Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Өзімді сүйреп жүріп тіршілікке қайта оралдым»: Бейсен Құранбектің жары

21 мамыр 2025
КҮЛТӨБЕ
«Өзімді сүйреп жүріп тіршілікке қайта оралдым»: Бейсен Құранбектің жары

Сурет: фотоколлаж kyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай алғаш рет ел алдына шығып ол туралы естеліктерімен бөлісті.

Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы KYN.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Гүлмира ханым тележүргізуші әрі журналист Дана Нұржігітке сыр шертті.

«Өмірден өткеннен кейін әрине маған оңай болған жоқ. Депрессияда болдым. Балаларымыз болғаннан кейін Бейсекеңнің ізін жалғастыру керек болған соң өзімді-өзім сүйреп шықтым барынша. Бастапқы кезде ол туралы әңгіме қозғалғанда көз жасымды эасыра алмай отыратынмын. Қазір салыстырмалы түрде сабырмен сөйлесе аламын. Өйткені Бейсекең туралы айтылу керек», — дейді марқұмның әйелі.

Ол Бейсен Құранбекпен алғаш танысқандары туралы айтып, етеліктерімен бөлісті.

«Мен Ақтөбенің қызымын. Алматыға аспирантураға оқуға келіп, “Спорт” газетіне корректор болып жұмысқа тұрдым. Ол жерде Сайын Тұрсынов деген кісі қызмет істейтін. Кейін білсем, мені сырттай бақылап жүріпті. Бір күні қасынан Бейсенді ертіп келіп, менімен таныстырды. Бас киімін көзіне түсіріп киіп алған. “Гулочка, мынау менің балам – Бейсен. Мені қалай сыйласаң, осы жігітті де солай сыйла” деді де, кете барды. Ал Бейсен ашылып көп сөйлей қойған жоқ. Тек “Қай жақтансың, атың кім?” деген қысқа сұрақтар қойды. Кейін Сайын аға “Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағатын адам” деп айтыпты. Сол сөзден кейін бе, Бейсен редакцияға жиі келе бастады. Ол кезде оның жасы 27-де еді. Сөйтіп жүріп танысып, кейін отбасын құрдық», – деді Гүлмира Зербай.

Марқұмның қырық күндігін беруге дайындалып жатқанда анасы ұлының қазасына төзе алмай көз жұмған. Артынша әкесі, одан кейін артынан ерген бауыры да о дүниелік болып кеткен.

«Біздің әулетке 2020 жылы шынында да кәдімгідей опырылып қалдық. Бірінші Бейсекең кетті. Қырқын береміз деп отырған кезде анамыз кетті. Бейсекеңнің қазасына жүрегі шыдамады. Одан кейін көкеміз кетті, Бейскеңнің туған әкесі. Үлкен әжеміз 100-ге таяп қалған жасында ол кісіге де оңай болған жоқ. Ол кісі де жан тапсырды. Бейсекеңнің өмірден өткенін айтқан жоқ болатынбыз. Ол кісі өмірден өтер кезінде қызы қасында отырып «Шеше балаңыз шақырып жатса бара қойыңыз» деп еді. Енемнің көзінен жас домалап түсті де, жарты сағаттан кейін жан тапсырды. Ол кісі баласын командировкада деп ойлаған. Соны күтіп жатқан. Содан әжемізді шығарып салдық. Одан қайын інім кетті Бейсекеңнің артынан ерген. Мұның барлығы оңай болған жоқ. Жалғыз маған емес, әулетімізге қатты тиді», — дейді марқұмның әйелі.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.