Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Парасатты жан еді

27.04.2022
КҮЛТӨБЕ
Парасатты жан еді

 

Адам – бар нәрсенің өлшемі, бір өзіне бүкіл әлемді сыйғыза алатын керемет күш. Ұлы ақын, данышпан Абай атамыз: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын», – деп талпынып, заманнан қалмай алдында жүргенді қалаған, өскелең ұрпақты да осы мақсатқа үндеген.

Қай адам болмасын – өз өмірінің суретшісі. Нағыз азамат күнделікті күйбең тірлікпен өмір сүріп қана қоймайды, оған ажар, түр беруге, өрнектеуге тырысады. Өзіне ғана емес, өзгелерге де шарапаты тиетін тұлғалар ғана нағыз адам, парасатты азамат саналады.

Адам атын осылай ардақтап, жүрген жерінде ізгілік нұрын шашып жүретін шарапаты мол, кісілігі зор абзал азаматтардың қатарына Әбен Мүлкібекұлын қосар едім.

1930 жылы Алматы облысы Балқаш ауданының №11 ауылында дүниеге келген Әбен Мүлкібекұлы қарапайым еңбек адамының шаңырағын шаттыққа бөледі. Әкесі Мүлкібек Арызбайұлы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлікпен қаза табады. Әбеннің туған ағасы да Отан үшін жанын қиған. Балалық шағы соғыстың ауыр жылдарына дәл келген Әбен ағамыз тылдағы еңбекке аянбай араласып, Отан қорғауға өз үлесін қосады. Соғыстан кейін өзі туып-өскен ауылда еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап қойма меңгерушісі, кассир міндеттерін атқарды. 1953–1964 жылдары Қарабек ауылында «Қызыл отау» меңгерушісі, 1965 жылдан 1990 жылы зейнетке шыққанға дейін «Құйған» кеңшарында автоклуб меңгерушісі болып қызмет етті.

Осы уақыт аралығында ол өз ісіне берілген білікті маман, озат қызметкер ретінде танылып, ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, мәдени өмірі жайлы келелі мәселелер көтерумен көзге түседі. Көп жылғы озық тәжірибесін насихаттап және ауыл өмірін қалай көркейту жайлы өз тұжырымын айтып Күрті аудандық «Шұғыла», облыстық «Jetisy», республикалық «Егемен Қазақстан» газеттеріне көлемді мақалалар жариялап тұрды.

Өнердің маңызды бір түрі саналатын киноны миллиондаған адам көреді. Көрермендер ой-өрісі мен білімін толықтырып, эстетикалық талғам, тәлім-тәрбие, жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады. Әбен Мүлкібекұлы осы тұрғыда кино өнерін жан-жақты зерделеп, қызметі барысында көрерменді гуманизм рухына, өнегелі, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелейтін отандық «Амангелді», «Ботакөз», «Абай әні», «Жамбыл», «Шоқан Уәлиханов», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Артымызда Москва», «Мәншүк туралы ән», «Менің атым – Қожа», «Алдар Көсе», «Атаманның ақыры» сынды фильмдерді көрсетуге зор мән берді.

Қарабек ауылындағы бұқаралық «Қызыл отау» мәдени-ағарту мекемесін басқарған жылдары Әбен ағамыз малшылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу, концерттер қою, сауық кештері мен саяси-көпшілік жиындарын өткізу, кітап, журнал, газет мақалаларын оқып беру сияқты іс-шараларды өткізуге зор еңбек сіңірді. Асыл азаматтың ауыл өркениетін жетілдіруге қосқан осындай ауқымды үлесін азырқана алмайсың. Бір адамдай адал еңбек еткен ол артына өшпес үлгі-өнеге қалдырды. Оның еңбегін елі де бағалады. Оған алған марапаттары айқын дәлел.

