты депутаты бірқатар ұсынысты да айтты:

  1. РОП-қа утильдік төлемдерді төлеу тетігін қайта қарау қажет.

  2. Кімге тікелей төлем, кімге несие берілетінін нақты ажырату қажет. Мемлекет басшысы тапсырғандай, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» серпінді жобаларды несиелендіруі керек. Ал қоқысты өңдегендер өз еңбекақысын несие ретінде емес «Жасыл Даму»-дан тікелей төлем ретінде алуы шарт.

  3. РОП утилизациялық төлемнен түскен ақшаны қоқысты жинайтын, тасымалдайтын, сұрыптайтын ұжымдарға да беруі қажет. Себебі ең ауыр жұмысты атқаратын солар.

  4. Өңірлердегі қоқыс полигондарын азайтудың, өз міндетін дұрыс атқармаған компанияларға санкция салудың тетіктерін қарастыру керек.

  5. Уәкілетті орган жүйелі жұмыс істеймін десе, салалық қауымдастықпен бірлесіп, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесінің келісілген тұжырымдамасын қабылдауы керек. Содан кейін барлық нормативтік-құқықтық актілерді осы тұжырымдамаға сәйкестендіру қажет», – деді ол.

 

Депутат Сәрсенғалиевтің сауалы ӨКМ қаржысын бөлу тетігін түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Оның айтуынша, қоқыс өңдеушілер еңбекақысын «несие» емес, тікелей төлем ретінде алуы керек, ал «Өнеркәсіпті дамыту қоры» тек серпінді өнеркәсіптік жобаларды қаржыландырғаны жөн.

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.