Әбен Мүлкібекұлына 1964 жылы малшыларға көрсеткен мәдени қызметі үшін облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағы президиумының Құрмет грамотасы табыс етілсе, 1979 жылы еңбекшілерге тәрбие берудегі жетістіктері үшін Қазақстан Коммунистік партиясы Күрті аудандық комитеті мен халық депутаттары Күрті аудандық Советі атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудан мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосқандығы партия мен үкімет тарапынан ескеріліп, Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының 1979 жылғы 19 сентябрьдегі Указы бойынша «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді. Ұзақ жылғы нәтижелі еңбегі үшін Халық депутаттары Алматы облыстық Кеңесінің 1985 жылғы 16 мамырдағы шешімімен «Еңбек ардагері» медалі табыс етіледі. Халық арасында көп жылдар бойы жемісті мәдени-ағарту қызметін атқарғаны, жас ұрпаққа рухани және эстетикалық тәрбие беруге белсене қатысқаны үшін Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының 1990 жылғы 20 сәуірдегі Жарлығымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.

Бұл Әбекеңе берілген марапаттардың бірқатары ғана. Шындығында Әбен Мүлкібекұлы социалистік жарыстан аудан бойынша 16 рет, облыс бойынша 4 рет жеңімпаз атанған. Мәдениет саласында 36 жыл елеулі еңбек ете жүріп 12 жас маманға тәлімгер болған, өз ісін жетік білетін, саяси сауаты жоғары, ұйымдастыру қабілеті ерекше ағамыз аудан, облыстың қоғамдық жұмыстарына да кеңінен араласты. Күрті аудандық мәдениет қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің мүшесі, Күрті аудандық Советінің депутаты болып сайланды. Күрті және Балқаш аудандарының Құрметті азаматы атанды.

Халқымызда «адамның ісі қандай болса, іші де сондай» деген мәтел бар. Бұл нақты өмір шындығынан алынғандай көрінеді. Әбен ағамыз қызметін мінсіз атқаруымен қатар қасындағы азаматтармен тонның ішкі бауындай табысып, түсінісіп жұмыс істеді. Үлкендердің арасында кішілігі, кішілердің ортасында үлкендігі сезілмейтін. Жүрген жерінде ақыл-парасаттың, адамгершіліктің ізгі нұрын сеуіп жүретін.

– Естеріңде болсын, «Ердің ісі – келіс, жаманның ісі – керіс». Егер адамдармен араласып, байланыс жасайтын болсаң тек өз жайыңды, өз қара басыңды ғана емес, сол сыйлас кісінің де қамын ойлап, оның сен туралы не ойлайтынына зер салғаның жөн. Егер сеніміне еніп сыйласа білсең ол азаматтың да әрдайым қасыңнан табылатыны даусыз, оның кілті – адалдықта, – деп қоятын қасындағы біздерге.

Зерделі де білімді Әбекең қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты ойын бейнелі тіл, нақыл сөздермен терең толғайтын. Күрделі мәселелерді өте дәл жеткізетін, ой шалымы кең, қысқа қайырыммен сөйлейтін от ауызды, орақ тілді шешен еді. Жауынгер халқымыздың асқақ рухы мен ерлік дәстүрі, ар-намысы, ел билеген көсемдер мен батыр, билердің ізгілікті істері жайлы өздігінен ізденіп жүретін. Адалдық, ізгілік, өмірдің мәні жайлы әңгімелері біздерді әрдайым баурап алатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-рәсім, жөн-жосықты жақсы білетін Әбекең жастарға жол сілтеп, ағалық көрсететін даналығын да байқатып еді.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, аға отбасы мен бала тәрбиесіне ерекше мән берді. Әбекең мен зайыбы Күлсін Ахатайқызы бақытты өмір сүріп, он үш перзентті тәрбиелеп өсірді. Балалары мен немерелері ержетіп, бүгінде Жаңа Қазақстанның болашағы үшін әртүрлі салада қызмет етеді. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегеніміз осы болар?!

Жаратушының жазуымен 2015 жылы бұл өмірден бақилыққа аттанған Әбен Мүлкібекұлының жүріс-тұрысы, жайдары мінезі, ақыл-кеңесі көңілімізде. Ақылшы ағамыздың бітім-болмысы көкейімізден ешқашан өшпек емес.

 

Әділхан ПІРМАНОВ,
тарихшы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.